Ислам және өнеге



Pdf көрінісі
бет54/71
Дата31.12.2021
өлшемі1,62 Mb.
#21968
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   71
Байланысты:
2 5467766300094762707

«Сондай-ақ  олармен  (әйелдермен)  жақсы  шы-
ғысыңдар.  Егер  оларды  жек  көрсеңдер,  сендердің 
жақтырмаған  нәрселеріңде  Аллаһтың  көптеген 
жақсылығы  болуы  мүмкін»
221
  деп,  отбасында  ыдыс-
аяқ сылдырлаған жағдайда сабырға келуге, әйелдің бір 
қылығы  жайсыз  көрінген  жағдайда  қатты  ашуланып, 
қателіктерге ұрынбауға шақыруда. Жаратушы иеміздің 
қай ісінде де біз білмейтін талай хикмет, жақсылық жа-
татынын еске салуда. 
Әйелді ұру былай тұрсын, күйеуінің оған ренжуін 
де  дұрыс  санамаған  Аллаһ  елшісі:  «Мүмин  ер  кісі 
мүмин бір әйелге ашуланып ренжімесін. Адам әйелінің 
220
   Сахабаны көрген кейінгі буынның атауы.
221
  «Ниса»  сүресі, 19-аят.


165
Тәрбиенің негізі – имандылық
бір  мінезін  ұнатпаса,  басқа  мінезіне  риза  болады»,  – 
деген
222

Тағы бір хадисте:
«Мүминдердің  иман  жағынан  ең  кәмілі  –  көркем 
мінезде  ең  жақсысы,  ал  сендердің  ең  жақсыларың 
жұбайларыңмен  жақсы  қарым-қатынаста  болған-
дарың»
223
,  –  деген  Пайғамбарымыз  (с.а.с.)  әйелді  қай 
кезде де сыйлауға, оған дөрекілік көрсетпеуге, олармен 
жақсы тіл табысуға шақырған. Осы тұрғыда «Ақыретте 
күйеуі  ұрған  әйелдің  жоқтаушысы  мен  боламын», 
«Күйеуіне  қиындық  тудырмай,  баласын  бағып,  нама-
зын оқыған әйелдер сөз жоқ жұмаққа барады», − деген 
хадистері де баршаға ой саларлық. 
Бір  шаңырақтағы  балалардың  арасын  алалағанды 
құп  көрмеген  Ақиық  елші  (с.а.с.):  «Кімде  кімнің  үш 
(екі я бір) қызы болса, соларға жақсы қараса, ақыретте 
жұмаққа барады», – деп, қыз балаға мейіріммен қарап, 
ұлдан кем көрмеуді өсиет еткен. 
Ислам діні әйел баласын ана ретінде қатты қадір 
тұтқан.  «Жұмақ  –  аналардың  табанының  астында»
«Кімге жақсылық жасайын?» – деген сахабаға үш рет 
«Анаңа» деп жауап берген хадистері осыған дәлел. 
Құран  кәрім  әйел  мен  еркектің  ізгі  амалдар-
да,  ақыреттегі  сыйда  бір-біріне  тең  екенін  ескерту-
мен  қатар,  «Ерлердің  әйелдердегі  хақтары  сияқты, 
әйелдердің  де  ерлерде  белгілі  хақтары  бар»
224
,  –  деп, 
222
  Mүслим, т.II, Б. 1091.
223
  Риазус-салихин.  №  628  хадис.  Бұл  хадисті  имам  Тирмизи 
“жақсы” дәрежесінде қабылдаған. 
224
  «Бақара» сүресі, 228-аят


166
Ислам және өнеге
әйелдердің  де  хақтарының  бар  екенін  баяндады. 
Шапағат  пен  мейірімнің  үлгісі  болған,  барлық  ісі 
жақсылық пен түсіністікке негізделген Пайғамбарымыз 
(с.а.с.):  «Әйелдердің  құқықтарын  аяқасты  етпеңдер, 
Аллаһтан  қорқыңдар.  Өйткені,  сендер  оларды 
Аллаһтың аманаты ретінде алдыңдар»
225
, «Сендердің 
ең ардақтыларың  жарлары мен балаларына жақсы 
қарағандарың.  Араларыңда  жанұясына  ең  жақсы 
қарайтын менмін»
226
, – деп әйелге жай емес, Аллаһтың 
ер-азаматтарға  тапсырған  аманаты  ретінде  қарауға 
шақырды. 
Хазірет  Омар  (р.а.)  бұл  жайында:  «Біз  әйел 
баласының да жеке құқықтары болатынын Ислам кел-
генде барып біле бастадық», еске алған
227

Ешқандай  діни  істе  әйелге  шектеу  қойылмады. 
Олар  да  ер  кісілермен  қатар  бір  мешітте  ғибадат  жа-
сады. Барлық діни міндеттер ерге де, әйелге де ортақ 
жүктелді  (намаз,  ораза,  зекет,  қажылық,  садақа  беру 
секілді т.б.). Аллаһ тағаладан түскен әмірлерді әйелдер 
де қал-қадарынша орындауға тырысты (һижрет, жиһад, 
ілім үйрену, ғылымға үлес қосу, ұрпақ тәрбиелеу, дұға 
т.б.).  Тіпті  халифа  Омар  (р.а.)  хұтбада  ұзатылатын 
қыздың  махрын  мүмкіндігінше  азайтуды  халыққа 
айтқанда, қартаң бір әйел тұрып Құран аятынан дәлел 
келтіріп, халифаның қатесін түзеткені белгілі. Әйел ба-
ласы қайта кей уақыттарда ер кісілерге қарағанда артық 
құқықтарға  ие  болды.  Мәселен,  хайыз  уақыттарында, 
босанғаннан кейінгі уақыттарда кейбір діни парыздар-
225
 
әл-Әжлуни, т. I, 36
.
226
  Mүнәуи, т. III, Б. 495.
227
    Ибн  Исхақ  Мухаммед,  Сира,  ред:  М.  Хамидуллаһ,  Кония, 
1981. Б. 46. 


167
Тәрбиенің негізі – имандылық
ды орындаудан босатылу секілді. Күйеуге ұзатыларда 
қыздың  разылығы  міндетті  түрде  ескерілді.  Ол  тіпті 
туған  нәрестесін  емізбей,  ол  үшін  жеке  қызметші 
жалдауға да құқылы болды. 
Сонау VII ғасырдан бастап қалыптасқан әдет бой-
ынша  мұсылман  әйел  қашанда  өзінің  ар-ибасымен, 
ақыл-парасат,  сыпайы  мінез,  төмен  етектіге  тән 
әдептілігі, жан сұлулығы, биязы жүріс-тұрыс, Аллаһтың 
бұйрығына  сай  әурет  жерлерін  жауып  киінуімен,  қай 
кезде  де  ұятын  сақтаған  имандылығымен  ерекшелен-
ген. 
Әйел  баласының  киімі  жайында  Құранда  былай 
делінген:
«Мүмін  әйелдерге  де  айт:  өздеріне  харам 
етілген  нәрселерге  қарамасын,  ұятты  жерлерін  зи-
надан,  күнә  атаулыдан  қорғасын,  мәжбүр  көрінген 
жерлерінен  (бет,  екі  қол,  тобықтан  төмен  екі  аяқ) 
тыс әдеміліктерін көрсетпесін. Және бүркеншіктерін 
омырауларына түсірсін. Көркін көрсетпесін»
228
. 
Әйел баласына тән әурет жерін жабық кию үлгісі 
кемсітуден  емес,  қайта  оны  өте  бағалы  көріп,  көздің 
қарашығындай көруден, сырт көзден, сондай-ақ түрлі 
арсыздықтар  мен  кесірі  қоғамға  тиетін  (зинақорлық, 
тастанды  бала,  түсік  тастау  секілді)  жамандықтардан 
сақтау үшін бекітілгенін ескерген жөн. 
Бұған қоса, Исламда әйелге күйеуінің ризашылығын 
көздеу,  ерінің  дүние-мүлкіне  ұқыппен  қарау,  тек  өз 
күйеуі  үшін  сәндену,  неке  қидырғанға  дейін  жігітпен 
228
  «Нұр» сүресі, 31-аят


168
Ислам және өнеге
оңаша  қалмау,  өзінің  жаратылысындағы  нәзіктігін 
сақтау, алыс сапарға жалғыз шықпау міндеттелді. Бұған 
қоса, қалыңдық сыйын иемдену құқы, мұрагерліктен өз 
үлесін иемдену құқы, сауда-саттықпен, табыс көзімен, 
ғылым-біліммен  айналасу  құқы,  келісім-шарттарға 
отыру  құқы,  меншік  иесі  болу  құқы  да  әйелге  ортақ. 
Ал отбасыны асырау ісі күйеудің мойнына жүктеледі. 
Әйелінің  материалдық  және  рухани  қажеттіліктеріне 
күйеуі шариғаттың шеңберіне сай көңіл бөлуі қажет. 
Қорыта  келгенде,  Ислам  дінінде  әйелдің  орны 
ерекше. Сондықтан әйелге деген құрмет зор болуы тиіс. 
Ислам діні әйелге Аллаһтың аманаты ретінде қарауға 
шақырған.  Ешбір  құқын  шектемеген.  Қайта  өз  жара-
тылысына сай сүйікті жар, аяулы ана ретінде қашанда 
оның  орнын  жоғары  бағалаған.  Қоғам  тәрбиесін  қыз 
баланың  ұяттылығымен  ұштастыра  қарастырған. 
Әйел затын жат пиғылдылардың бұзық әрекеттерінен 
қорғауға  тырысқан.  Осындай  құрметке  лайық  бола 
білу  үшін  әйелден  де  белгілі  бір  міндеттерді  талап 
еткен.  Әйелдер  қауымының  дәрежесін  ешбір  дін  дәл 
Исламдағыдай биіктете алмаған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет