140
Ислам және өнеге
«Аллаһтың рақымдылығымен сен оларға жұм-
сақтық таныттың. Егер қатал жүректі болғаныңда,
олар маңайыңнан тарап кетер еді»
183
.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) өзіне жасалған қастан-
дықтар үшін ешкімнен кек алуды көздемеген. Елшілік
міндетін орындап, Ислам дінін жая бастаған алғашқы
жылдары Құрайыштың азулы мүшріктері оны мазақтап,
келеке-қылжаққа айналдырып, жүретін жолдарына
тікен тастап, үстіне малдың қан-жынын төгіп, тасадан
тас лақтыратын еді. Бұнымен қоймай, сиқыршы, ай-
лакер, арбағыш, балгер, өлең шығарғыш деген секілді
жаланың неше түрін жабатын. Алайда олар қанша
жамандық жасаса да, Пайғамбарымыз шыдамдылық
танытып, ашуланбайтын. Өйткені ол қаттылыққа
қарағанда жұмсақтықтың анағұрлым артық екенін, там-
шылаудан танбаған су ғана тасты тесетінін, зорлықты
тек сүйіспеншілікпен ғана жеңуге болатынын жақсы
білетін. Жұмсақмінезділікті ол өз іс-әрекетімен үлгі
етіп көрсетумен қатар, бірқатар хадистерінде де үмбетін
осыған шақырған: «Қиямет күні Аллаһтың алдында
дәреже тұрғысынан адамдардың ең жаманы – мінезінің
дөрекілігінен жұрт қашатын адам», «Аллаһ тағала –
жұмсақ, әр ісінде жұмсақтық танытқандарды жақсы
көреді, жұмсақ мінезділерге нәсіп еткен игіліктерін басқа
ешкімге нәсіп етпейді»
184
, «Жұмсақтықтан мақұрым
адам – барлық жақсылық атаулыдан мақұрым»
185
,
«Адамдарға істің оңайын білдіріп, жұмсақтық танытқан
мүмин тозаққа түспейді»
186
, «Қай жерге жұмсақтық
183
«Әли-имран» сүресі, 159-аят
184
Mүслим,
Бирр уә сыла, 77.
185
Мүслим,
Бирр 75.
186
Ибн Мәсғудтан Тирмизи риуаят еткен.
141
Адами мінез – арға сын
ұяласа, сол жерді әсемдейді, жұмсақтық жоқ жерде
ақау пайда болады»
187
т.б.
Бір аймаққа сахабаларын жіберсе, «(Дінді)
ауырлатпаңдар, жеңілдетіңдер. Жек көргізбеңдер,
сүйдіріп үйретіңдер»
188
, – деп ескертіп, қаттылықтың
еш опа-жақсылық әкелмейтінін, қай кезде де жүрекке
жұмсақтықпен ғана жол табу керектігін ұқтыратын.
Бір жолы Пайғамбарымыз сахабаларымен мешітте
әңгіме-дүкен құрып отырғанда, сырттан кірген бір
бәдәуи әлден уақытта мешіт шетіне барып кіші дәрет
сындыра бастады. Оның бұл қылығын көрген сахабалар
ашумен өре түрегелісті. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.)
оларға: «Тиіспеңдер, аяқтасын. Артынан ол жерге бір
шелек су төгерсіңдер, өйткені сіздер қиындатуға емес,
жеңілдетуге жіберілгенсіздер», – деп басу айтты. Іле
әлгі бәдәуиді қасына шақырып, қателік жасағанын жай
сөзбен былай деп түсіндірді: «Мұндай мешіт орындары
дәрет сындыруға, я болмаса, басқа да ластықтар үшін
арналмаған. Мешіттер Аллаһты еске алып, намаз оқу
үшін, Құран оқу үшін салынады»
189
.
Негізі, сахабаларға қарағанда бұған Пайғамбары-
мыздың көбірек ашулануы керек еді. Неге десеңіз, өзі
бас болып салдырған әрі тек ғибадатқа ғана арналған
мешітте жасалған бұл іс дөрекіліктің сойқаны болатын.
Алайда Пайғамбарымыз (с.а.с.) бәдәуидің оны әдейі
емес, білместікпен жасағанына түсіністікпен қарап,
барынша жұмсақтық танытты. Кешіріммен қарап,
сабырға салды. Өйткені Екі жаһан сардары (с.а.с.) на-
шар қылықты адамға жұмсақмінезділік танытқанда ғана
187
Мүслим,
Бирр 78.
188
Бұхари,
Ілім 11,
Әдаб 80.
189
Бұхари,
Уду 58,
Әдаб 80.