Адами мінез – арға сын
сау – Ислам тағылымын терең меңгерген жандарда ғана
кездесетін асыл қасиет болса керек!
194
Мұсылманшылықты ұстанған ата-бабаларымыз
да халық арасындағы бауырмашылдық пен бірлікті,
ынтымақ пен ағайындықты нығайтуда әрқашан
жұмсақмінезді болуды насихаттаған.
Әбубәкір Кердері бабамыз (1861-1905) бұл
қасиеттің бойдағы жылу, жүректегі иманнан келетінін
білдіріп:
...Нұр иманның белгісі –
Көңліміздің жұмсағы! – десе, оны Әсет
Найманбайұлы (1867-1923):
...Мамықтай мінезіңді жұмсақ қылып,
Жылы жүз, тәтті сөзбен мақтауға тол, – деп
толықтырады.
Ал Ахмет Яссауи бабамыз мұсылман баласының
бір-біріне тым қатал болып кеткенін сынға алып, оны
заманның сұмдығына балап, ашына өлеңге қосқан:
Мұсылман мұсылманға болды қатал,
Нақақ істеп хақ жұмысын бұзды батыл.
Мүрит пірге жылы жүзбен болмай жақын
Ғажап сұмдық замана болды, достар!
«Басына қонған бақыттың тұрақты болуы адамның
жақсы мінез-құлқына байланысты» деп әл-Фараби ба-
бамыз ой қозғаған жақсы мінез-құлық турасында Алаш
ардақтыларынан Міржақып Дулатұлы да шет қалмай:
Майда бол, жігіт болсаң тал жібектей,
194
Шамсаддин Ахмад әл-Афақи, Манақибул Арифин, Тахсин
Языжы (Анкара: Түрік Тарих куруму басымеви, 1959), том І,
405.
146
Ислам және өнеге
Жақсы емес қатты болуы тікенектей, – деп,
қаттылықты тиіп кетсең денеңді жарақаттайтын
тікенекке ұқсатқан.
«Көңілі жұмсақ адамның – күрмеуін Аллаһ шешеді»,
– деп, Шәкәрім бабамыз атаған биязымінезділік пен
жұмсақтық, сыпайыгершілік пен майда тілділік әсіресе
үлгілі сөз айтып, ұнамды ақыл-кеңес беретін, тәлім-
тәрбие, үгіт-насихат жұмыстарымен айналысатындарға
қатты керек екенін ескерсек, бұны Әріп Тәңірбергенұлы
бабамыз өз өлеңінде тамаша жеткізген:
Болмайды насихатшы неге жұмсақ,
Майда тіл әсер қылмақ түбін қусақ.
Ақырып айтқан сөзден көңіл қалар
Сағынар тәтті сөзге әркім сусап.
Мұсаны перғауынға жіберді Хақ,
Сөз айтсаң, әмір қылма, жұмсақ боп бақ.
Жұмсақ сөзбен тәрбие тез ұғылмақ
Көзі барлар көрмей ме осыны нақ?!
Осы бір халыққа жағымды мінез турасында мына
бір тәмсіл де өз мәнін жоймақ емес:
Бірде екі сатушы қатар тұрып біреуі лимон,
екіншісі тәтті алма сата бастапты. Бірақ неге екенін,
лимон сатып тұрғанның саудасы жақсы жүріп, алма
сатып тұрғанға көбіне-көп ешкім беттей қоймапты.
«Тәтті тұрғанда елге қышқыл ұнағаны қалай, тәтті ал-
мамнан неге жұрт алмайды?» – деп ойлаған екінші сау-
дагер бұның мәнісін білмек болып бір данышпанның
алдына барыпты. Сонда данышпан оған: «Сен тәтті са-
тып тұрғанмен, түрің суық, қабағың қату екен, ал анау
қышқыл сатқанмен, жылы жүзді, майда тілді екен. Ел
өңі жылы, сөзі жұмсақ адамдарға көбірек үйір келеді.
Бұның бар мәнісі осы», – деп түсіндірген екен.
147
Адами мінез – арға сын
Расында да жұмсақ сөйлеу, жылы жүзді болу адам
мен адамды жақындастырып, достыққа, бауырластыққа
шақырса, түксиген қабақ, түңкиген мінез, бырқыл
жауап, дөң айбат не дөрекі сөйлеу – адамның жеке
мәдениеттен жұрдай екенін сездіріп, адамды адамнан
суытады, көңілін қалдырып, өкпе-ренішке соқтырады.
Дөрекі сөйлеген адамға қандай жауап айту
жөнінде хазірет Али: «Дөрекі адамға сөз қайтарам деп
әуре болмаңыз. Өйткені оның басқа да дөрекі сөздері
жетерлік. Жауабыңызға тағы сондай құлаққа түрпідей
тиетін дөрекі жауап қайыруы мүмкін. Надан адамға
әзіл айтып та бекер, найзадай сөзімен көңіліңізге қаяу
салып, бойыңызды мұздатады», – десе, Абай атамыз
да дөрекі адамдарға дәл сондай дөрекілікке салынып
жауап берудің жөн еместігін білдіріп: «Ит тістеді екен
деп, мен де барып итті тістесем, аузымда не қасиет
қалады?!» – деген екен.
148
С
Достарыңызбен бөлісу: |