Қытайдың саяси жүйесі бойынша лекциялар Лекция кіріспе сөз. Жүйе және саяси жүйе ұғымдары


Сун патшалығының заң бақылау органдарындағы жаңалықтар



бет11/25
Дата16.10.2023
өлшемі197 Kb.
#115642
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25
Байланысты:
Қытай саяси жүйесі қысқа Дәрістер

Сун патшалығының заң бақылау органдарындағы жаңалықтар. Суң патшалығы алғашқы кезде Таң патшалығының заң жүйесін қолданған. Кейін Сун Тай зүң патша (977-998 жж.) кезінде патшаның заңға бақылауын күшейту үшін бұрынғы Да ли сы мен Чиңбудан (大理寺刑部 Da lisi Xingbu) тыс және Жазаны қайта қарау палатасы - 审刑院 Sheng xing yuan құрды. Кесілген жазаны қарайтын бірнеше адамды қойды. Олардың қайта қарауынан өткен аса ауыр қылымысты патшаның бекітуіне жібереді.
Сун патшалығы жергілікті әкімсшілоік пен заң билігі бірлестірілген. Бірақ орталық жергілікті жердің заң билігін қадағалау үшін әр аймаққа кесілген жазаны бақылайтын бірден шенеуник қойған.
Жергілікті басқару жүйесі. Сун патшалығының жергілікті жерлерге қолданған жалпы саясаты - әкімшілік орындарды азайту, жергілікті билікті тарқақтандырыу, орталықтың оларды бақылауын күшейту мақсатында болды. Сун патшалығының жергілікті әкімшілік органдары облыс пен аудан болды. Оларға бірінші қол басшы тағайындамайды, әсіресе, әскерилерді облыс, аудан әкімдігіне тағайындамайды, ол орынға орталықтан өкіл жібереді немесе орынбасар әкім тағайындап қою арқылы жергілікті жердің билігін әлсіретіп ұстау саясатын жүргізген.
Кейін келе жерлікті жерлерге бақылауды күшейту үшін облыстан жоғары Лоу (Lu) деген әкімшілік орган қрды. Сонымен Лу, чжоу және шиан деген үш дәрежелі әкімшілік басқару жүйесі қалыптасты. Рынзүң патша кезінде (1023-1064 жж.) мемлекет көлемінде 18 лу,222 облыс, 1262 аудан болған екен. Олардың басшыларын түгелдй орталық тағайындап отырған.
Лу деген таң патшалығы кезіндегі Дао деген сияқты жергілікті жердегі оң жоғарғы әкімшілік орган. Онда жергілікті әскери, қазына, заң және әлеуметтік құтқару басқармалары болды. Олардың басшыларын Орталық тікелей тағайындайды.
Сун патшалығы Рынзүң патша кезінде әлеуметтік реформа асауға талпыныстар жасалды. Мысалы, 1043 жылы уәзір Фан Чжоңянь он түрлі реформа жобасын ұсынды. Бірақ бір жылға жетпей оның өз орталықтан қуылып, реформасы тоқтатылды.
Сун патшалығы Шынзүң патша билік басына келгеннен кейін (1067-1085) Ван Аншыға реформа жүргізуді тапсырады, Оның экономика, әскери істер, әкімшілік және конкурес салалары бойынша жүргізбек болған реформасы да қарсылыққа тап болып, сәтсіздікке ұшырайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет