«Жалпы химиялық технология» пәні бойынша сұрақтар



бет15/34
Дата15.03.2023
өлшемі1,6 Mb.
#74668
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   34
Байланысты:
«Æàëïû õèìèÿëû? òåõíîëîãèÿ» ï?í³ áîéûíøà ñ?ðà?òàð

Сұйық-қатты (С-Қ) жүйелерінде фазалық тепе-теңдікті анықтау үшін, фазалық күй диаграммаларын пайдаланады. Бұл жүйеге мынандай процесстер жатады: адсорбция, еріту, шаймалау(выщелачивание), экстракция және кристалдану.
Газ – қатты зат (Г-Қ) жүйесіндегі гетерогенді процестер-Өнеркәсіптік химиялық-технологиялық процестердің кең таралған түрі. Бұл әртүрлі кендерді жағу, цемент клинкерін алу, мырыш оксидімен күкіртсутекті сіңіру және т.б. процестер, тіпті осы топтың ішінде гетерогенді процестердің белгілі бір түрлерін ажыратуға болады. Ең жиі кездесетін жағдай-гетерогенді реакция, онда реактивтер мен өнімдер арасында газ тәрізді және қатты заттар бар:

Реакцияның бұл түріне, мысалы, темір колчеданын жағу процесін жатқызсақ болады.


15.Химиялық реакторлар. Химиялық реакторлардың жіктелуі және олардың жұмыс режимі.
Химиялық реактор деп химия-технологиялық үрдісті жүзеге асыруға арналған аппаратты айтады,яғни, ішінде масса тасымалдау (диффузиялық) процесі мен химия-технологиялық процестер жүретін аппарат.
Мысалы, күкірт қышқылы цехының пеш бөлімшесінде реактор болып күкірт немесе колчеданды күйдіру пеші болса, контакт бөлімшесінде – жанасу аппарат болып табылады.
Химия реакторларындағы реакцияны қажетті жылдамдықпен жүргізу үшін реакцияласатын заттардың концентрациясын, температурасын реттеу, гетерогенді фазалардың жанасу ауданын өзгерту, катализатор активтілігін тұрақты күйінде сақтау әдістері қолданылады.Температуралық режимін жылу алмасу әдістері арқылы реттейді.
Атқаратын міндеттеріне сай және өтетін реакторлардың ерекшеліктеріне байланысты реакторлардың конструкциялары да алуан түрлі болады.
Жұмыс атқару ерекшеліктеріне байланысты реакторлар:

  • Реагенттерді әкелу (периодты, үздіксіз, жартылай үздіксіз);

  • Реагенттердің қозғалуы(идеалды ығыстыру, идеалды араластыру);

  • Реакциялық аймақтағы (адибаттық, изотермиялық, политроптық (аралық)) болып жіктеледі.

Ал конструктивті ерекшеліктеріне байланысты реакторлар:

  • Сыйымдылықты(емкостные) реакторлар;

  • Колонналы реакторлар(барботажды және насадкалы колонналар);

  • Жылу алмастырғыш типті реакторлар болып жіктеледі.

Реакторға дейін орналасқан аппараттардың негізгі міндеті – шикізатты реакцияға дайындау, ал реактордан кейін орналасқан аппараттың міндеті – реакцияның өнімдерін бөлу, оларды шоғырландыру немесе зиянды қосымшалардан тазарту болып табылады.
Реакторларға қойылатын талаптар:

  • Жоғары өнімділік пен қарқындылықты қамтамасыз ету,

  • Максималды айналдыру дәрежесімен қамтамасыз ету;

  • Реагенттерді тасымалдау мен араластыруға кететін энергия шығынының төмен болуы;

  • Құрылысы жеткілікті түрде қарапайым және бағасы арзан болуы;

  • Экзотермиялық реакцияның жылуы мен эндотермиялық процестерді жүргізу үшін сырттан берілген жылуды түгелдей толық жұмсауы;

  • Жұмыста сенімді, мүмкіндігінше толық механикаландырылған және автоматтандырылған болуы қажет.

Химия реакторларының конструкциясы мен жұмыс режимі реакцияласатын заттардың агрегаттық күйіне, сонымен қатар, реакцияның жүру бағытын, жылдамдығын қамтамасыз ететін жағдайға сай болуы керек.
Химиялық реакторлардың тиімділігі көбінесе оның жылу режиміне байланысты, бұл кинетикаға, тепе-теңдік күйіне және реакторда жүретін процестің селективтілігіне әсер етеді.
Реакторлар жұмысының негізгі көрсеткіштері шартты түрде:

  • Технологиялық;

  • Пайдалану;

  • Энергетикалық;

  • Экономикалық болып жіктеледі.

Реакторлардың конструкциясы мынадай негізгі факторларға байланысты:

  • Әрекеттесетін және түзілетін заттардың агрегаттық күйі;

  • Реакциялық аймақтағы қысым мен температура;

  • Жылу әсері мен жылу алмасу қарқындылығы;

  • Өңделетін заттардың химиялық қасиеттері;

  • Араластыру қарқындылығы;

  • Процестің үздіксізділігі немесе периодтылығы;

  • Катализатордың болуы және оның жай-күйі.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет