«Жаңартылған мазмұндағы «Дене шынықтыру» пәнін оқыту әдістемесі» пәні ДӘрістер тезистері



Pdf көрінісі
бет7/24
Дата03.12.2023
өлшемі0,56 Mb.
#133941
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24
Жүйелiлiк ұстанымы
Негiзгi қозғалысқа дағдысын дамытудағы жақсы 
нәтиже тек қана дене тәрбиесi жаттығуларын жүйелi орындағанда ғана болады. 
Жүйелiлiк – сабақтар арасында ұзақ үзiлiс болмауы, сол арқылы 
жаттығушылардың дене дайындығы деңгейiн түсiрмеуi. Сондықтан да жүйелiлiк 
қағидасын қолданғанда ӛткен сабақтың iзiн, ӛтiп жатқан сабақтың әсерi басып
нығайып, толықтырып жатуы керек. Қорытындысында кӛп сабақтың әсерлерi 
қосылып, кумулятивтiк әсер (жаттығушы ағзасының берiк бейiмделу үрдiсi) пайда 
болады, жаттыққандық деңгейi кӛтерiледi. Сабақтар белгiлi бiр жүйе бойынша 
жұмыс және тынығу кезеңдерiнiң алмасуымен ӛтедi, бұлардың негiзiнде бiр-
бiрiмен байланысты ағзаның шаршауы және қалпына келу үдерiсi жүредi. 
Реттiлiк ұстанымы. 
Қимыл-қозғалысқа үйрету және дене қасиетiн дамыту 
реттiлiгiне арналған талаптар үш дидактикалық ережеден тұрады: 1. Жеңiлден – 
қиынға. 2. Қарапайымнан – күрделiге. 3. Меңгерiлген қимыл-әрекеттен -
меңгерiлмеген қимыл-әрекетке. 
Бұрыннан меңгерiлген қимыл-әрекетi мен дағдысының негiзiнде жаңа 
қозғалыстарды үйрете, қалыптастыра бiлу керек. Әрбiр спорт түрiнiң негiзгi 
жаттығуларын үйреткенде оларды рет-ретiмен iрiктеп, қарапайым, жеңiл 
орындалатын қимыл-қозғалыстарды алдымен, сонан соң күрделi жаттығуларды 
ақырындап күрделiлендiре үйрету қажет. Дене тәрбиесi үдерiсiнiң реттiлiк 
қағидасының ерекшелiгi де осы жаттығулардың сабақтастық негiзiне бағытталған. 
Оқу материалдарын жоспарлағанда ӛткен сабақтың мазмұны келесi сабақпен 
жалғасып жатуын ойластыру керек. 
Бiртiндеушiлiк ұстанымы. 
Орындайтын жаттығулар техникасының бiртiндеп 
күрделiленуiн, жүктеме кӛлемi мен қарқыны бiртiндеп ӛсуiн бiртiндеушiлiк 
қағидасы деймiз. Сабақ жүктемелерiн демалыстан кейiнгi кездерде немесе 
жаттығу сабақтары жаңа басталған кезеңдерде жеңiл, кiшi, аз кӛлемде, ақырын 
қарқында берiп, бiрте-бiрте жоғарылатып отырған дұрыс.
Оқушылардың функционалдық мүмкiншiлiктерi тұрақты ӛсiп отыруы оларға 
жоғары талаптар қоюды керек етедi. Сондықтан да жаттығушылардың дайындық 
деңгейi қандай биiк болса, сондай жоғары талаптар қойылады. Қойылған 
талаптардың дамуы жаңа тапсырмалардың түсiнiктiлiгiне, жүктеме кӛлемiнiң 
дұрыс берiлуiне байланысты. Қимыл-қозғалысты меңгеру, жүктеме кӛлемiн 
ӛзгертудi мұғалiм мектеп бағдарламасын, Президенттiк сынақ нормативтерiн 
басшылыққа ала отырып белгiлейдi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет