ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ
САЛАСЫНДАҒЫ ЖҮЙЕЛІК
САРАПТАМА ЖӘНЕ БОЛЖАМДАУ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ
САРАПТАМА МЕМЛЕКЕТТІК ОРТАЛЫҒЫ» АҚ
АСТАНА 2014
ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ
САЛАСЫНДАҒЫ ЖҮЙЕЛІК
САРАПТАМА ЖӘНЕ БОЛЖАМДАУ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ
САРАПТАМА МЕМЛЕКЕТТІК ОРТАЛЫҒЫ» АҚ
АСТАНА 2014
Мазмұны:
Ғылым және технология саласындағы жүйелік сараптама және болжамдау
ҒЫЛЫМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ КОНВЕРГЕНЦИЯСЫ
05
ТӘРТІПАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР
ҰЛТТЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУ ЖӘНЕ ЖАҚСАРТУ,
08
СОНЫМЕН ҚАТАР ӨМІР СҮРУ САПАСЫН АРТТЫРУ
ТӘРТІПАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒЫНАН ТАЗА АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ АЗЫҚ –
29
ТҮЛІК ӨНІМДЕРІ ҰЛТТЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН ЖАҚСАРТУҒА СЕПТЕСЕДІ,
БҰДАН СЫРТ ЭКСПОРТҚА БАҒЫТТАЛАДЫ
ТӘРТІПАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР
«ЖАСЫЛ» ТЕХНОЛОГИЯЛАР НЕГІЗІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ
46
ТҰРҒЫДАН ТАЗА ҚОРШАҒАН ОРТА
ТӘРТІПАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР
ҚУАТТЫ ҮНЕМДЕЙ БІЛЕТІН ЖӘНЕ ҚУАТТЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНАТЫН ҚОҒАМ
64
02
Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамы бұл – пайдалы қазбалар мен
шикізатты өндіру мен өңдеудің прогрессивтік, экологиялық
таза технологияларын қолдана отырып, қоршаған орта мен
табиғи ресурстарға қамқорлықпен қарауды қамтамасыз
ететін, аграрлық секторы тұрақты дамып келе жатқан, тағам
өнімдерінің қолжетімділігін және қауіпсіздігін қамтама-
сыз ететін, таза әрі қауіпсіз энергетиканы кіріктірумен бірге
қазіргі күнгі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар-
дың қарқынды дамуының негізінде жаңа материалдар жасау
саласында серпінді жобаларды, био- және нанотехнология-
ларды қолға алатын білімге құштар дені сау және тұрмысы
түзу ұлт.
Н.Ә. НАЗАРБАЕВ
Бағдарламалық мақала
«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МОДЕРНИЗАЦИЯСЫ:
Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам»
10.07.2012
03
«Ұлттық ғылыми – техникалық сараптама
мемлекеттік орталығы» АҚ «Ғылым және тех-
нология саласындағы жүйелік сараптау және
болжамдау» деп аталатын бірегей жобаны
жүзеге асырды. Aталған жоба Қазақстанның
бүгінгі күннен 2030 жылға дейінгі кезеңінде
ғылыми және технологиялық дамуының ба-
сым бағыттарын анықтауға, сонымен қатар
баса назар аударылған Қазақстан Республи-
касы ВНТК айқындап берген 5 басым бағыт-
тың шеңберінде арнайы ғылыми зерттеулер
жүргізуге бағытталып отыр.
Жүргізілмек зерттеулер өз алдына, отандық
ғылым және технология саласын 2030 жылға
дейінгі кезеңде дамытудың тиімді жолдарын табу
туралы міндет қойған болатын. Бірден айталық,
бұл болашақты болжауға бағытталған әрекеттер
емес, керісінше қазіргі ғылыми – технологиялық
дамудың трендтерін, себебі мен тәуекелдерін
есепке ала отыра әрі қарайғы беталысты стра-
тегиялық сарапқа салып соның аясында дамуға,
жетілуге, өсуге бағытталған. Атқарылған жұмы-
стардың барлығы да Қазақстанның ғылым және
технология саласындағы 2030 жылға дейінгі ке-
зеңінде болашақтағы беталысы айқындалмаған
аймақтарды дамытудың жоспарын әзірлеу шең-
берінде шоғырланды.
Бүгінге дейін ауқымды сараптамалық және
зерттеу жұмыстары жүргізілді, сонымен қатар
Қазақстанға ауадай қажет келесідей 8 ба-
сымдық бойынша мамандар тобы құрылды:
аграрлық секторды тұрақты түрде дамыту,
азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі және олар-
ды қайта өңдеу, биотехнология, ұлт денсау-
лығы, ақпарттық және телекоммуникациялық
технологиялар, жаңа материалдар және тех-
нологиялар, қоршаған орта және табиғи қаз-
ба байлық, қауіпсіз әрі таза, сонымен қатар
тиімділігі жоғары қуат көзі, машинақұрылы-
сының саласы.
Аталған жобаны жүзеге асыру барысын-
да ғылыми-технологиялық ақпараттардың
сараптамасы, мемлекеттік органдардың
мәліметтері мен есептері, беткеұстар отандық
және мемлекеттік зерттеу ұйымдарының, «үл-
кен төрттіктің» құрамындағы консалтингтік
компаниялардың сараптамалық, библиоме-
трикалық және патенттік шолулары, өнер-
кәсіптік кәсіпорындардың есептік сараптама-
лары ыхтиятты түрде назарға алынды.
Зерттеу жұмыстарының түрлі кезеңдерінде
аталған іске қызығушылық танытқан барлық
тараптардың ой-пікірлерін бір жерге тоқай-
ластыру мақсатында сұраулар жүргізілді,
сонымен қатар қазақстандық білікті маман-
дардың (ғылым саласының, академиялық
сектордың, бизнес құрылымдардың өкілдері
және т.б.) қатысуымен ауқымды дөңгелек
үстелдер, бас қосулар ұйымдастырылды.
Аталған жұмыстардың жүзеге асырылуын
жеделдетпек мақсатта форсайттық зерттеу-
лер саласындағы алдыңғы қатарлы халықа-
ралық мамандардың тарапынан, атап айтар
болсақ – Ғылымды және технологияны баға-
лайтын және жобалайтын Кәріс институтының
(KISTEP), Манчестер университетінің, сонымен
қатар Финляндия Академиясының өкілдері
осынау жобаға қатысты өз ақыл-кеңестерін
ортаға салды.
Жоба жұмысының қорытындысында Қа-
зақстан Республикасындағы ғылыми зертте-
улер мен жобаларды 2030 жылға дейінгі ке-
зеңде ғылыми зерттеулердің басым бағыттары
мен тақырыптарын айқындатын, сонымен қа-
тар жобаларын түзетін, бұдан сырт қаржылан-
дыратын құрылымдарға арналып ұсыныстар
әзірленді.
Жобаның көрсеткіштері келесідей мүмкіндік-
терді айқындауға мүмкіндік берді:
Қазақстандағы ғылыми дамудың міндет-
терді анықтады (бұл ретте жеке өзіне ти-
есілі жасалған ғылыми міндеттерді дамыту
немесе жасау);
Халықаралық институттармен біріге оты-
рып ғылыми зерттеулер жүргізуге жол
ашты;
Қазіргі қолда бар құзіреттер мен техноло-
гияларды транферттеудің қажеттігін көр-
сетіп берді.
04
Ғылым және технология саласындағы жүйелік сараптама және болжамдау
ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ
КОНВЕРГЕНЦИЯСЫ
Жалпақ әлемде жүзеге асатын форсайттық
зерттеулерде, мамандар ғылыми және техно-
логиялық дамудың келесідей негізгі тенден-
цияларын атап көрсетеді:
технология конвергенциясының күшейуі;
заманауи жоғары технологиялардың өнер-
кәсіптік саладағы ортатехнологиялық сек-
торға кірігуінің (немесе диффузия) күшейуі;
ғылыми зерттеулердің мультитәртіптің мәні
мен маңызының артуы;
жаңа технологиялардың желілік құрылым-
дардың дамуына септесетін басқарушылық
және құрылымдық бизнестегі ықпалының
артуы.
Аталған бағыт ғылым және түрлі салалардың
бағыттары түйіскен тұста жаңа материалдар
әзірлеуге, сонымен қатара жаңа технологи-
ялық шешімдер ұсынуға мүмкіндік береді.
Соның нәтижесінде, қазіргі өндірістік техно-
логиялар түрленеді, қызметкерлердің кәсіби
біліктілігі артады, ресурстарды үнемдейтін
әдіс пен тәсілдер кіріктіріледі.
Картрирование әдісі арқылы бүгінге дейін жа-
рыққа әлемдік ғылыми мақалалардың библи-
ометрикалық сараптамасын жүргізген жапон
мамандары бірқатар ғылыми бағыттардың
арасында тонның ішкі бауындай тұтасқан бай-
ланыс орнағанын (конвергенция) анықтаған
екен.
Атап айтар болсақ, олардың қатарында:
биоғылым – қоршаған орта,
биоғылым – когнитивтік ғылым – әлеумет-
тік ғылымдар,
биоғылым – химиялық синтез - наномате-
риалдар – компьютерлік ғылымдар.
Нано-, био-, когнитивті және ақпараттық тех-
нологиялардың өзара ықпалдасу, интеграци-
ялану процесі барысында NBIC-конвергенци-
ясы (N — нано; B — био; I — инфо; C — когно)
деп аталатын жаңа бағыт қалыптасу үстінде.
Ғылымның халықаралықтәртіптік сипатын
назарға ала отырып, болашақта нанотехно-
логия, биотехнология, ақпарттық технологи-
ялар және де когнитивтік ғылымдар біртұтас
ғылыми-технологиялық аймаққа бірігеді деп
күтіліп отыр.
Мамандар әсіресе, жаңа салалық кешен-
дердің қалыптасуына мұрындық болып оты-
рған нанотехнологияның дамуынан үлкен
үміт күтеді. Осыған орай, олар кластерлердің
бірқатар түрлерін атап көрсеткен болатын,
олар: нанотехнология + ақпараттық-ком-
муникациялық технологиялар; нанобиотех-
нология + ақпараттық-коммуникациялық
технологиялар; когнитивтік ғылымдар + ақпа-
раттық-коммуникациялық технологиялар; на-
нотехнология + материалды басқару + ақпа-
раттық-коммуникациялық технологиялар. Ал
нанотехнологияның дамуы бірқатар пәндердің
интеграциялануы нәтижесінде мүмкін бола-
тынын айтып өту керек, олар: химия, физика,
биология, механиклар, материалды жүргізу
(ведения), электроника және т.д. Нанотехно-
логияны пайдалану, қолдану қысқа мерзімдік
кезеңде бірінші кезекте дәстүрлі салаларға оң
әсер етеді; ал ұзақ мерзімдік кезеңде сұрып-
талып алынған «серпінді» жетістіктер жаңа
секторлар мен рыноктардың тууына себепкер
болады. Өнеркәсіптік салалар мен халықара-
лық секторлардың байланысы жаңа сатыға
көтеріліп, түрленеді.
Технологиялардың түрленуі өз кезегінде қай-
тара бағытталатын сиаптқа ие. Айталық, нано-
және биотехнологияның дамуы көбіне –көп
өлшейтін құрылғылардың сезімталдығы және
дәлдігінің артуына, мәліметтерді өңдейтін
ақпараттық жүйелердің күші мен қуатына, бы-
лайша айтқанда қазіргі күні нанотехнология-
лар саласындағы инновацияларға иек артып
отырған ақпараттық технологияның түрленуі-
не, жетілуіне тәуелді. Айта кетер жайт, биотех-
нологияның дамуына компьютерлік техноло-
гиялар ғана ерекше әсер етпейді, қазіргі күні,
мысал келтірер болсақ компьютерлердің ДНК
– сын әзірлеуге келгенде кері үдеріс байқалып
отыр.
Биотехнология және биомедицина саласын-
дағы заманауи және ерекше серпінді зертте-
улер мен әзірлемелер де жаңа нанодеңгейге
көтерілді, бұлардың арасында гендік инже-
рения саласы (ДНК молекуласының ені 3 на-
нометрді құрайды), биоүйлесімді протездеу
(жасанды молекулалар), нанобөлшектердің
көмегімен зақымданған жасушаларға мақ-
сатты түрде дәрі-дәрмек жеткізу және тағы да
басқа жұмыстар бар.
Бүгінгі күнге дейін жинақталған ақпараттар-
дың нәтижесінде, жүйелік биология маңы-
здылығы жағынан бірінші кезекке шықты,
мұның мақсаты – әртүрлі әдіс–тәсілдермен
алынған жетістіктерді біріктіру ғана емес, со-
нымен бірге қолдағы дүниені интеграциялау
және де оларды сапалық тұрғыдан алғанда
жаңа деңгейге көтеру болып табылады.
Биоақпарат және генетикадағы жаңа бағдар-
05
ламалардың оның ішінде фармакогенетика-
дағы (аурулардың, гендердің, протеиндер мен
фармацевтикалық заттардың арасындағы
өзара байланысты зерттейді) жетістіктердің
нәтижесінде медицинада адамды емдеуде
оның генетикалық бейімділігіне қарай әсер
ететін, сонымен қатар бағытталатын әре-
кеттегі дәрі – дәрмекті құрастыру негізінде
құрылған дәрі-дәрмектердің құрамы мен әсер
ететін құралдар пайда болады. Аталған жұмы-
старда компьютерлік технологиялар маңыз-
ды рөл атқарады. Нанотехнология адам ден-
саулығы мен сырқаты турасындағы дәстүрлі
түсінікті өзгертуі мүмкін, соның нәтижесінде
ауруды емдеудің орнына оның алдын алатын
және пайда болуын күні бұрын болжайтын ме-
дицинаның қалыптасуы ғажап емес.
Еуропалық мамандардың пікірлеріне қараған-
да, конвергентті технологиялар кешенінің то-
лықтай қалыптасуы (нано-био-инфо-когно)
және соның шеңберінде сай әлеуметтік-эко-
номикалық салалардың дамуындағы өзгері-
стерді 2020 жылға қарай күтуге болады. Ал
конвергенттік технологияларды тұрақты түрде
пайдалану болашақта төмендегідей іргелі өз-
герістерге алып келуі мүмкін, атап айтар бол-
сақ:
барлық саланы қамтиды (жаңа технологи-
ялар көзге көріне бермейтін техникалық
инфрақұрылымды қалыптастырады);
шеті, шегі жоқ шексіз ақпарат көзі қол-
жетімділік (кез-келген процестер және
ерекшеліктер туралы толық ақпарат алуға
мүмкіндік туады);
адам санасын, ақыл-есін және денесін
құрастыру (электронды имплантаттар және
физикалық модификаторлар адам мүмкін-
дігін жетілдіруге, арттыруға жол ашады);
индивидуализация (нанобиотехнология
саласындағы ауқымды зерттеулер нақты
геномның ерекшеліктерін есепке алатын
дәрі-дәрмектерді жасауға мүмкіндік туғы-
зады, бұл өз кезегінде жағымсыз, қолайсыз
әсерлердің жолын кеседі, алдын алады).
Әзіргі күні конвергентті технологиялар сала-
сындағы салмақты зерттеулер негізінен стра-
тегиялық сипатқа ие. Ұзақмерзімдік кезеңде
дәл осы көрсеткіштер мемлекеттердің инно-
вациялық, экономикалық мен қорғаныстық
әлеуетін анықтайтын жоғарытехнологиялық
салалардың айтарлықтай түрленуіне мұрын-
дық болады.
Генетикалық тұрғыдан өзгеріске ұшыраған
организмдерді қалыптастыру және ауыл ша-
руашылығы саласындағы өнімділікті арттыру
сияқты технологиялық серпілістер болашақта
әлемдік деңгейдегі ашаршылықтың алдын-
алуға және кедей мемлекеттердегі өмір сүру
сапасын арттыруға кепіл болады.
2020 жылға қарай биологиялық ғылымдар аса
қарқынды дамыған және даму үстіндегі білім
салаларының біріне айналады. Геронтологи-
ялық зерттеулер белгілі бір нәтижеге қол жет-
кізеді. Алдағы бірнеше онжылдық аралығын-
да дамыған елдердегі орта өмір сүру ұзақтығы
дамушы елдерге қарағанда арта түсіп, ЕО
және АҚШ –та XXI ғасырдың алғашқы шире-
гі аяқталар тұста бұл көрсеткіш 87-88 жасқа
жетеді (ал белсенді өмір сүру ұзақтығы – 74-75
жас). Дамыған елдердің жаппай көшіп – қо-
нуды (иммиграция) өздерінің әлеуметтік және
мәдени ерекшеліктеріне төнген қауіп-қатер
ретінде қабылдайтынын ескерсек, алдағы
уақытта көптеген өндірістік салаларды авто-
маттандыруға және механизациялауға мүмкін-
дік беретін, сол арқылы қоғамның жасы үлкен
қауымын (әзірші күнгі зейнет жасындағы аза-
маттарды) жұмысқа тартуға жол ашатын жаңа
технологияларды әзірлеу ісі алдыңғы орынға
шығады.
Жоғары технологиялар саласындағы күтіліп
отырған келісі бір ауқымды төңкеріс – NBIC
конвергенциясы жаһандық алыс–беріс, ба-
рыс–келістік процестердің жаңа қатысушыла-
ры – мемлекеттердің алдында жаңа мүмкіндік-
терге жол ашуы ғажап емес.
Ақпараттық технологиялармен әріптесудің
нәтижесінде нанотехнологиялық сенсорлар-
мен жарақтандырылған «ақылды» матери-
алдарды қолдану азаматтардың денсаулығын
жақсартатын,сонымен қатар кәсіби тәжіри-
белік және жүріс–тұрыс үлгілеріне әсер ететін
көптеген қажетті құралдарды жасауға мүм-
кіндік береді. Аталған материалдар адамда-
ры қоршаған орта туралы жаңа мәліметтер-
мен қамтамасыз етіп, қауіпсіздікті арттырады
және де тұлғаның жеке саласын қысқартады.
Болашақтың тұрғысында ақпараттық техноло-
гиялар әрі қарай да индустрияны дамытудың
локомотиві болып қала береді. Қызмет көрсе-
тудің және транзакцияның әрбір желісінде де
заманауи ақпараттық технологиялар алдыңғы
қатарда болмақ.
Жаңа технологиялар мен коммуникациялар
құру ісінде де аса ауқымды, еселі жетістіктерді
күтуге болады. Дыбысты және кескінді жіберу
тәрізді қазіргі күннің сандық технологияла-
рына уақыт өте келе иісті, дәмді, алған әсерді,
сезімді, тіпті адамның белгілі бір жағдайға
орай туындаған эмоционалдық көңіл – күйін
06
2030 жылға дейінгі кезеңде пән аралық зерттеулерді
Қазақстанда өткізудің дәйектемесі
жіберу сияқты инновациялар қосылады. Ал
интернет технологиялар негізінен сападан
бұрын, санға басымдық бере отырып дамиды;
жеке компьютерлер және ұялы телефондар,
дыбыс шығаратын және кескінді көрсететін
құрылғылар, сонымен бірге кеңістікте бағыт
пен бағдарды анықтайтын дүниелер уақыт
өте біртұтас жүйеге бірігеді және де әлемнің
кез келген нүктесінде қолдануға, пайдалануға
ыңғайлы болады. Ал жіберудің құны мен ақпа-
ратты сақтаудың бағасы ХХ ғасырдағыдай күн
өткен сайын төмендей беретін болады.
Қуатты үнемдеу және сақтау технологиялары
да бір қадам ілгері басады. Батыстық тұрғын-
дар, оның ішінде бірінші кезекте америка-
лықтар қалыптастып қалған, қанға сіңген өмір
сүру дағдысының кесірінен жеке транспортты
пайдалануда ауқымды қуатты шығындаудан
бас тарта алмайды, ал экономикалық саясат-
тың ұстанымдары мен принциптері дамушы
мемлекеттерде өндірілетін биоотынды бұқа-
ралық деңгейде пайдалануға кедергі кел-
тіреді. Аталған шектеулермен тұсалып қалған
постиндустриалды мемлекеттер қуатты және
экономиканың материалдық сыйымдылығын
азайтуға мүмкіндік беретін технологияны жа-
сап шығаруға бар қажыр-қайратын жұмсайды.
Алдағы болашақта аса маңызды деген қаз-
ба байлықтар қазіргі мәні мен маңызынан
айырылмайды. Керек десеңіз, бұрнағы жыл-
дардың тәжірибесі көрсеткендей, шикізат
бағасының өсуі дамыған мемлекеттердің эко-
номикасы үшін аса қауіпті де емес. 1973-1975
жылдардың аралығында америка экономика-
сы пайдаланған қуаткөздерінің жалпы құны
ІЖӨ-нің 16% құраған болатын; ал әзіргі күні
бұл көрсеткіш 8-8,5% аспайды.
Ал еуропалық мемлекеттерде осынау көрсет-
кіш екі есе төмен. Дамыған мемлекеттер шикі-
зат бағасы қымбаттайтындай болса оған сақа-
дай- сай әзір отыр, олар бұдан қауіптенбейді,
себебі бұл процесс олардың экономикасы үшін
аса қауіпті емес, қайта керісінше бұл дамыған
мемлекеттерді аталған тығырықтан шығудың
жолдарын іздестіруге талаптандырып және
жаңа технологияларға бағытталған қаржының
тиімділігін арттырады.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ПӘНДІК ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ
БАҒЫТТАРЫ
СЕКТОР
ТАҢДАУДЫҢ СЕБЕБІ
Ұлттың денсаулығын сақтау
және жақсарту, сонымен
қатар өмір сүру сапасын
арттыру.
Жоғары технологиялық
медициналық қызметтер.
Биомедицина саласындағы инновация және де
ақпараттық технологиялардың қолдану аясын
кеңейту негізінде өмір сүрудің жоғары сапасын
қалыптастыру.
Ұлттың денсаулығын
жақсартуға септесетін
экологиялық жағынан таза
ауылшаруашылық азық –
түлік өнімдері, бұдан сырт
экспортқа бағытталады.
- Ауылшаруашылық
саласының заманауи
технологиялары.
- Экологиялық жағынан таза
жоғары сапалы азық – түлік
өнімдерін өндіретін заманауи
технологиялар.
Толық азық – түлік қауіпсіздігі жағдайында
қалың бұқараны өмір сүру стандарттарының
жоғары деңгейімен қамтамасыз ету.
Экспорттық әлеуеттің құлашын кеңейту.
Жаңа пайдалы жақтары бар, мемлекет
тұрғындарының денсаулығын қамтамасыз
ететін жоғары сапалы азық – түлік өнімдері.
«Жасыл» технологиялар
негізіндегі экологиялық
тұрғыдан таза қоршаған орта.
Экологиялық тұрғыдан таза
заманауи технологиялар.
Өндірістік жұмыстарға жаңа технологияларды
кіріктіру, өндірісті автоматтандыру.
Экологиялық тұрғыдан таза өнімдерді
пайдалану.
Қуатты үнемдей білетін және
қуатты тиімді пайдаланатын
қоғам.
Қуатты тұтыну, өндіру және
тасымалдаудың заманауи
технологиялары.
Энерго тиімділік, өндірістің өзіндік
құнының төмендеуі және қуатты тасымалдау.
07
ҰЛТТЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУ
ЖӘНЕ ЖАҚСАРТУ, СОНЫМЕН
ҚАТАР ӨМІР СҮРУ САПАСЫН
АРТТЫРУ
ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ
ЖҮЙЕЛІК САРАПТАМА ЖӘНЕ БОЛЖАМДАУ
01
ПӘН АРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР
«ҰЛТТЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУ ЖӘНЕ
ЖАҚСАРТУ, СОНЫМЕН ҚАТАР ӨМІР СҮРУ СА-
ПАСЫН АРТТЫРУ»
Пән аралық ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру-
дың мақсаты:
Биомедицина, IT-медицина салаларындағы ин-
новация, экологиялық тұрғыдан таза қоршаған
ортаны қамтамасыз ету және азық-түлік сапасын
арттыру негізінде жұртшылықтың жоғары өмір сүру
сапасына қол жеткізу.
Көзделген міндетке қол жеткізу үшін медицина,
биотехнология, ауыл шаруашылығы, табиғи ресур-
стар және қоршаған ортаны қорғау, көлік құрасты-
ру, ақпараттық – технологиялық коммуникациялар,
жаңа материалдарды жасау және энергетика са-
лаларында зерттеу жүргізетін топтардың ғылыми
тақырыптарын бір жерге біріктіру қажет болады.
Халықаралық пәндік ғылыми зерттеулердің және
әзірлемелердің аталған блогын жүзеге асыру келе-
сідей үш бағыт бойынша жүргізуді қажет етеді:
1.
Ғылыми-инновациялық биомедицина
2.
Интеграцияланған денсаулық сақтау саласы:
денсаулықты сақтаудың халықаралық секто-
ральді талаптары.
3.
Әлеумет және денсаулық.
Ғылыми-инновациялық биомедицина
Аталған бағыттағы халықаралық пәндік зерттеулер
мен бағдарламалардың нәтижесінде жүзеге асатын
негізгі өнімдер мен қызмет түрлері төмендегідей бо-
лады:
1)
Биоинженерлік ағзалар и ұлпалар.
2)
ДНК, РНК секвенциялау бойынша персонализа-
цияланған қызмет көрсету.
3)
Биомедициналық жасушалық дәрі-дәрмектер
және емдеудің хаттамасы
4)
Микроорганизмдер мен вирустардың дәрілік
тұрақтылығын меңгеру әдістері.
Ал алғашқы өнімді алу үшін «Трансплантология
және регенеративтік медицинаға арналған өмір
сүруге қабілетті органдар мен жасушаларды жасау-
дың технологиялары» атты тақырыптың төңірегінде
ғылыми зерттеу жүргізу аса қажет болады.
Аталған ғылыми бағытты жүзеге асыру өмір сүруге
қабілетті тұтас органдар мен жасушаларды алудың
алдыңғы қатарлы озық биоинженерлік технологи-
яларын жасауға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде
бауыр, бүйрек, көмек, ұйқы безі және тері сияқты
донорлық органдардың тамшылығын азайтуға
септеседі. Тек бұл ғана емес, сонымен қатар әрбір
биоинженерлік органға арналып инкубацияланған
оңтайландырылған параметрлер мен биохимиялық
және биологиялық көрсеткіштерді бақылайтын
арнайы биореакторлар жасалатын болады. Био-
инженерлік органдарды клиникалық тәжірибеге
кіріктірудің нәтижесінде қалың бұқараның өмір сүру
сапасы мен өмір сүру ұзақтығы артады.
Ал нақты сапалы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін
«Биотехнологиялар» тақырыбының бағытындағы,
оның ішінде мына бір тармақты жүзеге асыру қажет:
клеточный терапияға арналған дифференцирован-
ных клеткаларды алудың әдістерін әзірлеу және
де дәрі–дәрмекті сынақтан өткізу, сонымен қатар
биоинженерлік органдар мен трансплантацияға
арналған ткандерді дайындаудың технологиясын
жасап шығару.
Осынау зерттеудің маңыздылығы неде десеңіз,
оған адамның мезенхимальды және плюрипотент-
ті өзекті жасушаларын регенеративтік медицина,
фармакология және токсикологияда қолдануға ар-
налған жасушалардың арнайы жасушалары мен
ағзаларды дифференциялаудың тиімді әдістерін
әзірлеу міндеті жүктелген.
Аталған жобадағы ауыз толтырып айтуға тұрарлық
сәттердің бірі және бірегейі болып өзекті және про-
генеторлык жасушаларды 3D микротасымалда-
ушыларында және сол тақілеттес құрылымдарда
өсіру и дифференциялдау болып табылады. Бұл
өз кезегінде дифференциялданған клеткалардың
белгіленген ұлпалық ерекшелігіне қарай шығуын
жоғарылатады. Өсу факторы арқылы не болмаса
белгілі бір генноинженерлік векторлардың көме-
гімен фибробластарды арнайы жасушалардың
(айталық, гепатоциттар, миофибробласттар, ней-
рондар, лимфатикалық эндотелиальді клеткалар)
басқа түрлеріне трансдифференциялау бойынша
зерттеулер жүргізу қажет. Клеткалардың нақты түр-
лерін алу үшін алдағы уақытта дифференциялаудың
және өсірудің бесфидерлік жүйелері жасаласын бо-
латын, бұл олардың клиникалық тәжірибеге кірігуін
жылдамдатады.
Трансплантацияға арналған биоинженерлік орган-
дар мен ұлпаларды әзірлеудің технологиясын жасау
бойынша ауқымды зерттеулер жүргізудің өзегінде
– ұлпаны биоинженерияның көмегімен қызметі на-
шарлаған немесе зақымданған, соның нәтижесінде
адам ағзасына қауіп төндіретін органдар мен ұлпа-
ларды ауыстыратын жасанды органдар менұлпалар
дайындау әрекеті жатыр. Жасушалық материалдың
баламасы ретінде индукцияланған плюрипотентті
өзекті жасушаларды арнайы бағытталған диффе-
ренциялау жолымен алынған ауыстырылатын ағза-
ның (ұлпалар) жасушаларына ұқсас аутологиялық
жасушаларды қолдану көзделіп отыр. Осылайша,
ағзалар және ұлпалар биоинженериясы бірқатар,
бірақ бір–біріне бағынбайтын аса жоғары деңгей-
дегі технологияларды өзара интеграциялайды, өз
Достарыңызбен бөлісу: |