Құқықтық актілер туралы


-1-бап. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама



бет4/8
Дата06.03.2023
өлшемі67,96 Kb.
#71953
1   2   3   4   5   6   7   8
33-1-бап. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама

1. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың мақсаты сыбайлас жемқорлық нормаларын анықтау, сондай-ақ оларды жоюға бағытталған ұсынымдар әзірлеу болып табылады.


2. Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізілетін заңнамалық актілердің жобаларынан басқа, Қазақстан Республикасы Парламентінің және оның Палаталарының нормативтік қаулыларын, Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарын, Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты мен Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларын, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтік құқықтық қаулыларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, өзге нормативтік құқықтық актілердің жобалары да міндетті тәртіппен сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жасауға жатады.


3. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және мерзімдерде жүргізіледі.


Ескерту. 6-тарау 33-1-баппен толықтырылды - ҚР 26.11.2019 № 273-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 05.11.2022 № 157-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

33-2-бап. Заң жобаларына ғылыми құқықтық сараптама



1. Заң жобасы ғылыми құқықтық сараптаманың объектісі болып табылады, оған осы Заңда көзделген жағдайларда консультативтік құжат және оны іске асыру үшін қажетті заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобалары қоса берілуге тиіс.


2. Ғылыми құқықтық сараптаманың жүргізілуін қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уәкілетті ұйым жүзеге асырады.


3. Ғылыми құқықтық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ ғылыми құқықтық сарапшыларды іріктеу қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.


Ескерту. 6-тарау 33-2-баппен толықтырылды – ҚР 12.03.2021 № 15-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 05.11.2022 № 157-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

33-3-бап. Ғылыми құқықтық сарапшының құқықтары мен міндеттері



1. Ғылыми құқықтық сарапшы:


1) ғылыми құқықтық сараптаманы жүзеге асыру үшін, оның ішінде ғылыми сараптама қызметін жүргізу барысында туындайтын мәселелер бойынша материалдарды қорытынды беруге қажетті көлемде алуға;


2) орындалған жұмыс үшін сыйақы алуға;


3) сараптама қызметін жазбаша өтініш негізінде алты айдан аспайтын мерзімге тоқтата тұруға құқылы.


Сараптама қызметін тоқтата тұру сарапшыны бұрын берген қорытынды бойынша жоғарыда көрсетілген құқықтарды пайдалану мүмкіндігінен айырмайды.


2. Ғылыми құқықтық сарапшы:


1) ғылыми құқықтық сараптама процесіне тартылмаған өзге де тұлғалармен сараптама жүргізуге байланысты мәселелер бойынша келіссөздер жүргізуге;


2) ғылыми құқықтық сараптаманы жүзеге асыруға үшінші тұлғаларды тартуға;


3) ғылыми құқықтық сараптама нысанасын құрайтын материалдарды және өзіне ғылыми құқықтық сараптаманы жүзеге асыруға байланысты белгілі болған өзге де мәліметтерді жария етуге;


4) ғылыми құқықтық сараптама жүргізілетін нормативтік құқықтық акт жобасының атауы мен мазмұнын, сондай-ақ ғылыми құқықтық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ ғылыми құқықтық сарапшыларды іріктеу қағидаларына сәйкес ресми жарияланған кезіне дейін сараптама қорытындысының мазмұнын жария етуге құқылы емес.


3. Ғылыми құқықтық сарапшы:


1) өзіне берілген ақпарат пен материалдар негізінде жан-жақты, толық және объективті ғылыми құқықтық сараптама жүргізуге, сараптама қорытындысына қойылатын талаптарға сәйкес қойылған мәселелер бойынша ғылыми негізделген тәуелсіз және объективті жазбаша қорытынды беруге;


2) ғылыми құқықтық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ ғылыми құқықтық сарапшыларды іріктеу қағидаларында көзделген жағдайларда ғылыми құқықтық сараптама жүргізуден бас тартуға;


3) бұрын берілген қорытындыға байланысты мәселелер бойынша консультациялар мен түсініктер беруге;


4) бұрын өзі берген қорытындыны түсіндіру үшін заң жобасын Қазақстан Республикасының Парламентінде талқылауға қатысуға міндетті.


Ғылыми құқықтық сарапшының заң жобасын Қазақстан Республикасының Парламентінде талқылауға қатысуы ол жүрген не тұратын жермен бейнеконференцбайланыс құралдарын пайдалана отырып жүргізілуі мүмкін. Бейнеконференцбайланыс құралдарын техникалық қолдану тәртібін Қазақстан Республикасы Парламентінің қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын орган айқындайды.


Ескерту. 6-тарау 33-3-баппен толықтырылды – ҚР 12.03.2021 № 15-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

33-4-бап. Ғылыми құқықтық сарапшының қарсылық білдіруі



1. Ғылыми құқықтық сарапшының ғылыми құқықтық сараптама жүргізуге қатысуын болғызбайтын мән-жайлар болған кезде ғылыми құқықтық сарапшы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уәкілетті ұйымды ғылыми құқықтық сараптама жүргізу үшін материалдар ғылыми құқықтық сарапшыға жіберілген кезден бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде хабардар етіп, оны жүргізуден бас тартуға міндетті.


2. Ғылыми құқықтық сарапшы, егер:


1) өзіне ғылыми құқықтық сараптамаға жіберілген консультативтік құжатты және заң жобасын келісу процесіне бұрын қатысса;


2) әзірлеуші органның қызметкері болып табылса;


3) ғылыми құқықтық сараптама жүргізу нысанасы ғылыми білімінің шегінен тыс болса не өзіне ұсынылған материалдар қорытынды беру үшін жеткіліксіз болса не өзінің ғылыми құқықтық сараптаманың объективті және тәуелсіз сараптама қорытындысын беруін болғызбайтын өзге де мән-жайлар болса, ғылыми құқықтық сараптама жүргізуге қатыса алмайды.


Ескерту. 6-тарау 33-4-баппен толықтырылды – ҚР 12.03.2021 № 15-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 05.11.2022 № 157-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

33-5-бап. Ғылыми құқықтық сарапшымен шартты бұзу негіздері



1. Ғылыми құқықтық сарапшымен шартты бұзуға мыналар негіз болып табылады:


1) ғылыми құқықтық сарапшының міндеттемелерді орындамауы не бірнеше рет (үш және одан көп рет) тиісінше орындамауы;


2) ғылыми құқықтық сарапшының Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты мүшесінің, мәслихат депутатының өкілеттіктерін атқаруы;


3) ғылыми құқықтық сарапшының өтініші;


4) шартта көзделген өзге де негіздер.


2. Сот талап қоюды қанағаттандыру немесе ішінара қанағаттандыру туралы шешім қабылдаған жағдайларды қоспағанда, ғылыми құқықтық сарапшымен шарт осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша бұзылғаннан кейін онымен шарт бір жыл бойы жасалмайды.


Ескерту. 6-тарау 33-5-баппен толықтырылды – ҚР 12.03.2021 № 15-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 05.11.2022 № 157-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

7-тарау. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІНІ ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІ


34-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау тәртiбiн айқындау

1. Нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау тәртiбi Қазақстан Республикасының Конституциясында және осы Заңда айқындалады.


2. Алуан түрлi нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау тәртiбiнiң ерекшелiктерi мыналарда да:


1) кодекстер үшін – осы Заңда.


Кодекстер, оларға өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бөлек отырыстарында рет-ретімен қарау арқылы кемінде екі оқылымда қабылданады;


1-1) кодекстерге өзгерістер мен толықтырулар тиісті кодекстерде белгіленген ерекше тәртіптермен енгізілуі және қабылдануы мүмкін;


2) шоғырландырылған заңдар және заңдар үшiн – Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының Президентi туралы, Қазақстан Республикасының Парламентi туралы, республикалық референдум туралы заңнамалық актiлерде, өзге де заңнамалық актiлерде, оның iшiнде Парламенттің және оның Палаталарының регламенттерiнде;


2-1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң күші бар уақытша қаулысы үшін – Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы заңнамалық актіде, өзге де заңнамалық актілерде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде;


3) Парламенттің және оның Палаталарының қаулылары үшiн – Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының Парламентi туралы заңнамалық актiлерде;


4) Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтары үшiн – Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының Президентi туралы заңнамалық актiде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң осы тәртiптi реттейтiн актiлерiнде;


5) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары үшiн – Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының Үкiметі туралы заңнамалық актiде, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде;


6) Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін, сондай-ақ кірмейтін орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың және орталық мемлекеттік органдар ведомстволарының, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының нормативтік құқықтық актілері үшін – Қазақстан Республикасының Үкіметі және осындай органдар туралы заңнамалық актілерде, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің осындай органдардың қызметін реттейтін қаулыларында;


6-1) техникалық регламенттер үшін – Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында;


7) Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының нормативтiк қаулылары үшiн – Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы заңнамалық актiде;


8) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулылары үшiн – Қазақстан Республикасының соттары туралы заңнамада;


9) Орталық сайлау комиссиясының (Орталық референдум өткізу жөніндегі комиссияның) нормативтiк қаулылары үшiн – сайлау туралы және республикалық референдум туралы заңнамалық актiлерде;


10) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың және тексеру комиссияларының нормативтiк шешiмдерi үшiн – осы органдар туралы заңнамалық актiлерде, өзге де заңнамалық актiлерде, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде айқындалады.


Осы Заңның 7-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген нормативтік құқықтық актілерді қабылдау кезінде нормативтік құқықтық актіні әзірлеуші орган қабылданған заңды ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасын бекітеді.


Ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасы деп азаматтарға Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын өзгерістер туралы хабар беру және оларды түсіндіру, сондай-ақ қабылданған заңның тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар тізбесі түсініледі.


Ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару қызметінің қағидаларында айқындалатын тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органмен міндетті түрде келісіледі.


3. Уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау жөнiндегi құзыретi Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда ғана уәкiлеттi органның осы актiнi қабылдауына жол берiледi.


Бұл ретте жоғары тұрған нормативтік құқықтық актілерден туындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік органдар туралы ережелерде айқындайды. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар әзірлеушілері болып табылатын жоғары тұрған нормативтік құқықтық актілерден туындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.


Ескерту. 34-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.03.2021 № 15-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз) Заңдарымен.

35-бап. Нормативтiк құқықтық актiлерге қол қоюға уәкiлеттік берілген адамдар



1. Нормативтiк құқықтық актiлердiң ресми мәтiндерiне мына лауазымды адамдар:


1) Қазақстан Республикасының Конституциясына, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заңдарына, конституциялық заңдарына, кодекстерiне, шоғырландырылған заңдарына, заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарына – Қазақстан Республикасының Президентi; Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң күші бар уақытша қаулысына – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі;


2) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қаулыларына – Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсінің Төрағасы; Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжілісінің қаулыларына – Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының қаулыларына – Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының Төрағасы;


3) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларына – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi;


4) мәслихат шешiмдерiне – мәслихат төрағасы;


5) әкімдік қаулыларына, әкімнің шешімдеріне – әкім;


6) өзге де нормативтiк құқықтық актiге – оны қабылдаған (шығарған) органның басшысы қол қояды.


2. Туынды түрдегi нормативтiк құқықтық актіні негiзгi түрдегi нормативтiк құқықтық акт арқылы қабылдаған кезде уәкiлеттік берілген адам негiзгi түрдегi нормативтiк құқықтық актiге ғана қол қояды.


Ескерту. 35-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2021 № 60-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

35-1-бап. Орталық мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволарының, сондай-ақ мәслихаттардың, әкімдіктердің, әкімдердің және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық актілерін олардың күшіне енуінің шарты ретінде мемлекеттік тіркеу



1. Осы Заңның 7-бабы 2-тармағының 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген нормативтік құқықтық актілер әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатады. Мұндай тіркеу олардың күшіне енуінің қажетті шарты болып табылады.


2. Нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу:


1) осы Заңның 18-бабының 6-тармағына сәйкес әділет органдары бұрын келіскен нормативтік құқықтық актіге қатысты әділет органдарының заң сараптамасын жүргізуін;


2) мемлекеттік тіркеу нөмірін бере отырып, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне нормативтік құқықтық акт туралы мәліметтер енгізуді қамтиды.


3. Осы баптың 1-тармағының талаптары:


1) мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерге;


2) уәкілетті органдардың басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау тәртібін реттейтін және үшінші тұлғаларға қолданылмайтын нормативтік құқықтық актілерге;


3) мемлекеттік органның мәртебесі мен өкілеттігін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерге;


4) үлгілік нормативтік құқықтық актілер негізінде әзірленген және қосымша құқық нормаларын қамтымайтын нормативтік құқықтық актілерге;


4-1) мәслихаттардың бюджеттерді бекіту немесе нақтылау туралы нормативтік құқықтық шешімдеріне;


4-2) орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау), сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы шешімдер қабылдауды көздейтін нормативтік құқықтық актілеріне;


4-3) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерін бекіту жөніндегі нормативтік құқықтық актілерге;


5) тізбесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ұсыныстары негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін нормативтік құқықтық актілерге қолданылмайды.


4. Мемлекеттік тіркеуден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:


1) мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік құқықтық актіні осындай тіркеуге нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларының талаптарын бұза отырып ұсыну;


2) заң сараптамасы жүргізілгеннен кейінгі кезеңде қабылданған немесе күшіне енген жоғары тұрған деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге қайшылықтың анықталуы;


3) осы Заңда белгіленген талаптардың сақталмауы.


Нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеуден бас тартуға мүдделі мемлекеттік орган сот тәртібімен шағым жасай алады.


5. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген, мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік құқықтық актілердің күшін оларды шығарған орган жоюға тиіс.


6. Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.


Ескерту. 35-1-баппен толықтырылды – ҚР 12.03.2021 № 15-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 30.06.2021 № 60-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.12.2021 № 100-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

36-бап. Уәкілетті орган қайта ұйымдастырылған немесе таратылған кезде нормативтік құқықтық актілерді өзгерту, толықтыру, олардың қолданысын тоқтату және тоқтата тұру жөніндегі құқықтар



Нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құқығы берілген уәкілетті орган қайта ұйымдастырылған не таратылған жағдайда, құқықтық мирасқорға немесе таратылған уәкілетті органның функциялары берілген уәкілетті органға оның құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құқығымен бірге нормативтік құқықтық актілерді өзгерту, толықтыру, олардың қолданысын тоқтату және тоқтата тұру жөніндегі өкілеттіктер ауысады.

8-тарау. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІ ЖАРИЯЛАУ
37-бап. Нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау міндеттілігі

1. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады.


Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағы, "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Хабаршысы" ресми баспасөз басылымдары болып табылады.


2. Заңнамалық актілерді ресми жариялауды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен, конкурстық негізде осындай құқық алған мерзімді баспа басылымдары да жүзеге асырады.


Нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде де электрондық түрде жүзеге асырылады.


3. Нормативтік құқықтық актілерді алғашқы ресми жариялау олар күшіне енген күннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде бір мезгілде қазақ және орыс тілдерінде жүзеге асырылуға тиіс.


4. Алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


5. Құқық қолдану практикасында нормативтік құқықтық актілердің ресми жарияланымдары пайдаланылуға тиіс.

6. Нормативтік құқықтық актілер ресми жарияланғаннан кейін ғана оларды бейресми жариялауға жол беріледі.


Ескерту. 37-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 06.04.2016 N 480-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 67-баптан қараңыз); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.03.2021 № 15-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

38-бап. Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының нормативтік-құқықтық актілерін ресми жариялау



Ескерту. 38-бап алып тасталды – ҚР 12.03.2021 № 15-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

39-бап. Мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулыларын, тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық қаулыларын және әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау

Ескерту. 39-бап алып тасталды – ҚР 12.03.2021 № 15-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

40-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердің мәтіндерін толық жарияламауға жол бермеу

1. Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ "Қызметтік пайдалану үшін", "Баспасөзде жариялаусыз", "Баспасөзге арналмаған" деген белгілері бар нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, нормативтiк құқықтық актiлердің мәтіндерін ресми түрде толық жарияламауға жол берілмейдi.


2. Егер нормативтiк құқықтық акт көлемiнің ауқымды болуына байланысты оның мәтiнi мерзiмдi баспасөз басылымының бiрнеше нөмiрiнде жарияланса, онда нормативтiк құқықтық актінің қазақ және орыс тiлдерiндегі мәтiнiнiң қорытынды бөлiгi жарияланған күн ресми жарияланған күні болып есептеледi.

41-бап. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ мәслихаттардың, әкімдіктердің, тексеру комиссияларының және әкімдердің нормативтік құқықтық актілерінің ресми жариялануын бақылау

Ескерту. 41-бап алып тасталды – ҚР 12.03.2021 № 15-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

9-тарау. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ УАҚЫТ, КЕҢІСТІК


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет