Жаңартылған білім мазмұнындағы


Ж.Аймауытовтың ««Жан жүйесі мен өнер таңдау» еңбегіндегі»



бет20/32
Дата19.12.2022
өлшемі1,79 Mb.
#58184
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   32
Байланысты:
ҚӘОӘ сессия НОВЫЙ

38.Ж.Аймауытовтың ««Жан жүйесі мен өнер таңдау» еңбегіндегі»
адамның өзін-өзі тану мсәелесін саралап жазыңыз.
Адамның өзін тану, өз жолын табуы өте киын. Бұл қиындык әсіресе жастардыңғбасында: олар тәжірибесіз, олар көнілі, ойы құбылмалы, толқымалы, сондықтан өзін сынай алмайды.Өмір жолдары тараулы. “Жастар токсан жолдың торабында, кай жолға түсерін білмей, дағдарды. Егер жазатайым болып, теріс жолға түсіп кетсе, өмірі өкініші кетпейді.
Әр адам әлеуметке мүше болғандыктан, әлеумет ісіне көмектес болуға міндетті. Көмектес болу үшін өнер (профессия) таңдау керек.
Әрбір өнер белгілі мінез касиетін тілейді. Ондай қасиеті болмаса, кызмет жемісті болмайды. Белгілі бір өнерге арналып, бейім бола туған адамда ондай касист анык байқалады.Мысалы, артистің бойына біткен мінез касиеті: біреудін басынан кешірген халін ұға білу, өзін өзгенің орнына коя білу,басқалардың кейпіне түсу. Оның үстіне артист болуға өткір сезім, күшті киял, жаттау кабілеті, ұстамдылық сипаттары да керек. Саудагер болуға құнтакты, епті, айлакер, пысык, ісішіл,тапқышыл, жылмаң болмай, болмайды. Саудагер көрсеқызар,шыдамсыз, күйгелек болды-ақ ұрынады, ұтылады. Өткір сезім,күшті қиялдың саудагерге түкке керегі жоқ. Әскер қызметі көнбістікті. ерлікті, тәуекелшілдікті, тез байыптағыштықты тілейді. Осындай өзгеше сипаттар ар адамға белгілі рең береді.Қай адам қандай кәсіп істейтіндігі сыртқы түрінен де көрініп тұрады. Әскер адамның жүріс-тұрысы, сөзі, дауысы Тез, тік,кесілмелі, тақ-тақ келеді. Дүкенші болса, әдепшіл, жылмаң,жарамсак келеді. Жақсы окытушы болу үшін ілтифаты тұрақты,кең, мінезі ауыр, жатық, бойына берік, ұстамды болу керек,шәкірттерінің қылт еткен қылығын байқап, жауабына әзір тұру керек.
Өнерге ыңғайлы болу үйренумен. машыктанумен, жүре табылмайды, адам іштен туа өнерге икем бола туады. Менің табиғатым нені қалайды? Ындыным нені сүйеді? Ішімдегі дауысым мені қайда шақырады? Менің «мендігімді» сыртка шығаратын ең басым, күшті ыңғайым. талабым қайсы? Сол дауыстың айтқанына жүруім керек. Адамның өзге сипат-тарының бәрінен артык жетілетін талабы осы болу керек.
39.А.Көшімбаевтың «Қазақ әдебиетін оқыту методикасы» еңбегінің құрылымына талдау жасап, еңбегіндегі жоғары сыныптардағы әдебиет тарихын оқытудың ерекшеліктерін саралап көрсетіңіз.
А.Көшімбаетың «Қазақ әдебиетін оқыту методикасы» еңбегі 3 бөлімнен тұрады. «Орта мектептегі әдебиетті оқытудың мәселелері», «4-7 класстардағы әдебиеттік оқу және оның методикасы», «жоғарғы класстардағы әдебиет тарихы мен оны оқыту методикасы» атты 3 бөлімнен тұрады.
Жоғарғы класстардағы қазақ әдебиеті ауыз әдебиетінен басталып,18,19-20ғасыр әдебиетін қарастырып,қазақ совет әдебиеті мен ССр халықтары әдебиетімен аяқталады.Осы тарихи әдеби курс 2 жүйеден тұрады:тарихи-әдеби шолулар,монографиялық тақырыптар.Шолу тақырыптарын өткенде,сол дәуірдің әлеуметтік жағдайын, саяси оқиғалар негізінде туған шығармалар қарастырылады. Монографиялық тақырыптар әрбір әдеби-тарихи шолулардан соң өтіледі.Автор туралы өмірі қысқаша баяндалған сон, шығарманың идеялық-көркемдік мазмұны талданады.
Әдеби шолу екі кезеңнен тұрады: сабаққа әзірлену кезеңі,сабақты өткізу кезеңі.Мұғалім болсын,оқушы болсын екі тұлғада сабаққа әзірленуі керек. Алдымен кез келген сабақ басталған кезде мұғалім тезистермен яғни мәселелермен таныстыру қажет. Сынып ішінде сабақтың мақсатын,мазмұнын,идеясын айту міндетті болып саналады. Әдебиет мұғалімінің тек қана кітаптағы ақпаратпен шектеліп қалмауы керек,шолу сабақтары негізінде әртүрлі ақпараттарды іздестіру арқылы сабақты қызықты өткізу қажет.САбақ барысында мәнерлеп оқудың да орны ерекше. Дайындалған сапалы дүниенің ұтымды болуы тікелей мұғалімнің сөйлеу дағдысымен шеберлігіне тікелей байланысты.
Үлкен қарастырылған мәселе мұғалім тек баяндаушы,ал оқушының тыңдарман болып қалмауы туралы айтылады. Мұұғалім сабақ түсіндіргенде оқушы бірге әрекет етуі керек. Осы проблеманы шешпеген сонң,оқушылармен жоғарғы оқу орнына барғанда қиналады. Мысалы,8 сынып оқушыларын қарастырайық.Олар ақын-жазушылардың өмірбаянын хронологиялық тұрғыда оқып,түсіне алады. Ең алдымен мұғалім сабақтың тақырып,мақсатын айтады. Одан кейін сабақтың жоспарын не ауызша баяндап,немесе тақтаға жазады. Жоспар өте маңызды бөлік болып саналады. Оның нақты тиімді болуы шарт. ӘР бөлімдегі негізгі ой мен күрделі,термин,даталарды оқушылар жазып отыруы тиіс.Бөлім соңындағы қорытынды да жазуы керек. Міне,осындай баспалдақ арқылы баланы тыңдап та,жазып та білім алуға үйретуге болады.
40.«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша жасалатын күнтізбелік-тақырыптық жоспар құрылымын жазыңыз. Жоспар мазмұнында сағаттарды, тақырыптарды және соған сәйкес оқу мақсаттарын жоспарлаудың үлгісін көрсетіңіз.
«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес оқу бағдарламасы негізінде әзірленеді. Мұғалім тоқсан бойынша белгіленген сағат сандарын тарауларға жіктей алады және оқу мақсатына кететін уақытты (сағатты) өзі белгілей алады. Мұғалім белгілі бір тарауда ұсынылған оқу мақсаттарын жүзеге асыру үшін олардың ретін ауыстыра алады, тарау барысында бірнеше рет қайталап ұсына алады және оқушылардың қажеттілігіне сай қосымша оқу мақсаттарын таңдай алады. Бір сабақта кемінде 1-2 оқу мақсатын қамтыған дұрыс.Мұғалім оқу бағдарламасында көрсетілген тарау атауларына сәйкес сабақтың тақырыбын оқулыққа сай таңдап құрастырады және таңдаған тақырыпқа байланысты сағат санын өзі белгілей алады. Белгілі бір тақырып көлемінде сабақ жүйесін жоспарлағанда материалдың логикалық бірізділігі, сол тақырыптың аталған пәндегі орны, тақырып ауқымында қамтылатын ақпараттың көлемінің оқушы танымы мен сол жастағы оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкестігі, жаңа идеялар мен теориялық негізі, интеграциялық байланыс мүмкіндіктері, күтілетін нәтиже мен түпкілікті мақсат қарастырылады.Әр тақырыпты бастағанда міндетті түрде түсіну және жауап беру бөлімінен бастап, сол бойынша оқу мақсатын алу керек. Жаңа тақырыпты бастағанда дереу Бағалау мен салыстыру не Анализ және интерпретациядан бастап кетсе, оқу құрылымы дұрыс сақталмайды.
41.«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша жасалатын қысқа мерзімді жоспарды, жоспар құрылымындағы оқу мақсатын, сабақ мақсатын және бағалау өлшемдерін қоюдағы ерекшеліктерді саралап жазыңыз.
Қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрудың негізгі міндеттері:
1. сабақтың тақырыбы анықтау;
2. әр тақырыпты меңгертудің мақсаттары мен міндеттерін белгілеу;
3. оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін түрлі әдіс-тәсілдер қолдану;
4. тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым дағдылары бойынша түрлі жұмыс түрлерін дайындау;
5. төрт дағдыны қалыптастыру үшін ұсынылатын оқу материалдары мен ресурстарды оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай іріктеп алу;
6. уақытты үнемді және нәтижелі пайдаланудың жолдарын қарастыру;
7. жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтау үшін рефлексия ұйымдастыру.
8. сабақтың мазмұны бойынша қорытынды жасау;
9. оқушыларға өзін-өзі тексеруге және бағалауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар дайындау;
10. тақырыпты пысықтау үшін үй тапсырмасы әзірлеу.
Қысқамерзімді жоспарлауға барлық педагогтарды қамтуға болады. Мақсат қоя білу, міндеттерді белгілеу, күтілетін нәтиже, модульдерді қолдану, сабақтың барысы, мұғалімнің іс-әрекеті, оқушының іс-әрекеті, бағалау және рефлексия бөлімдері бойынша мұғалімнің жұмысын бағалау ұсынылады.
«Қысқа мерзімді жоспар құрған кезде мұғалімге төмендегі ұсыныстарды басшылыққа алуға болады:
– сабақты ұйымдастыру кезінде оқу бағдарламасында және оқу жоспарында көрсетілген мақсаттарды басшылыққа алу қажет;
– орта мерзімді жоспарда ұсынылған барлық іс-әрекеттерді ұйымдастыру ұсынылады;
– мұғалімнің қалауы бойынша іс-әрекет түрі қажеттілігіне қарай толықтырылып отырады.
Жаңа форматты сабақ балаларды оқыту процесіне белсенді тартуды, олардың талқылауларға қатысуын, өткен материалды талдау және қорытуын, зерттеу жүргізуін, бағалау пікірлерін айту, өзін-өзі бағалау және т. б. көздейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет