156
Ислам және өнеге
қатты жылағысы, кейде күлгісі келетінін айтқан еді.
Қасындағылар мұның себебін сұрағанда: «Жылағым
келетін себебі, Исламға дейінгі кезде бір қызым бар еді.
Төрт жасқа толғанда, көзін құртпақ пиғылмен шөлге
ертіп апардым. Шұңқыр қазып жатқанымда, қызым
ештеңеден бейхабар күйде менің үстіме жұққан құм-
топырақты тазалаумен болды. Қазып болғаннан кейін,
қызымды шыңғырып жылағанына қарамастан тірідей
көміп кетіп едім. Сол бір қатігездігім есіме түскен
сайын, еріксіз көзімнің сорасы ағады. Екіншісі, жаһил
кезімізде ұннан әр түрлі мүсін жасап, соған табынатын
едік. Кейде соны отқа пісіріп жеп те қоятынбыз. Сол
кезгі надандығымызға қазір күлкім келеді», − деп жау-
ап берген екен.
Демек, Ислам діні алғашқы уақыттардан бастап-
ақ қыз балаларға мейіріммен, аяушылықпен қарауға
шақырған. Тіпті бір жанұядағы балаларды да ұл-қыз деп
алаламауға тәрбиелеуінің өзі қыз балаларға дініміздің
зор көңіл бөлгенін байқатады.
Адамзаттың асылы сүйікті Пайғамбарымыз дінді
насихаттай бастағанда, әйелдер қаумы да өте көп
қолдау көрсеткен. Айталық, Хадиша анамыздың Ис-
ламды алғаш болып қабылдап, бүкіл байлығын дін жо-
лында сарп еткені белгілі. Осы себепті Пайғамбарымыз:
«Ел менен теріс айналған кезде, Хадиша маған сенді.
Айтқандарымды ешкім қабылдамағанда, мені алғашқы
болып растаған сол еді»
206
, –
деп,
оны өмір бойы
ұмытпай, жақсылықтарын әрдайым еске алып отырған.
Хадиша анамыз мұсылман болған соң кейін қыздары
206
Ибнул-Әсир Иззуддин Әбул-Хасан,
Усдул-ғаба фи
Достарыңызбен бөлісу: