Фармацевтикалық мақсаттар үшін қолданылатын су санитарлық нормалар мен ережелердің талаптарына сәйкес келуі қажет, және оның сапасы ауыз су сапасына сай болуы қажет.
АҚШ Фармакопеясында баяндалған заманауи талаптарға сәйкес фармацевтикалық мақсаттағы су оның мынадай түрлерге бөлінеді: фармацевтикалық мақсаттағы су, тазартылған су, инъекцияға арналған су, гемодиализге арналған су, таза бу.
Суды алу және сақтау арнайы аппараттың ішінде орындалуы қажет, яғни бұл адам денсаулығына байланысты болғандықтан, өте таза жағдайлар орын алуы қажет.
Алынған тазартылған және инъекцияға арналған суды таза стерильденген немесе бумен өңделген, судың қасиеттерін өзгертпейтін және оны бөгде бөлшектерден және микробиологиялық ластанудан қорғайтын материалдардан дайындалған жинағыштарға жинайды (ерекшелік ретінде - шыны Баллондарға).
Гомогенді химиялық процестер. Гомофазалы химиялық процесстің жылдамдығы.
Химиялық процесс дегеніміз - бұл бір немесе бірнеше химиялық қосылыстарды өзгерту әдісі немесе процедурасы болып табылады. Бұл өз күшімен болуы мүмкін немесе сыртқы күштің әсерінен жасалынуы мүмкін процесстерді айтамыз.
Гомогенді химиялық процестер деп бір текті ортада, яғни жүйенің бөлімдерін бірін бірінен бөлетін жанасу беттері жоқ сұйық немесе газ қоспаларында өтетін химиялық үрдістерді атайды. Біртекті(гомогенді) химиялық процесте барлық реактивті заттар мен реакция өнімдері реакция жүретін фазада болады. Қарастыру үшін реактивтер жақсы араласатын көлемді таңдаймыз, сондықтан олардың концентрациясы мен температурасы бүкіл көлемде бірдей болады. Тиісінше, реакцияның шарттары бүкіл көлемде бірдей. Сондықтан гомогенді химиялық процестің конверсия жылдамдығы мен заңдылықтары бұл жағдайда химиялық реакцияның жылдамдығы мен заңдылықтарымен анықталады.
Гомогенді ортада, әсіресе сұйық фазада, химиялық реакциялар гетерогенді процестерге қарағанда тезірек жүреді, гомогенді процестерді аппараттық жобалау және оларды басқару оңайырақ. Сондықтан өнеркәсіпте біртекті ортада химиялық процесті жүргізу үшін жүйені гомогенизациялау әдісі кеңінен қолданылады, сұйық реакция ортасын алу үшін газдарды сұйықтықпен сіңіру немесе бу конденсациясы, қатты заттарды еріту немесе балқыту жиі қолданылады.
Гомогенді реакцияның жылдамдығы – жүйенің көлем бірлігінде және кесімді уақытта реакцияға түскен немесе реакция нәтижесінде түзілген заттардың мөлшерімен өлшенеді.
Бұл жердегі n – заттардың біреуінің моль санының өзгеруі (көбінесе бастапқы, бірақ реакция өнімі болуы мүмкін); t – уақыт аралығы (С, мин); V-газ немесе ерітіндінің көлемі (л).
Бастапқы реагенттер мен реакция өнімдері бір немесе бірнеше фазалардан түзілуіне байланысты химиялық реакциялар гомофазалы жəне гетерофазалы болып бөлінеді.
Гомофазалы реакциялар – бастапқы реагенттер, тұрақты аралық заттар жəне реакция өнімдері бір фазада болады.
Гетерофазалы реакциялар – бастапқы реагенттер, тұрақты аралық заттар жəне реакция өнімдері əртүрлі фазада болады.
Газды және сұйық фазалардағы гомогендік үрдістердің жылдамдығына әрекеттесуші заттардың табиғаты, концентрациясы, қысым, температура және араластыру әсер етеді. Гомогенді үрдістің жалпы жылдамдығы химиялық түрленудің кинетикасымен анықталады.