«Жаңартылған мазмұндағы «Дене шынықтыру» пәнін оқыту әдістемесі» пәні ДӘрістер тезистері



Pdf көрінісі
бет9/24
Дата03.12.2023
өлшемі0,56 Mb.
#133941
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24
Бақылау сұрақтары: 
1.
Дене тәрбиесінің негізгі ұстанымдарын атаңыз.
2. Саналылық және белсендiлiк ұстанымы 
3. Кӛрнекiлiк ұстанымы 
4. Жүйелiлiк ұстанымы 
5. Бiртiндеушiлiк ұстанымы 
6. Реттiлiк ұстанымы 
7. Даралық ұстанымы 
 

4-дәріс тақырыбы: «Дене шынықтыру» пәнінің жаңартылған мазмұны 
 
Жоспары: 
1.
 
«Дене шынықтыру» бағдарламасының мақсаты, міндеттері 
2.
 
«Дене шынықтыру» оқу бағдарламасының құрылымы, мазмұны 
3.
Жаңартылған білім беру бойынша жоспарлаудағы ерекшелік.
 
«Дене 
шынықтыру» 
бағдарламаның 
мақсаты 
оқушыларды 
дене 
шынықтырудың негіздерімен таныстыру болып табылады, нақты айтқанда, 
олардың спорттық-спецификалық қозғалу дағдылары мен дене шынықтыру 
(физикалық) қабілеттерін меңгеруімен қатар, салауатты денені шынықтырудың 
дамуына ықпал етеді. «Дене шынықтыру» пәні бойынша бағдарлама кезең-
кезеңімен жүзеге асырылатын оқу жоспарын ұсынады, бұл жоспар оқушылардың 
физикалық іс-әрекеттің түрлері бойынша білімдерін, түсініктерін және 
дағдыларын дамытуға ықпал етіп, сол уақытта олардың жеке гигиена, психикалық 
денсаулық және салауатты ӛмір салтының қағидалары сияқты аспектілер 
тұрғысында жалпы дамуын жақсартады. 
Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін бастауыш мектеп оқушыларды оқытуға 
арналған оқу бағдарламасы келесі міндеттерді іске асыруы тиіс: 
-
дене денсаулығының және рухани денсаулықтың негізін қалайды, бұл 
әлеуметтік дағдыларды дамытуға, тұлғалық дамуға оң әсер етеді; 
-
оқушыларды ӛздерінің физикалық және психологиялық денсаулықтарын 
түсінуге және нығайтуға ынталандырады; 
-
дене шынықтыру және спорт саласындағы теориялық білімдері мен 
тәжірибелік дағдыларын дамытуға жағдай жасайды
-
оқушылардың қозғалыс дағдыларын дамытады, атап айтқанда, олардың 
тӛзімділігін, ширақтығын, күшін, ептіліктерін және икемділігін дамытуға әсер 
етеді; 
-
оқушылардың Отанға деген патриоттық сезімін ұялатуға, бір-бірін 



Ф КазНПУ 0703-03-18 (1). Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым.
құрметтеуге, командалық жұмыс дағдыларына, жауапкершілік пен ӛзара 
түсіністікке тәрбиелейді; 
-
оқушылардың ӛз ӛмірлерінде салауатты ӛмір салтын ұстануға және үйренген 
дене қимыл дағдыларын алдағы уақытта қолдануға ынталандырады; 
-
оқушылардың жалпы адамзат мәдениетінің бір бӛлігі ретінде дене 
шынықтыру пәні туралы ӛз кӛзқарастарын қалыптастырып, осы саладағы 
білімдерін дамытуға мүмкіндік береді. 
«Дене шынықтыру» пәнін оқыту оқушыларға: 
-
пән туралы білімдерін, шеберліктері мен дағдыларын күнделікті ӛмірлерінде 
қолдануға; 
-
қимыл-қозғалыс дағдыларын жақсарту және оқушылардың дене дамуын 
жетілдіру 
қажеттіліктерін бағалауға; 
-
адамгершілік қасиетін дамытудың маңыздылығын түсінуге және әділ 
бәсекелестік пен ӛздерін үздіксіз дамытудың қажеттілігін түсінуге; 
-
жеке гигиена туралы ережелерін сақтау қажеттілігін түсінуге; 
-
дене қимыл-қозғалыс жаттығулары адамның дене жүйелеріне әсерін білуге; 
-
ӛзінің және басқалардың дене жағдайын бағалауға; 
-
сыни тұрғыдан, шығармашылық ойлау қабілеттерін және коммуникативтік 
дағдыларын 
дамытуға мүмкіндік береді

Бағдарламада пәндiк бiлiмнiң мазмұны 3 бӛлiмге бӛлiнген. Бұл бӛлiмдер ӛз 
iшiнде бiлiм, түсiнiк және дағдыларды қалыптастыруды кӛздейтiн бӛлiмшелерден 
тұрады. Оқу мақсаттары әр бӛлiмше iшiнде мұғалiм мен оқушыға болашақ 
қадамдары жӛнiнде ӛзара ой бӛлiсуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкiндiк 
беретiн бiрiздiлiк пен сабақтастықты кӛрсетедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет