Ислам және өнеге



Pdf көрінісі
бет46/71
Дата31.12.2021
өлшемі1,62 Mb.
#21968
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   71
Байланысты:
2 5467766300094762707

Ислам және өнеге
оның түзелетінін жақсы білетін. Жиырма үш жылдық 
тәлім-тәрбие  жұмысында  Пайғамбарымызды  зор 
табысқа  жеткізген  жайттардың  бірі  –  оның  кешірімді 
әрі өте жұмсақмінезді болғандығы екенін осы мысал-
дан айқын аңғара түсудеміз.
Пайғамбарымыз  (с.а.с.)  шаңырағындағы  қызмет-
шілеріне  де  барынша  жұмсақмінезділік  танытатын. 
Айтқанын  істемесе  не  ұмытып  кетсе,  сыпайы  түрде 
ғана себебін сұрайтын. 
Сахабаларымыздан  Әнас  ибн  Мәлік  Пайғам-
барымыздың бұл қасиетін былай деп еске алады: «Он 
жыл бойы Аллаһ елшісіне (с.а.с.) қызмет қылдым. Он 
жылдың ішінде бір де бір рет мені сөккен емес, бір істі 
істемесем, «Қап, соны істеуің керек еді» деп, не болма-
са «Бұны неге бұлай істедің?» – деп қабақ шытқанын 
көрген емеспін»
190
.
Аллаһ тағала қатты азғындаған Перғауынды тура 
жолға шақыру үшін Мұса мен Һарұн пайғамбарларды 
жұмсағанда, 
«Барып  оған  жұмсақ  сөз  айтыңдар,  мүмкін 
насихаттарыңа құлақ салар, бәлкім үрейленер»
191
 деп, 
жұмсақтықты  негізге  ала  отырып  майда  тілділікпен, 
жылы-жылы сөз бастау керектігін үйреткен.
Бірде Халифа Мәмунға бір кісі келіп, қателіктерін 
бетіне басып, қатаң ескертулер жасай бастағанда, Ха-
лифа  оған  қарап:  «Әй,  сенің  мына  дөрекілігіңді  неге 
жатқызуға  болады,  кішкене  жұмсақтау  болсаңшы?! 
Аллаһ  тағала  сенен  де  жақсы  кісілерді  (Мұса  мен 
190
  Бұхари, Әдаб, 39.
191
  «Та-һа» сүресі, 44-аят.


143
Адами мінез – арға сын
Һарұнды)  менен  де  нашар  адамға  (Перғауынға) 
жіберерде, жұмсақ сөйлеу керектігін айтпап па еді?!» 
– деп, жоғарыдағы оқиғаны еске алып, жұмсақ тілмен 
айтылған  насихаттың  ғана  адамға  пайда  беретінін 
меңзеген. 
Пайғамбарымыздың  (с.а.с.)  өмірбаяны  жазылған 
кітаптарда  оның  өте  кішіпейіл,  мейірімді  әрі 
жұмсақмінезді  жан  болғандығының  мысалдары  көп 
кездеседі.  Сахабалардың  айтуынша,  Аллаһ  елшісі 
(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәллам)
 
тумысынан  қатал  кісінің  өзін 
ерекше ілтипат, жылы жүз, жұмсақ тілімен демде бау-
рап, өзіне үйіріп әкететін. 
Пайғамбарымыз  (с.а.с.):  «Аллаһ  тағала  барлық 
тіршілік иелеріне жақсы қарауды бұйырды. Олай бол-
са, мал бауыздағанда да, оны қинамаңыздар. Малды ба-
уыздарда пышақтарыңызды жақсы қайрап, оны жұмсақ 
бауыздаңыздар»,  –  деп,  тіпті  мал  бауыздағанда  да 
жұмсақтық пен аяушылықты ұмытпауды ескертетін
192

Үнемі  Аллаһ  елшісінің  (с.а.с.)  жүзінен  нұр, 
жүрегінен жылу төгіліп тұратыны әр сахабасы секілді 
Амр  ибн  Асқа  да  қатты  әсер  еткені  соншалық  –  ол 
да  Пайғамбарымыздың  ең  жақсы  көретін  адамы  мен 
шығармын  деген  ойға  қалған.  Тіпті  бірде  шыдамай: 
«Уа, Аллаһтың елшісі, айтыңызшы, Әбу Бәкірді көбірек 
жақсы көресіз бе, жоқ мені ме?» – деп сұраған да еді. 
Пайғамбарымыздың  өзіне  жақын  сахабаларына  жиі 
көрсеткен бұндай жылы жүзділігі мен ыстық ілтипаты 
– үлгі-өнеге аларлық сүннет екені сөзсіз. 
Ибн Аббастың риуаят етуінше, хазірет Мұхаммед 
(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)
  Абдулқайысұлдарынан  Әшажға: 
«Сенде  Аллаһ  сүйетін  екі  тамаша  қасиет  бар:  ол 
192
   Мүслим, Сайыд, 57.


144
Ислам және өнеге
жұмсақмінезділігің  мен  ықтияттылығың»,  –  дегенде 
де,  бұл  екеуі  Құдай  сүйетін  ең  керемет  мінез  екенін 
білдірген
193

Ақын  ағамыз  Мұқағалиша  айтқанда,  «Тайраңдап 
алды-артына қарамайтын түйсіксіз тайлақ» іспетті аду-
ын не дөрекілік – көңілді қаралап, жанды жаралайтын, 
көргенсіздіктен туатын қаншалықты нашар қылық бол-
са, майдай жұмсақтық, иілгіштік, кешірім жасай білу – 
тектіліктен, имандылықтан, көргенділіктен өріс алатын 
соншалықты ұнамды әрі зәру қасиет. 
«Сен  қатал,  ашуланғыш  болған  сайын  ісің  өрге 
баспайды. Өзің жылы жүз таныта алмасаң, ел де саған 
инелерін  шығарып  домалана  қалған  кірпі  секілді 
көрінері  рас»  деген  мәнді  сөздің  иесі  әулие  Мәулана 
Руми бірде намаз оқып жатқанда, үйіне бір қайыршы 
бас  сұғыпты.  Мәулананың  намазға  қатты  тұңғиықтап 
кеткенін  көрген  қайыршы  дереу  бір  кілемшені  ұрлап 
шығып  кетсе  керек.  Мұны  байқап  қалған  көршісі  ол 
ұрыны базарда әлгі кілемшені сатып жібермек болып 
тұрған  жерінен  ұстап  алып,  ұрып-соғып  Мәулананың 
алдына алып келіпті. Сонда әлгі ұрының кейпін көріп 
жаны ашыған Мәулана «Алса, бәлкім, керек болғаннан 
кейін  алған  шығар,  соған  бола  бұл  байғұсты  ұрып-
соқпай, қолынан сатып-ақ ала салсаң болмас па еді», – 
деп аяушылық танытса керек. Апыр-ай, Пайғамбарымыз 
үйреткен  кешірімділік  пен  жұмсақмінезділікті  бойы-
на  осыншалықты  сіңірген  жандарға  не  деуге  болады! 
Өзіне  жамандық  жасап  тұрған  адамның  өзін  кешіріп, 
жанашырлықпен қарай білу, оған қайта жақсылық жа-
193
  Мүслим, Иман 25, 26.


145


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет