Сун патшалығының саяси жүйесі.
Солтүстік Сун патшалығының 10 ғасырдың соңындағы мәліметінде, бүкіл мемлекет бойынша 4 милл.100 мыңнан аса тұтын болған екен. Ал 11 ғасырждың соңына барғанда түтін саны 17 мил.-нан асқан көрінеді. Мемлекеттің әскер саны Алғашқы жылдары 200 мың адам болса, 11 ғасырдың орта шенінде 1 мил.250 мың адамға жеткен екен...
Сун патшалығы Таң патшалығы кезіндегідей жергілікті окургтердің әскер күші дамып кетпеу үшін, олардың билігін, астығын және әскерін тартып алу саясатын қолданады. Жергілікті күштерді әлсіретіп орталық билікті күшейту үшін, әскери, саяси, қазына, заң биліктерін орталыққа шоғырландырды. Таң тайзүң Чжао Гуаңиі: «Мемлекетте сыртқы әурішілік болмаса, ішкі ерез сөзсіз болады. Сыртқы әуірешілік деген – шекаралық істер, одан сақтануға болады; ішкі сатқындар бірлесіп іштен бүлік шығарса, ол қорқынышты болмақ!» дейді. Осы негізде Сун патшалығының негізгі саясаты – іштен сақтану болған.
Сун патшалығының орталық органы: Шу миюань 枢密院, 中书门下省 және үш департыменттен (三词使) құрылған. 枢密院 және 中书门下省 тең дәрежедегі орган. Олар әскери және әкімшілікті басқарады. Үш департамент дербес қазына істерін басқарады. Сун патшалығы кезінде Сан шың жүйесі сақталған. Бірақ оның формасы болғанымен іс жүзіндік билік оларда болмаған. Бұл кезде уәзірлердің билігі барынша әлсіретілген. Ордада саяси кеңес құрылған (叁知政事 San zhe zheng shi). Олар уәзірлердің істеріне көмектеседі. Бұның өзі уәзірлердің билігін әлсірету еді. Бұл кегдегі билік бөлісі:
Шумиюань枢密院 әскер саланы басқарығанымен, әскерлерді бір жерден бір жерге жөткеу құқығы егенералдардың қолында болмаған, оны императордың өзі ұстаған.
Үш департаменттің тұз темір департаменті өнеркәсіп, сауда кірісін, әскери қару-жарақ жасау істерін басқарған;
Шығын петартаменті – қазына шығынын, астық тасымалы қатарлы істерді басқарған;
Отбасын тіркеу басқармасы – мемлекет көлеміндегі отбасы мен демография және салық істерін басқарған. Бұл үш департаменттің билігі екі мекемеден сәл төмендеу болған.
Бірақ Сун патшалығы қыруар қалың әскер ұстағандықтан мемлекеттің әскери шығыны барынша артып кеткен. Мысалы, әр жылғы әскери қаржы 16 миллион 960 мың гуань (сәрі болған); алтын 14870 сәрі; күміс 620 мың сәрі болған.
Бұндай шығынды мемлекет қазынасы көтере алмағандықтан, 1069 жылы император Ван Аньшы 王安石 деген адамды уәзір қойып, оған реформа жасауды ұйырады. Бірақ оның реформасы жоғары жіктегілердің қарсылығына ұшырап жүзеге аспай қалады.