Ислам және өнеге



Pdf көрінісі
бет53/71
Дата31.12.2021
өлшемі1,62 Mb.
#21968
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   71
Байланысты:
2 5467766300094762707

Ислам және өнеге
(с.а.с.)  тірі  екенін  айтса  да,  өз  көзімен  көрмейінше 
көңілі көншімеді. Жанындағылардан Аллаһ расулының 
қайда екенін сұрап алып, бөгелместен сол жаққа қарай 
бет алды. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) тірі екендігін өз 
көзімен көріп қуанғаннан Сүмәйраның жанарынан жас 
ыршып  кетіп:  «Әке-шешем  жолыңда  құрбан  болсын, 
уа, расулаллаһ! Сен тірі болшы, басқа қиыншылықтар 
түк емес», – дейді
216
.
Ислам тарихшыларының сөзіне сүйенсек, әйелдер 
дін үшін Исламдағы соғыстарда айтарлықтай белсенділік 
танытқан.  Тікелей  қару  алып  шайқасумен  қатар,  ке-
рек кездерінде түрлі қызметтер де атқарған. Айталық, 
Исламның  алғашқы  кезеңінде  мұсылман  болған 
әйелдердің кейбіреулері жасырын тыңшылық қызметін 
атқарды.  Олар  мұсылмандарға  мүшріктердің  қитұрқы 
жоспарларын астыртын жеткізіп тұрды. Пайғамбарымыз 
(с.а.с.) Мәдинаға ірге көтеріп, қоныс аудармақ болғанда, 
оған  таң  алакеуімде  қастандық  жасамақ  болған 
мүшріктердің  арам  пиғылын  мұсылмандарға  алдын-
ала хабарлаған Рукәйка бинт Әби Сайфи еді. Сол түні 
Аллаһ  елшісінің  төсегіне  Али  (р.а.)  келіп  жатып,  үй 
торыған  дұшпандар  Пайғамбарымыздың  қай  уақытта 
үйден шығып кеткенін сезбей қап, айлалары іске аспай, 
сан соғып қалып еді
217

Сол  жолы  Мәдинаға  һижрет  етіп  бара  жатып 
мүшріктерден жасырынып, үңгірді паналаған кездерінде 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) бен қасындағы өз әкесіне Әбу 
216
  Ибн Кәсир, әл-Бидая, 4/54; Сахабилер ансиклопедиси, 2: 796-
798.
217
  Ибн  Сағыд  Мухаммед  Әбу  Абдиллаһ,  әт-Табақатул-кубра, 
VIII, Бәйрут, 1968. Б. 52.


163
Тәрбиенің негізі – имандылық
Бәкірдің қызы Әсманың тамақ тасып, басқа да керек-
жарақтарын жеткізіп тұрғаны тарихтан белгілі
218

Имам Бұхари «Китабул-жиһадта» біз жоғарыда сөз 
еткен әйелдердің соғыстарда атқарған қызметтерін мы-
надай жеті бапта ашып көрсеткен: 
«Әйелдердің жиһады»; 
«Әйелдердің теңіз сапарларына қатысуы»; 
«Сапарда ер кісінің әйелін қасына алуы»; 
«Әйелдердің соғысы, еркектермен шайқасы»; 
«Соғыста әйелдердің еркектерге су тасуы»; 
«Соғыста әйелдердің жараланғандарды емдеуі»; 
«Соғыста жаралылар мен өлілерді әйелдердің шет-
ке тасуы». 
Ислам  үкімдерін  әйелдер  де  ер  кісілерден  кем 
меңгермеген. Бір ғана Айша анамыздың өзі дінге көп 
еңбек сіңірген. Керек кезінде Айша (р.а.) әскер қолын 
да  басқарған.  Сонымен  қатар,  ол  көпшіліктің  сый-
құрметіне бөленген дін ғалымы болған, пәтуа беретін 
биік  деңгейден  көрінген.  Жастарының  ұлғайғанына 
қарамастан  кей  сахабалар  білмеген  нәрселерін  келіп 
Айшадан  (р.а.)  сұрайтын.  Келтірген  айқын  дәлелдері 
Айшаның (р.а.) пікірін оларға еріксіз мойындататын
219

Тіпті  хазірет  Омардың  (р.а.)  өзі  білмеген  нәрсесін 
хазірет  Айша  анамыздан  үйренетін.  Оның  әсіресе 
сүннетке қатысты мәселерлерді жиі сұрайтын бірден-
бір адамы осы Айша анамыз еді. Хайра бинт Әби Ха-
дра  әл-Әсләми,  Умәйма  бинт  Абд  ибн  Бижад,  Рукай-
218
  Бухари  Әбу  Абдиллаһ  Мухаммед  ибн  Исмаил,  Сахих,  IV, 
Станбул, 1981. Б. 13.
219
  Хазірет  Айшаның  (р.а.)  бұл  қасиеттері  жайлы  кеңірек 
мәлімет  алу  үшін  қараңыз,  Б.  әз-Зәркәши,  әл-Ижаба  ли 
иради ма‘стадракатһу ‘Айша ‘алас-сахаба, ауд. Б.Ерул, Хз. 
Айшенин сахабейе йөнелттиги елештирилер, Анкара, 2002.


164
Ислам және өнеге
ка  бинт  Хуәйлидтің  қызы  Умәйма,  Зейнеп  бинт  Қайс 
(р.анһунна) секілді есімдерді де ұстаздық жасап, Ислам 
дінінің  кеңірек  тарауына  үлес  қосқан  әйел  кісілердің 
қатарында айта кетуге болады.
 Айша анамыздан (р.а.) табиундардан
220
 Саид ибн 
Мусәииб, Әлқама ибн Қайс және Мәсрук ибн әл-Әжда 
сияқты  хадис  алыптары  хадис  риуаят  еткен.  Сахих 
хадис  кітаптарында  Айша  анамыздың  (р.а.)  берген 
пәтуалары өте көп кездеседі. 
  Хазірет  Айша  (р.а.)  Пайғамбарымыздың  (с.а.с.) 
өмір  бойы  ешқандай  қызметшіні  ренжітпегенін, 
ешқандай әйеліне қол көтермегенін айтады. 
Аллаһ тағала: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет