Ж. Т. Сарыбекова, Ш. Т. Турдалиева, И. Е. Сағындық



Pdf көрінісі
бет6/9
Дата13.03.2023
өлшемі312,11 Kb.
#73674
1   2   3   4   5   6   7   8   9
2-сурет – Ұжымда қалыптасқан адамгершілік құндылықтар
Респонденттердің пікірінше, ұжымда кон-
флик тілі жағдайлардың де жиі орын алатыны 
бесінші сұрақтың көрсеткіштерінен анықталды. 
Респонденттер «Сіздің ұжымда конфликтілі 
жағдайлар орын алады ма?» – деген сұрақтың 
көрсеткіштері төмендегі 3-суретте сиптталды.


122
Ұжымдағы психологиялық ахуалды ретке келтірудегі адамгершіліктің теориялық-әдіснамалық негіздері
3-сурет – Ұжымдағы конфликтілі жағдайға бейімділігі
Сонымен қатар, «Сіз жұмыс жасайтын 
ұжымда психологиялық ахуалды ретке кел-
тіру үшін адамда қандай қасиеттерді қалып-
тастыру маңызды?» – деген сауалнаманың ал-
тын шы сұрағына қатысушылар төменде бе-
рілген нұсқаларды таңдады және соңында 
өздерінің қосымша ұсыныстары туралы мәлімет 
береді. Қатысушылар бірнеше нұсқаны таңдау 
мүмкінідігі бар. Олар: 
- рухани сауаттылық –14,5%
- мансап – 21,3%
- салауатты өмір салты – 33,9%
- стресске беріктілік – 28,1%
- сыйластық – 43,6%
- қаталдық – 21,3%
- әділдік – 60,1%
- мансап құмарлық – 8,7%
- корпоративтік (ұжымдық) мәдениет – 42,7%
- адамгершілік –72,8
- қатысушылардың қосымша пікірлері: 
сөзге беріктік, жоғары айлық, басшының басқару 
мәдениеті. 
Демек, біз ұжымда психологиялық ахуал-
ды ретке келтірудің бірден бір жолы тікелей 
ұжым мүшелерімен байланысты екенін 
анықтадық. Ұжым мүшелерінің өзара қарым-
қатынасы, корпоративтік мәдениеті, олардың 
бойындағы адамгершілік қасиеті, салт-дәстүр 
мен әдет-ғұрыпты ұстануы, қарым-қатынас 
барысында өзара сыйластық пен түсіністікке 
негізделеді. Сондай-ақ, сол ұжымды басқарып 
отырған басшының ұжымды басқару стилі, 
қызметкерлеріне деген қарым-қатынасы мен 
түсіністігі аса маңызды. Басшының мінез-құл-
қы, басқару стилі ұжымдағы психологиялық 
ахуалдың қолайлы немесе қолайсыз болып 
қалыптасуының бастапқы нүктесі болып 
табылады.
Ұжымдағы жағымды психологиялық ахуал
ұжымның еңбек қызметіндегі белсенділігін 
арттыруға, тұлғалар арасындағы қарым-қаты-
настың оң болуына мүмкіндік береді, сондай-
ақ ұжымның ішкі әлеміне ықпал етіп, тұлғалық 
қарым-қатынаста, еңбек қызметінде сыйластық 
пен жауапкершілікті, дамуды жүзеге асыруға 
мүмкіндік береді. Бұл ұжым мүшелерінің тұ-
рақты адамгершілік, психологиялық қарым-қа-
тынасы, бір-біріне, еңбек қызметіне, әлеуметтік 
және жеке тұлғалық құндылықтары мен бағ-
дарлары негізінде жалпы ұйымшылдық қарым-
қатынасының көрінісі.
Адамгершілік – бұл әрбір тұлғаның бойын-
дағы тәрбиелік құндылық, өзгелер алдындағы 
жауапкершілік, құрметпен түсінісу, кәсіби 
этикаға сәйкес өзінің іс-әрекеттері мен мінез-
құлқын қадағалау және түзету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет