Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


Оқу пәнінің 6-сыныптағы базалық білім мазмұны



Pdf көрінісі
бет25/132
Дата02.01.2017
өлшемі3,08 Mb.
#970
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   132

3. Оқу пәнінің 6-сыныптағы базалық білім мазмұны

      19. Пәнді оқытуға аптасына 3 сағаттан, барлығы 102 сағат бөлінген. 

      20. Базалық білім мазмұны төмендегідей тақырыптарды қамтиды: 

      21. «Әдеби тіл және мәтін» (10 сағат): 

      1) «Қазақ тілінің әдеби тіл ретіндегі қызметі»; 

      2) «Әдеби тіл нормалары». Орфографиялық, орфоэпиялық нормалар. Әдеби тілдің ауызша және

жазбаша түрлерінде тіл нормаларын сақтаудың маңызы; 

      3) «Мәтін». Ауызша әдеби тілге қатысты мәтіндердің үлгілері. Жазба әдеби тілдік мәтіндер:

түрлері, тақырыптары, идеясы, мазмұны, ой бөліктері, стильдік сипаты. Мәтіндерге тілдік талдау.

Мәтіннің түрлерінде әдеби тіл нормаларының сақталу қалпы. Орфографиялық нормадан ауытқу

амалдары; 

      4) орфоэпиялық нормалардың қолданылатын орындары. Ән, өлең және жыр шумақтарындағы,

шешендік сөздер мен көркем образдар тіліндегі орфоэпиялық нормаларды іске асырудың жолдары. 

      22. «Сөз құрамы» (10 сағат): 

      1) «Түбір мен қосымша. Сөз тұлғасы». Дара және күрделі сөздер. Күрделі сөздердің түрлері.

Біріккен сөздер мен кіріккен сөздер: анықтамасы, жасалу жолдары. Негізгі түбір және туынды

түбір. Бірігетін сөз таптары және олардың жазылуы, емлесі. Қос сөздердің қайталама қос сөздер

және қосарлама қос сөздер болып бөлінуі. Олардың анықтамасы, жасалу жолдары. Қосарланатын сөз

таптары және олардың жазылу емлесі. Күрделі сөздер мен сөз тіркестерінің ұқсастығы мен

айырмашылығы. Тіркес сөздер: анықтамасы, мағыналық тұтастығы, жасалу жолдары; 

      2) тіркесіп күрделі сөз болатын сөз таптары және олардың жазылу емлесі. Қысқарған сөздер:

анықтамасы, жасалу жолдары. Қысқарған сөз болатын сөз таптары және олардың жазылуы емлесі; 

      3) көне түркі ескерткіштеріндегі сөзжасам тәсілдері. 

      23. «Морфология» (72 сағат): 

      1) «Сөздің топтары» (2 сағат). Қазақ тіліндегі сөздердің мағынасы жағынан және тілдегі

қызметі жағынан негізгі (атауыш) сөздер, көмекші сөздер, одағай сөздер болып үшке бөлінетіндігі;

      2) Атауыш сөздер. Анықтамасы, негізгі белгілері. Көмекші сөздер, анықтамасы, негізгі

белгілері. Одағай сөздер, анықтамасы, негізгі белгілері; 

      3) «Сөз таптары. Зат есім» (68 сағат). Зат есімдердің түрлері. Дара және күрделі зат


есімдер. Зат есімнің сұрақтары, зат есім болатын сөздердің мағыналары. Деректі және дерексіз зат

есімдер. Дара және жинақтау зат есімдер. Зат есімдер атаулық жағынан жинақтау зат есім, дара зат

есім болатындығы, олардың өзіндік белгілері. Жалқы және жалпы есім. Зат есімдер мағынасы мен

атаулық жағынан жалқы есім және жалпы есім болып жіктелетіндігі. Жалқы есім болатын атаулар.

Жалпы есімге дара зат есімдер мен жинақтау зат есімдердің жататындығы; 

      4) «Сын есім». Дара және күрделі сын есімдер. Сын есімнің сұраулары

      5) «Сапалық сын есімдер». Сапалық сын есім жасайтын сындық сапалық қасиеттер (түсі, дәмі,

көркі, көлемі және т.б.). Олардың негізінен түбір сын есім болатындығы; 

      6) «Қатыстық сын есімдер». Қатыстық сын есімдердің басқа сөз таптарының қатысуымен

жұрнақтар арқылы жасалуы; 

      7) сын есімдердің зат есімдермен байланысында заттың сапасын көрсететіндігі. Етістікпен

байланысқанда іс-әрекеттің өту сипатын көрсететіндігі; 

      8) сөйлемдегі сын есімдердің түрлеріне талдау жасатып жұрнақтардың беретін мағыналары мен

қызметтерін үйрету; 

      9) «Сан есім». Сан есім заттың санын, мөлшерін, бөлшегін білдіретін сөз табы екендігі. Сан

есімнің сұрақтары. Дара және күрделі сан есімдер. Сан есімнің зат есіммен байланыстылығы; 

      10) «Сан есімнің түрлері»; 

      11) «Есептік сан есім». Дара есептік сан есімдер. Күрделі есептік сан есімдер. Есептік сан

есімдердің қолданылатын орындары; 

      12) «Реттік сан есімдер». Реттік сан есімдердің жасалу жолдары. Реттік сан есімдердің

қолданылатын орындары, жазылу емлесі

      13) «Жинақтық сан есімдер». Олардың жасалу жолдары. Жинақтық сан есімдердің қолданылатын

орындары; 

      14) «Топтық сан есімдер». Олардың жасалу жолдары. Топтық сан есімдердің қолданылатын

орындары, емлесі; 

      15) «Болжалдық сан есімдер». Болжалдық сан есімдердің жұрнақ арқылы жасалуы. Болжалдық сан

есімдердің қосарланып, тіркесіп жасалуы. Болжалдық сан есімдердің қолданылатын орындары, жазылу

емлесі; 


      16) «Бөлшектік сан есімдер». Олардың жасалу жолдары. Бөлшектік сан есімдердің қолданылатын

орындары; 

      17) «Сан есімнің емлесі»; 

      18) «Есімдік». Сөз табының есімдік деп аталу себебі. Есімдіктің зат, сын, сан есімдердің

орнына жүретіндігі, қай сөз табының орнына жүрсе, сол сөз табының сұрағына жауап беретіндігі.

Есімдіктердің кейде орынбасар сөздер аталуы; 

      19) «Есімдіктің түрлері»; 

      20) «Жіктеу есімдіктері». Олардың қолданылатын орындары, сұрақтары; 

      21) «Сілтеу есімдіктері». Олардың мағыналық ерекшеліктері, қолданылатын орындары,

сұрақтары; 

      22) «Сұрау есімдіктері». Олардың қолданылатын орындары; 

      23) «Өздік есімдіктері». Олардың қолданылатын орындары, сұрақтары; 

      24) «Жалпылау есімдіктері». Олардың қолданылатын орындары, сұрақтары. Жалпылау есімдігінің

сызықшамен жазылуы; 

      25) «Белгісіздік есімдіктері». Олардың қолданылатын орындары, сұрақтары. Белгісіздік

есімдіктерінің жазылу емлесі; 

      26) «Болымсыздық есімдіктер». Олардың қолданылатын орындары, сұрақтары.Болымсыз

есімдіктердің жазылу емлесі; 

      27) «Көне түркі ескерткіштеріндегі есімдіктер»; 

      28) «Есімдіктердің емлесі»; 

      29) «Етістік». Заттың қимылын, амалын, жай-күйін білдіретін сөздер етістік деп

аталатындығы. Етістіктің тұлғасына қарай негізгі, туынды етістік болып бөлінетіндігі. Көмекші

етістік. Етістіктің сұраулары. Дара және күрделі етістіктер, олардың мағыналық бірлігі, жасалу

жолдары; 

      30) «Болымды және болымсыз етістіктер». Болымсыз етістіктердің жасалу жолдары. Болымды

және болымсыз етістіктердің мағыналық айырмашылығы; 



      31) «Салт және сабақты етістіктер». Олардың субъекті мен объектіге қарым-қатынасы; 

      32) «Етістіктің түрлері»; 

      33) «Етістер». Етістердің етістіктің өзге түрлерінен ерекшелейтін сипаттары. Етістердің

субъекті мен объектінің амалға қатысын, керісінше, амалдың субъекті мен объектіге қатысын

білдіретін грамматикалық сипаты. Етіс жұрнақтарының мағыналары мен қызметіне қарай бірнеше түрге

бөлінетіндігі; 

      34) «Ортақ етіс, жұрнақтары». Ортақ етіс жұрнақтарының беретін грамматикалық мағынасы мен

қызметі; 

      35) «Өзгелік етіс, жұрнақтары». Өзгелік етіс жұрнақтарының беретін мағынасы мен қызметі; 

      36) «Ырықсыз етіс, жұрнақтары». Ырықсыз етіс жұрнақтарының беретін мағынасы мен қызметі; 

      37) «Өздік етіс, жұрнақтары». Өздік етіс жұрнақтарының беретін мағынасы мен қызметі; 

      38) «Есімше». Есімшелердің етістіктен қосымшалар арқылы жасалатындығы. Есімшенің етістікке

де, сын есімге де қатыстылығы (ұқсастығы) жайында мағлұмат беру. Есімшенің түрлері, олардың

беретін мағыналары. Есімшенің жасалуы;

      39) «Көсемше». Көсемше етістіктің ерекше түрі екендігі. Көсемшенің жасалу жолдары;

      40) «Тұйық етістік». Тұйық етістіктің өзіндік ерекшеліктері; 

      41) «Қимыл есімдерін жасайтын қосымшалар». Қимыл есімдерінің іс-қимыл процесінің атауын

білдіретіндігі; 

      42) «Үстеу». Үстеулердің мағына жағынан заттың қимылының, іс-әрекетінің және заттың

сынының әр алуан белгілерін білдіру үшін қолданылатындығы. Үстеулердің сөйлемде етістікті

сипаттайтындығы, яғни істің, қимылдың мән-жайын, амалын, мезгілін, мекенін білдіретіндігі.

Үстеудің сұрақтары. Дара және күрделі үстеулердің құрылысы мен құрамы. Үстеулердің құрамына

қарай негізгі түбір үстеулер, туынды түбір үстеулер, күрделі үстеулер болып бөлінуі. Түбірге

сіңісіп, көнеленіп үстеу тудыратын септік жалғаулары; 

      43) «Үстеудің түрлері». Үстеудің түрлері үстеу болатын сөздердің мағыналарынан келіп

шығады; 


      44) «Мезгіл үстеулері». Олардың мағыналары, сұрақтары. Мезгіл үстеулердің қолданылатын

орындары, қолданылу мақсаты; 

      45) «Мекен үстеулері». Олардың мағыналары, сұрақтары. Мекен үстеулердің қолданылатын

орындары; 

      46) «Мөлшер үстеулері». Олардың білдіретін мағыналары, сұрақтары. Мөлшер үстеулерінің

қолданылатын орындары, қолданылу мақсаты; 

      47) «Қимыл-сын үстеулері». Олардың мағыналық ерекшеліктері, сұрақтары. Қимыл-сын

үстеулерінің қолданылатын орындары, қолданылу мақсаты; 

      48) «Күшейту үстеулері». Олардың білдіретін мағыналары, сұрақтары. Күшейту үстеулерінің

қолданылатын орындары, қолданылу мақсаты; 

      49) «Мақсат үстеулері». Олардың білдіретін мағыналары, сұрақтары. Мақсат үстеулерінің

қолданылатын орындары, қолданылу мақсаты; 

      50) «Себеп-салдар үстеулері». Олардың білдіретін мағыналары, сұрақтары. Себеп-салдар

үстеулерінің қолданылатын орындары, қолданылу мақсаты; 

      51) «Топтау үстеулері». Олардың мағыналық белгілері сұрақтары. Топтау үстеулерінің

қолданылатын орындары, қолданылу мақсаты; 

      52) «Көне түркі ескерткішіндегі үстеулер»; 

      53) «Үстеудің емлесі». Үстеудің сөйлемдегі қызметі; 

      54) «Еліктеуіш сөздер». Еліктеу жайында алғашқы ұғымдарды қалыптастыру. Еліктеу деп

аталатын атаудың мәні. Еліктеу сөздер табиғат құбылыстарының дыбыстарына және айналадағы

заттардың қозғалуына байланысты белгілерге, түрлі аң-құстардың дыбыстары мен адамның сөйлеу

мүшелерінен шыққан дыбыстарына еліктеуден пайда болатыны, мұнымен қоса, адамның, заттың сыртқы

тұлғасын сипаттап көрсететіндігі. Сұрақтары. Еліктеудің құрамы, жасалу жолдары; 

      55) «Еліктеуіш сөздің түрлері». Еліктеу сөздер және бейнелеуіш сөздер. Бұл екеуінің

арасындағы мағыналық жақындықтар мен айырмашылықтар; 

      56) еліктеуіш сөздер мен бейнелеуіш сөздердің қолданылатын орындары, қолданылу мақсаты.

Еліктеу сөздердің сөйлемде көбінесе етістікпен тіркесіп келетіндігі. Еліктеуіш сөздердің

сөйлемдегі қызметі; 



      57) «Шылау». Шылаудың өз алдында сөз табы екендігі. Шылаудың көмекшілік сипаты және басқа

көмекші сөздерден айырмашылығы мен ұқсастығы, жалпы қызметі жайында түсінік қалыптастыру.

Шылаудың түрлері: Жалғаулық шылау. Септеулік шылау. Демеулік шылау. Олардың қызметі, емлесі; 

      58) «Көне түркі ескерткіштеріндегі шылаулар»; 

      59) «Одағай». Одағайлардың басқа сөз таптары сияқты мағына жағынан ешбір ұғымды

білдірмейтіндігі. Олардың мағыналары адамның әртүрлі сезіміне, көңіл күйіне қатысты болатындығы;

      60) «Одағайдың түрлері»; 

      61) «Көңіл күй одағайлары». Жағымды көңіл күйді білдіретін одағайлар. Жағымсыз көңіл күйді

білдіретін одағайлар. Көңіл күй одағайларының қолданылатын орындары, қолданылу мақсаты; 

      62) «Ишарат одағайлары». Бұған адамға арнайы айтылатын мағыналары бұйыру, жекіру, тыйым

салу одағайлары жататындығы. Ишарат одағайларының қолданылатын орындары, қолданылу мақсаты; 

      63) «Шақыру одағайлары». Бұған төрт түлік малға, ит, мысық сияқты үй хайуандарына арнап

айтылатын одағайлар жататындығы. Шақыру одағайларының қолданылуы. Орындары, қолданылу мақсаты; 

      64) «Одағайлардың емлесі»; 

      65) «Көне түркі ескерткіштеріндегі одағайлар»; 

      66) «Көмекші сөздер» (2 сағат). Көмекші сөздердің тілдік табиғаты, олардың дербес толық

мағынаға ие бола алмайтындықтан, негізгі сөздердің шылауында тіркесіп, көмекшілік қызмет

атқаратындығы. Көмекші сөздердің түрлерінен мәлімет беру; 

      67) «Көмекші есім». Көмекші есімдердің мағынасы. Көмекші есімдердің зат есімдермен

тіркесіп берілетіндігі; 

      68) «Көмекші етістік». Көмекші етістіктің түрлері. Көмекші етістіктің сөйлемде негізгі

етістікпен тіркесіп жұмсалатындығы. Етістіктің негізгі және көмекші қызмет атқара беретіндігі. 

      24. «Тіл мәдениеті» (10 сағат): 

      1) сөз мәдениетінің ауызша сөйлеу мәдениеті мен жазба тіл мәдениетінің астасып жатуын

талап етуі. Сөйлеу тілі де, жазба тілі де адам ойын жеткізуге қызмет ететіні. Сөйлеу мәдениеті.

Ойды жеткізудің тілден тыс көмекші құралдары (ым-ишара, дауыс ырғағы, күші, қимыл қозғалысы).

Көпшілік алдында айтылатын ауызша сөздің жазба сөзге қарағанда құрылысы жағынан ықшам

келетіндігі. Қаратпа, қыстырма, одағай сөздердің жиі қолданылатындығы. Жазба тілде қойылатын

тыныс белгілері. Ойды жеткізудегі дауыс ырғағы, дауыс кідірісінің мәні; 

      2) «Жазудың маңызы». Сөзді дұрыс жазу мәдениеті. Орфографиялық нормадан ауытқуға

болмайтындығы, оны сақтаудың міндеттілігі. Емле ережесіндегі соңғы толықтырулар мен өзгерістер

тіл фактілері негізінде талқыланып, олардың дағдыға айналуы.



4. Оқу пәнінің 7-сыныптағы базалық білім мазмұны

      25. Пәнді оқытуға аптасына 3 сағаттан, барлығы 102 сағат бөлінген. 

      26. Оқу пәнінің базалық білім мазмұны төмендегідей тақырыптарды қамтиды: 

      27. «Қазақ тілі – қазақ халқының әдеби тілі, мемлекеттік тіл» (2 сағат). 

      28. «Әдеби тілдің нормалары» (8 сағат): 

      1) орфографиялық және орфоэпиялық нормалардың сақталу орындарын практикалық жұмыстар

жүргізу арқылы қайталау; 

      2) «Әдеби тілдің лексикалық нормалары». Жалпы халыққа бірдей түсінікті, жиі қолданылатын

сөздердің әдеби тіл нормасына жататындығы. Әдеби тілдің лексикалық нормасына жатпайтын сөздер.

Дублет сөздер мен варианттардың мәні; 

      3) «Мәтіндерге тілдік талдау». Мәтіндердің тақырыптық және идеялық мәнін ашу. Ұлттық

белгілерді білдіретін, ғылыми түсінік беретін және діни сипаттағы мәтіндермен жұмыс; 

      4) мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін әдеби тілдің орфографиялық және орфоэпиялық

нормалары тұрғысынан талдау. Орфографиялық және орфоэпиялық сөздіктермен жұмыс істеу.

Қосымшалардың орфографиялық нормаға сәйкес жалғануын анықтау. Оқшау сөздердің орфоэпиялық

нормаға сәйкес оқылуын қалыптастыру. Мәтіндердегі сөз таптарының арақатынасын ашу. 

      29. «Морфология» (70 сағат): 

      1) «Зат есімнің түрленуі»; 



      2) «Зат есімнің көптелуі». Көптік жалғауын қабылдайтын зат есімдер. Көптік жалғауы

жалғанбайтын зат есімдер. Көптелмейтін зат есімдерге көптік жалғауы белгілі бір мақсатта

қосылатындығы; 

      3) «Зат есімнің тәуелденуі». Оңаша тәуелдеу ортақ тәуелдеу. Тәуелдік жалғаулардың беретін

граматикалық мағыналар қызметі; 

      4) «Көне түркі ескерткішіндегі көптік немесе тәуелдік жалғаулар. Септік жалғаулар»; 

      5) «Зат есімнің септелуі». Жай септеу. Тәуелдеулі септеу. Септік жалғаулардың беретін

мағыналары. Атау септіктің қызметі. Ілік септіктің грамматикалық мағынасы, қызметі. Барыс

септіктің грамматикалық мағынасы, қызметі. Табыс септіктің грамматикалық мағынасы, қызметі.

Жатыс септіктің грамматикалық мағынасы, қызметі. Шығыс септіктің грамматикалық мағынасы,

қызметі. Көмектес септіктің грамматикалық мағынасы, қызметі; 

      6) «Зат есімнің жіктелуі». Жіктелген зат есімдер тобы. Зат есімге жалғанған жіктік

жалғаудың қызметі. Зат есімнің сөйлемдегі қызметі; 

      7) «Сын есімнің түрленуі»; 

      8) «Сын есімнің шырай формаларына енуі». Салыстырмалы шырай, жасалу жолдары. Күшейтпелі

шырай, жасалу жолдары; 

      9) «Сын есімнің сөйлемдегі қызметі»; 

      10) «Сын есімнің заттануы». Заттанған сын есімнің көптелуі, септелуі, жіктелуі; 

      11) «Сан есімнің түрленуі». Сан есімнің сөйлемдегі қызметі. Есімдіктің түрленуі. Жіктеу

есімдіктерінің түрленуі. Сілтеу есімдіктерінің түрленуі. Сұрау есімдіктерінің түрленуі. Өздік

есімдіктерінің түрленуі. Болымсыздық есімдіктерінің түрленуі. Жалпылау есімдіктерінің түрленуі.

Белгісіздік есімдіктерінің түрленуі. Есімдіктің сөйлемдегі қызметі; 

      12) «Етістіктің түрленуі»; 

      13) «Есімшенің түрленуі». Есімшелердің сөйлемдегі қызметі; 

      14) «Көсемшенің түрленуі». Көсемшенің сөйлемдегі қызметі; 

      15) «Тұйық етістіктің түрленуі». Тұйық етістіктің емлесі; 

      16) «Етістіктің шақтары». Шақтың мазмұны соған лайық формалары мен қызметтері. Шақтық

мезгіл ұғымдарымен байланысты екендігі. Шақ жасаудағы есімше мен көсемшенің қызметі; 

      17) «Осы шақ». Мазмұны, осы шақтың түрлері мен жасалу жолдары; 

      18) «Көне түркі ескерткіштеріндегі осы шақ»; 

      19) «Өткен шақ». Мазмұны, өткен шақтың түрлері және жасалу жолдары; 

      20) «Көне түркі ескерткішіндегі өткен шақ»; 

      21) «Келер шақ». Мазмұны, келер шақтың түрлері, жасалу жолдары. Көне түркі ескерткішіндегі

келер шақ; 

      22) «Етістіктің райлары». Ашық рай. Ашық райдың мағынасы. Ашық райдың жасалу жолдары; 

      23) «Бұйрық рай». Бұйрық райдың мағынасы. Бұйрық райдың мағынасының 1, 2, 3-жақтардың

бәріне қатыстылығы. Бұйрық райдың етістіктің жалаң я күрделі түрлері арқылы; 

      24) «Шартты рай». Шартты райдың мағынасы. Шартты райдың жасалу жолдары; 

      25) «Қалау рай». Қалау райдың мағынасы. Қалау райдың жасалу жолдары; 

      26) «Етістіктің жіктелуі». Отыр, тұр, жүр, жатыр етістіктерінің жіктелуі. Жедел өткен шақ

пен шартты рай формалы етістіктің жіктелуі. Бұйрық рай формалары етістіктердің жіктелуі; 

      27) «Етістіктің сөйлемдегі қызметі». 

      30. «Синтаксис» (12 сағат):

      1) «Сөздердің байланысу түрлері». Қиысу. Баяндауыштың бастауышпен жақ жағынан үйлесе

байланысуы. Матасу. Ілік септігі мен тәуелдік жалғауы арқылы байланысуы. Матасу – есімді сөз

тіркесі. Меңгеру. Барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жалғаулары мен септеулік шылаулар

арқылы байланысуы. Есімді, етістікті меңгеру болатындығы. Қабысу. Орын тәртібі жағынан іргелес

тұру арқылы байланысуы. Жанасу. Жанасудың дәнекер сөздер арқылы байланысатындығы. Жанасудың

қабысудан айырмашылығы; 

      2) «Сөз тіркесін білдіретін синтаксистік қатынастар». Анықтауыштық қатынас. Матаса, қабыса

байланысқан есімді сөз тіркестерінің сыңарлары бір-бірімен анықтауыштық қатынаста жұмсалуы.

Толықтауыштық қатынас. Меңгеріле байланысқан есімді, етістікті сөз тіркестері сыңарларының

бір-бірімен толықтауыштық қатынаста жұмсалуы. Пысықтауыштық қатынас. Меңгеріле, қабыса, жанаса

байланысқан етістікті сөз тіркестері сыңарларының бір-бірімен пысықтауыштық қатынаста жұмсалуы. 



      31. «Тіл мәдениеті» (10 сағат): 

      1) тіл мәдениетінің білім беру, ғылым, әдебиет, өнер жалпы рухани өмірдің барлық саласында

қызмет ететіні туралы. Сөз мағынасы – тауып сөйлеудің кілті. Сөйлеудің түрлері: диалог, монолог.

Тіл мәдениеті және шығармашылық жазу жұмыстары. Қосымшалардың тіл мәдениетіне қатысы.

Қосымшалардың сөзге жалғану шегі, сөзді таңдап, талғап барып жазуы. Қосымшаларды дұрыс жалғау

дағдысын жетілдіру. Ісқағаздары үлгілері мен публицистикалық сипаттағы мәтіндерді талдау.

Баспасөз бетінде қосымшаларды қолданудағы нормадан ауытқыған жағдайлар. Сөйлем мүшелерінің орын

алмасуымен сөздердің тіркесіп жұмсалуда нормадан ауытқитын жағдайларды тапқызу.



5. Оқу пәнінің 8-сыныптағы базалық білім мазмұны

      32. Пәнді оқытуға аптасына 3 сағаттан, барлығы 102 сағат бөлінген.

      33. Оқу пәнінің білім мазмұны мынадай тақырыптарды қамтиды: 

      34. «Кіріспе». Қазақ тілі – ұлттық мәдени, рухани асыл мұра (1 сағат). 

      35. «Әдеби тілдің грамматикалық нормалары» (4 сағат): 

      1) тілдегі грамматикалық тұлғалардың бірқалыпқа түсіп, дағдыға айналып жұмсалуы. Әдеби

тілде қосымшаларды дұрыс қолданудың мәні. Нормадан жөнімен ауытқу. Әдеби тілдің грамматикалық

нормаларына сөйлем мүшелерінің дұрыс орналасуы жататындығы. Сөздердің тіркесу қабілеті, олардың

мағыналық үйлесімі мен грамматикалық сипатының өзара сәйкестігіне сүйенетіндігі. Мәтіндерге

тілдік талдау; 

      2) қоғам, ұлт, өнер, махаббат тақырыбындағы мәтіндердің ой түйіндерін анықтату. Ойдың

желісін сақтап, қайта әңгімелету. Жаңа сөздердің қолданысына түсінік бергізу. Ауыспалы

мағынадағы сөздер мен фразеологизмдердің мақал-мәтелдердің қолданылу мақсатын айқындау.

Лексикалық тіркестер мен граматикалық тіркестердің, сондай-ақ жаңа тіркестердің тіркесімдік

мүмкіндіктеріне талдау жасау. 

      36. «Синтаксис» (89 сағат): 

      1) «Сөйлем» (6 сағат). Сөйлем туралы түсінік. Сөйлемге тән белгілер. Сөйлемнің сөз

тіркесінен құралатындығы. Сөйлем болудың шарттары. Сөйлемдердің мазмұнына, айтылу мақсаты мен

интонациясына қарай бөлінетіндігі; 

      2) «Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері»; 

      3) «Хабарлы сөйлем». Оның мазмұны. Хабарлы сөйлем іс-әрекеттің белгілі бір шақта жүзеге

асатындығын, айтушының іс-әрекетке көзқарасын, ой-пікірлерін білдіретіні туралы. Хабарлы

сөйлемнің баяндауыш формалары; 

      4) «Сұраулы сөйлем». Оның жасалу жолдары, мағыналары. Негізгі сұрақ, жетек сұрақ,

анықтауыш сұрақ. Лепті сөйлемдердің жасалу жолдары. Лепті сөйлемнің интонациялық ерекшеліктері.

Бұйрықты сөйлем, оның мағыналары. Бұйрықты сөйлемдердің жасалу жолдары. Бұйрықты сөйлемнің

интонациялық ерекшеліктері; 

      5) «Көне түркі жазбаларындағы сөйлем түрлері»; 

      6) «Сөйлемнің құрамы» (28 сағат); 

      7) «Сөйлем мүшелері». Сөйлем мүшелерінің құрамына қарай дара, күрделі және үйірлі мүше

болып бөлінетіндігі; 

      8) «Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері»; 

      9) «Бастауыш пен баяндауыштың тұрлаулы мүше болатын себептері. Бастауыш, бастауыш болатын

сөз таптары». Дара бастауыш. Күрделі және үйірлі бастауыш. Бастауыштың сұрақтары, сөйлемдегі

орны; 

      10) «Баяндауыш, баяндауыш болатын сөз таптары». Дара баяндауыш. Күрделі баяндауыш. Үйірлі



баяндауыш. Бар, жоқ сөздерінің баяндауыштық қызметте жұмсалатындығы. Баяндауышқа сұрақ қою

ерекшеліктері. Баяндауыштың сөйлемдегі орны;

      11) «Бастауыш пен баяндауыш арасына қойылатын сызықша»; 

      12) «Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері»; 

      13) «Толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыштардың тұрлаусыз мүше аталу себептері»; 

      14) «Толықтауыш». Оның түрлері: тура толықтауыш, жанама толықтауыш. Толықтауыш болатын сөз

таптары. Дара және күрделі толықтауыш. Үйірлі толықтауыш. Толықтауыштың баяндауышпен байланысты


екендігі. Толықтауыштың сұрақтары, мағынасы; 

      15) «Анықтауыш». Анықтауыш болатын сөз таптары. Дара, күрделі және үйірлі анықтауыштар.

Анықтауыштың бастауыш және толықтауышпен байланысты екендігі. Анықтауыштың сұрақтары,

мағыналары; 

      16) «Пысықтауыш». Пысықтауыш қызметінде жұмсалатын сөздер. Дара және күрделі, үйірлі

пысықтауыштар; 

      17) «Пысықтауыштың мағыналық түрлері». Мезгіл пысықтауыш, мақсат пысықтауыш, мекен

пысықтауыш, амал пысықтауыш, себеп пысықтауыш, мөлшер пысықтауыш. Пысықтауыштың баяндауышпен

байланысты екендігі; 

      18) «Пысықтауыштың сұрақтары, мағыналары»; 

      19) «Сөйлемнің айқындауыш мүшелері». Оның анықтауыштан айырмашылығы. Айқындауыштың

түрлері, қызметі, тыныс белгілері. Оңашаланған, қосарлы айқындауыштар; 

      20) «Сөйлемнің бірыңғай мүшелері». Бірыңғай мүше болудың шарттары. Бір сөз табынан

болатындығы, бірдей сұраққа жауап беретіндігі, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаратындығы.

Бірыңғайлана байланысатын сөйлем мүшелері. Бірыңғай мүшелі сөйлемдегі жалпылауыш сөздер.

Сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің тыныс белгілері; 

      21) «Көне түркі жазбаларындағы сөйлем мүшелері». Сөйлем мүшесі болмайтын сөздер тобы; 

      22) «Оқшау сөздер». Оқшау сөздердің синтаксистік ерекшеліктері. Оқшау сөздерге тән ортақ

белгілер. Оқшау сөздердің түрлері; 

      23) «Қаратпа сөз». Қаратпа қызметінде жұмсалатын сөздер. Қаратпа сөздің сөйлемдегі мәні,

орны, тыныс белгілері; 

      24) «Қыстырма сөздер». Қыстырма қызметінде жұмсалатын сөздер мен сөз тіркестері. Қыстырма

сөздердің беретін мағыналары. Қыстырма сөздің сөйлемдегі орны, тыныс белгілері; 

      25) «Одағай сөздер». Одағайдың мағыналық топтары. Одағайдың сөйлемдегі мәні, орны, тыныс

белгілері; 

      26) «Жай сөйлемнің түрлері» (7 сағат). Жай сөйлемдер құрамына қарай, сөйлем мүшелерінің

қатысына қарай жақты, жақсыз, жалаң, жайылма, толымды, толымсыз, атаулы болып бөлінетіндігі; 

      27) «Жақты, жақсыз сөйлемдер». Олардың сипаттамасы, жасалу жолдары; 

      28) «Жалаң және жайылма сөйлемдер». Олардың анықтамасы, стильдік қызметі

      29) «Толымды, толымсыз сөйлемдер». Сөйлемнің толымсыз болып, құралу себептері; 

      30) «Атаулы сөйлем». Оның стильдік мәні; 

      31) «Құрмалас сөйлем» (40 сағат). Құрмалас сөйлемге тән белгілер. Оның жай сөйлемнен

өзгешелігі. Құрмаластағы жай сөйлемдердің байланысуы тәсілдері: салаласа, сабақтаса аралас

байланысуы; 

      32) көне түркі жазбаларындағы құрмалас сөйлемдердің берілу жайы; 

      33) «Құрмалас сөйлемнің түрлері»; 

      34) «Құрмалас сөйлем жайында түсінік». Құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің

салаласа, сабақтаса және араласа құрмаласуы арқылы берілетіндігі; 

      35) «Салалас құрмалас сөйлем». Оның жасалу жолдары туралы түсінік. Салалас құрмалас

сөйлемнің түрлері; 

      36) «Ыңғайлас салалас». Мағынасы, сұрақтары. Құрамындағы жай сөйлемдердің бір-бірімен

мезгілдес, бағыттас ыңғайлас мәнде қарым-қатынаста болуы. Ыңғайлас салалас құрмаластың

құрамындағы жай сөйлемдердің жалғаулық шылаулар арқылы, шылаусыз іргелес тұрып байланысуы. Тыныс

белгілері; 

      37) «Себеп-салдар салалас». Мағынасы, сұрақтары. Себеп-салдарлық қатынастың салалас

құрмалас арқылы берілуі. Салаласа құрмаласудың тәсілдері: жалғаулықты шылаусыз, іргелесе

құрмаласу. Жалғаулықты шылаулар арқылы құрмаласуы. Тыныс белгілері; 

      38) «Қарсылықты салалас». Мағынасы, сұрақтары; 

      39) «Қарсы мағынаның салалас құрмалас арқылы берілуі». Салаласа құрмаласудың тәсілдері:

жалғаулықсыз құрмаласу; жалғаулықты шылаулар арқылы құрмаласу; 

      40) «Қарсылықты салаластың тыныс белгілері»; 

      41) «Түсіндірмелі салалас». Мағыналық қарым-қатынасы. Түсіндірмелі салалас. Мағыналық

қарым-қатынасы. Түсіндірмелі салалас құрмаластың жасалу жолдары, тыныс белгілері; 

      42) «Талғаулы салалас». Мағыналық қарым-қатынастары. Талғаулы салалас құрмаластың жасалу



жолдары, тыныс белгілері; 

      43) «Кезекті салалас». Мағыналық қарым-қатынастары. Кезекті салалас құрмаластың жасалу

жолдары тыныс белгілері; 

      44) «Көп салалы құрмалас салалас сөйлем»; 

      45) «Сабақтас құрмалас сөйлем». Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары туралы түсінік;

      46) «Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері»; 

      47) «Шартты бағыныңқылы сабақтас». Құрамындағы жай сөйлемдердің мағыналық қарым қатынасы.

Шартты бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолдары; 

      48) «Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас». Құрамындағы жай сөйлемдердің мағыналық

қарым-қатынасы. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолдары; 

      49) «Мезгіл бағыныңқылы сабақтас». Құрамындағы жай сөйлемдердің мағыналы қарым-қатынасы.

Мезгіл бағыныңқы сабақтастың жасалу жолдары; 

      50) «Себеп бағыныңқылы сабақтас». Себеп бағыныңқы сабақтастың жасалу жолдары. Құрамында

жай сөйлемдердің мағыналық қарым-қатынасы; 

      51) «Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас». Құрамындағы жай сөйлемдердің мағыналық

қарым-қатынасы. Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтасты жасалу жолдары; 

      52) «Мақсат бағыныңқылы сабақтас». Құрамындағы жай сөйлемдердің мағыналық қарым-қатынасы.

Мақсат бағыныңқы сабақтың жасалу жолдары; 

      53) «Көп бағыныңқылы сабақтас». Жарыспалы, сатылы көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем; 

      54) «Аралас құрмалас сөйлем». Құрамындағы жай сөйлемдердің әрі салаласып, әрі сабақтасып

байланысатындығы. Құрамындағы жай сөйлемдердің мағыналық қарым-қатынасы. Аралас құрмалас

сөйлемнің жасалу жолдары; 

      55) «Құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері». Салалас құрмаластардың тыныс белгілері. Сабақтас

құрмаластардың тыныс белгілері. Аралас құрмаластың тыныс белгілері; 

      56) «Орхон-Енисей жазбаларындағы құрмалас сөйлемнің түрлері»; 

      57) «Төл сөз, төлеу сөз» (8 сағат); 

      58) «Төл сөз бен төлеу сөз туралы түсінік». Төл сөз бен төлеу сөздің айырмашылығы. Төл

сөз бен автор сөзінің байланысы. Төл сөздің орналасу тәртібі. Төл сөздің тыныс белгілері. Төлеу

сөз. Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру жолдары. Төлеу сөздің жасалуы. Көне түркі ескерткіштер

тіліндегі төл сөздің берілуі жайында қосымша мәлімет. 

      37. «Тіл мәдениеті» (8 сағат): 

      1) «Дұрыс сөйлей, дұрыс жаза білудің шарттары». Сөз қолданудың негізгі принциптері; 

      2) «Сөз әдебі». Сөз әдебі сөз иесінің сөзді сыпайы қолдану мәдениетімен байланысты екенін,

сөйлеушінің, жазушының әр сөзі мәдениетті, сыпайы да ізетті болуын талап ету керектігін

мысалдармен түсіндіру. «Жақсы сөз – жарым ырыс» деген мақалдың мәнін ашу. Бір ауыз жақсы сөз

адамды жадыратып, көңілін көтеретіндігін: қуат беріп, шабыттандыратынын мәтін арқылы дәлелдеу; 

      3) сөз құдіретін танытатын мақал-мәтелдер мен даналық сөздерді талдату. Тілдегі сөйлеу

этикетіне жататын сөздер тізбегін жасату. Халқымыздың жақсы сақтап келген шешендік сөз үлгілерін

әрі қарай дамытып, оны оқушылардың сөйлеу дағдысына сіңіру бағытындағы жұмыс түрлерін жүргізу; 

      4) халықтың салт-дәстүріне байланысты айтылатын табу сөздер мен дөрекі сөзді жұмсартып

жеткізу мақсатындағы эвфемизмдердің тіл мәдениетіндегі орнын түсіндіру, олардың сөз әдебімен

байланысын ашқызу, көркем мәтіндерден осындай тілдік құбылыстарды теріп жаздырту; 

      5) өркениетті елдер мен Қазақстанда болып жатқан оқиғаларға баға бергізіп, ауызша және

жазбаша сөйлеу тілін жетілдіру, сауаттылықты меңгерту.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет