«Жалпы химиялық технология» пәні бойынша сұрақтар


Гетерогенді химиялық процестер. Газ-сұйықтық жүйесіндегі процестер (Г-С), сұйық-қатты (С-Қ) жүйесіндегі процестер, газ-қатты (Г - Қ) жүйесіндегі процестер



бет14/34
Дата15.03.2023
өлшемі1,6 Mb.
#74668
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   34
Байланысты:
«Æàëïû õèìèÿëû? òåõíîëîãèÿ» ï?í³ áîéûíøà ñ?ðà?òàð

Гетерогенді химиялық процестер. Газ-сұйықтық жүйесіндегі процестер (Г-С), сұйық-қатты (С-Қ) жүйесіндегі процестер, газ-қатты (Г - Қ) жүйесіндегі процестер.

Химиялық процесс бұл бір немесе бірнеше химиялық қосылыстарды өзгерту әдісі немесе процедурасы. Бұл өз күшімен болуы мүмкін немесе сыртқы күштің әсерінен жасалынуы мүмкін процесстерді айтамыз.
Гетерогенді деп реагенттері әр түрлі фазаларда болатын химиялық-технологиялық үрдістерді айтады. Реакция, әдетте, бір фазада немесе фазалық бөлімнің бетінде жүреді. Гетерогенді үрдістер екі немесе одан да көп әрекеттесуші фазалар қатысуымен сипатталынатын болғандықтан, олар фазалар жанасу беті арқылы заттың тасымалдануымен өтеді. Бірінші жағдайда, таза физикалық немесе физика-химиялық өзгерістер, абсорбция, адсорбция, десорбция, кристалдану, булану, балқыту және т.б. сияқты үрдістер, ал екінші жағдайда – масса алмасумен күрделенген химиялық реакциялар жүреді. Химиялық реакцияларды өздері гомогенді өтеді, яғни фазалар біреуін ішінде немесе фазалар жанасу бетінің шекарасында. Фазалар жанасу беті шекарасында біреуі қатты фазада, ал екіншісі газды, сұйық немесе бөлек қатты фазада болатын құрамдастар арасында реакциялар өтеді.
Мысалға алатын болсақ,гетерогенді екі фазалы жүйелерге: газ – сұйық (Г – С), газ – қатты дене (Г – Қ), сұйықтық – сұйықтық (араласпайтын) (С – С), сұйықтық – қатты дене (С – Қ) және қатты дене – қатты дене (Қ – Қ) жатады. Өндірісте жиірек кездесетін жүйелері: Г – С, Г – Қ, С – Қ
Газ-сұйық (Г-С) реакциялар – реактивтер арасындағы химиялық әрекеттесуді қамтитын гетерогенді процестер, олардың біреуі газ фазасында, екіншісі сұйық фазада болады. Сұйықтық газ тәрізді реагентпен химиялық әрекеттесетін заттың ерітіндісі болуы мүмкін; кейбір жағдайларда еріген газдың еріткіштің өзімен әрекеттесуі жүреді.Өндірістік тәжірибеде ең кең таралған газ – сұйық (Г-С) гетерогенді жүйесі Генри заңымен өрнектеледі.
Рг =  . Сс*,
мұнда Рг – газ фазадағы сіңірілетін компонентінің тепе-теңдік парциалды қысымы; Генри тұрақтысы, қысым өлшемді; Сс* – сұйық фазадагы сіңірілетін компонентінің молярлық үлесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет