© 2021 Al-Farabi
Kazakh National University
ISSN 2617-7544, еISSN 2617-7552 Психология және социология сериясы. №1 (76). 2021 https://bulletin-psysoc.kaznu.kz
113
ҒТАМР 15.41.47 https://doi.org/10.26577/JPsS.2021.v76.i1.011
Ж.Т. Сарыбекова, Ш.Т. Турдалиева
*
, И.Е. Сағындық
М.Х. Дулати атындағы
Тараз өңірлік университеті, Қазақстан, Тараз қ.
*
e-mail: chopik_74@mail.ru
ҰЖЫМДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ
РЕТКЕ КЕЛТІРУДЕГІ АДАМГЕРШІЛІКТІҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Кез келген ұжымның беріктігі және өмірінің ұзақтығы сол ұжым мүшелерінің арасындағы
қарым-қатынас, олардың эмоционалды байланыстары, конфликтілі жағдайлардың деңгейі,
басшының басқару стилі және т.б. сияқты маңызды эталондарының көріністері.
Мақаланың
мақсаты – ұжымның психологиялық ахуалын ретке келтірудегі адамгершілікті қалыптастырудың
маңыздылығының теориялық-әдіснамалық негіздерін зерделеу. Мақаланың теориялық бөлімінде
ұжымның әлеуметтік-психологиялық маңызды сапалары, ұжым мүшелерінің эмоционалды
ерік-жігер мүмкіндіктері, қызметтік құндылық бағдарлары мен психологиялық ерекшеліктері
туралы ғалымдарының еңбектеріне сипаттама берілді. Практикалық
бөлімде респонденттің
өзі қызмет атқаратын ұжымның психологиялық ахуалы және ұжымның үйлесімділігі үшін
адамда қандай құндылықтардың болуының маңыздылығын тексеру мақсатында әр түрлі
кәсіби саладағы мамандардан сауалнамаға қатысқан 103 респонденттің нәтижелері көрсетілді.
Зерттеу нәтижесінен қазіргі нарық кеңістігінде адамда адамгершілік қасиеттерінің басым болуы
ұжымның психологиялық үйлесімділігін қалыптастырумен қатар оның еңбек өнімділігіне де
оң ықпалын тигізетіні анықталды. Өйткені, ұжымның психологиялық ахуалына ықпал ететін
басым бағыттарына респонденттердің 72,8%
адамгершілікті белгілесе, 42,7% – корпоративтік
(ұжымдық) мәдениет, 43,6% – сыйластық, 60,1% – әділдікті таңдаған. Осыдан, адамгершілік
– адам бойындағы ізгілік, инабаттылық, әділдік ұғымдарымен
сипатталатын мәдениет
құндылықтары болса, ал еңбек ұжымында ол сенімділік, іскерлік, сөзге беріктік, толеранттылық
екені анықталды.
Түйін сөздер: ұжым, мәдениет, адамгершілік, психологиялық ахуал, қарым-қатынас,
құндылық.
Zh.T. Sarybekova, Sh.T.
Turdaliyeva
*
, I.E. Sagyndyk
Taraz regional university named after M.Kh. Dulaty, Kazakhstan, Taraz,
*
e-mail: chopik_74@mail.ru