Жалпы және жергілікті жансыздандыру. Жалпы жансыздандыру


Хирургиялық сатының 4 деңгейі бар



бет2/5
Дата10.05.2023
өлшемі122,29 Kb.
#91551
1   2   3   4   5
Хирургиялық сатының 4 деңгейі бар.
Бірінші деңгейі (III1) – көз алмасы қозғалатын деңгей. Науқас тыныш ұйықтап жатады, бұлшық ет тонусы, рефлекстер сақталған. Көз алмасы жәй, айналып қозғалып тұрады. Тамыр соғу жиілігі мен қан қысымы бастапқы деңгейде тұрады.
Екінші деңгейі (III2) – мүйіз қабық рефлексінің деңгейі. Көз алмасы қозғалыссыз, қарашық тарылған, жарық реакциясы сақталған, бірақ мүйіз қабық және басқа да рефлекстер жойылған. Бұлшық ет тонусы төмен. Гемодинамика тұрақты. Тыныс алуы біркелкі, баяу.
үшінші деңгей (III3) - қарашықтың кеңею деңгейі. Қарашық кеңейіп, жарық реакциясы әлсірейді. Бұлшық ет тонусы күрт төмендейді. Тамыр соғуы жиілеп, қан қысымы сәл төмендейді. Қабырғалық тыныс әлсіреп, диафрагмалық тыныс өріс алады, тыныс жиілігі минутына 30 ретке дейін.
Төртінші деңгей (III4) – диафрагмалық тыныс деңгейі – клиникалық тәжірибеде наркозды бұл деңгейге дейін жіберуге болмайды. Бұл деңгей наркоздың шамадан тыс болып кеткендігінің және ақырғы кезеңніңбелгілері болып табылады. Клиникасы: қарашық кеңейген, жарық реакциясы жоқ. Тамыр соғуы жіп тәріздес, қан қысымы өте төмен. Тыныс диафрагмалық, ырғағы бұзылған. Егер анестетикті организмге енгізуді тоқтатпаса, тамыр мен тыныс орталықтарының қызметі өшеді де, қан айналысы мен тыныс алу тоқтайды. Наркоздың III1, III2 сатысына жетуге қажетті мөлшері мен улы мөлшеріне дейінгі аралықтағы анестетиктің концентрациясының диапазоны анестезиологиялық дәліз деп аталады. Ол неғұрлым кең болса, наркоз соғұрлым қауіпсіз болады. Төртінші саты – ояну сатысы. Анестетикті беруді тоқтатқаннан соң басталады,рефлекстердің, бұлшық ет тонусының, сананың біртіндеп, наркоздың аталған сатыларына кері тәртіппен қалыпқа келуімен сипатталады. Науқастың жағдайына, наркоздың тереңдігі мен ұзақтығына байланысты ояну сатысы бірнеше минуттан бірнеше сағаттарға дейін созылуы мүмкін. Қозу фазасы көрнекті болмағанмен, бұл саты бойы толық анальгезия байқалады. Анестезиология мен реаниматологияның арнаулы әдебиеттерінде наркоздың төртінші сатысын агониялық саты деп атайды. Сатының атынан көрініп тұрғандай, агониялық саты организмді наркотикалық затпен қанықтырудың ақырғы сатысы болып саналады. Аталған клиникалық белгілермен қатар тыныс тоқтауы, тамыр соғуы жойылады, артериялық қан қысымы анықталмайды, жабысқақ салқын тер бөлінеді, тері жамылғылары бозарып, қысқыштар шамасызданып кетеді, дәреттің еріктен тыс кетіп қалуы байқалады. Тыныс тоқтаған соң 2-3 минуттан кейін жүрек тоқтап клиникалық өлімге соқтырады. Бұл кезде науқасты шұғыл реанимациялық шаралар ғана құтқаруы мүмкін. Олар мыналар: анестетикті жіберуді дереу тоқтату, жасанды қан айналысы, жасанды тыныс алдыру, гипоксия мен гиперкапнияның зардаптарын жою. Жоғарыда атап өткеніміздей, наркоз аса терең III3 деңгейге дейін жіберілмеуі тиіс және операция аяқталған соң, анестетикті беру тоқтатылатындықтан бұл IV сатыда науқас оянады. Осылайша, қазіргі кезде хирургиялық операциялар наркоздың үшінші сатысында (III1 - III2 деңгейінде) жасалады, қысқа мерзімді операцияларды бірінші - анальгезия сатысында да жасауға болады. Ингаляциялық наркоз наркотикалық қосындыны енгізу әдісіне байланысты бетперделік, эндотрахеялық және эндобронхиальдық болып бөлінеді. Бетперделік наркоз Бетперделік наркоз кезінде наркотикалық қосынды науқастың жоғарғы тыныс жолдарына әртүрлі құрылымды бетперделер көмегімен беріледі, әрі қарай қосынды науқастың өз тынысы немесе еріктен тыс желдету арқылы өкпе көпіршіктеріне жетеді. Техникалық тұрғыдан бұл әдіс күрделі емес. Бірақ, тыныс жолдарының бос болуын қадағалап отыру керек. Ол басты мейлінше шалқайтып ұстап, төменгі жақ сүйегін алға шығару қажет немесе ауа түтігін пайдаланған дұрыс. Осы кезде бетперделік наркоз аз жарақатты, ұзақ емес операциялар кезінде қолданылады. Эндотрахеялық наркоз Эндотрахеялық наркоз қазіргі заманда үлкен операцияларда бұлшық етті босаңсытуды керек ететін ингаляциялық наркоздың негізгі түрі. Бұл әдіс кезінде наркотикалық қосынды трахея мен бронх тармақтарына, ауыз қуысы мен жоғары тыныс жолдарынан өтіп барып беріледі. Эндотрахеялық наркоз беру үшін трахеяға түтік қою керек (интубация жасау).
Эндотрахеялық наркоздың артықшылықтары.
1. Пайдасыз кеңістік болмағандықтан, анестетикті дәл мөлшерлеуге мүмкіндік бар.
2. Наркозды тез басқару (наркотикалық қосынды тікелей көпіршіктерге жеткізіледі).
3. Тыныс жолдары бос болуының сенімділігі.
4. Аспирациялық асқынулар болмайды.
5. Трахея мен бронх тармақтарын тазарту мүмкіндігі.
Эндобронхиальдық наркоз Эндобронхиальдық наркоздың көрсеткіштері шектеулі. Ол бір өкпені ғана, немесе екі өкпені де әртүрлі режимде желдету қажет болған кезде қолданылады. Түтікті бір басты бронхқа ғана қоюға немесе екі бронхты да бөлек интубация жасауға болады. Көктамырішілік анестезия. Наркозға тез енгізу, қозудың болмауы, жағымды ұйықтап кету көктамырішілік жалпы анестезияның артықшылықтарына жатады. Бірақ, бұл препараттар қысқа мерзімде әсер ететіндіктен ұзақ операцияларға тек өздерін қолдану мүмкін емес. Көктамырішілік анестезияда әртүрлі топтарға жататын препараттар қолданылады. Студенттерге мазмұндауды жеңілдету, әрі қарапайымдап жеткізу үшін көктамырішілік анестезияның ішінен жеке көктамырішілік наркозды, орталық анальгезияны, нейролептоанальгезияны және атаральгезияны бөліп айтқан жөн. Көктамырішілік наркоз Көктамырішілік наркоз, анестезияның басқа түрлері сияқты, таза, мононаркоз түрінде сирек қолданылады. Көктамырішілік наркоздың қасиеттерінің әр алуандығына қарамастан, оның басты да ажырамас көрінісі – сананы жою болып табылады, ал сыртқы қоздырғыштарға реакцияның бәсеңдеуі, яғни жалпы анестезия, екінші кезекте орталық жүйке жүйесінің терең наркотикалық тоқырауы салдарынан болады. Бұлардың ішінде кетамин препараты ғана ерекшеленеді – оның қуатты анальгетикалық әсері сана бар немесе ішінара жойылған кезде де көрініс береді.
Көктамырішілк наркоз препараттары ретінде төмендегідей дәрілер топтары пайдаланылуы мүмкін: 1. Барбитур қышқылының туындылары:Гексенал, Тиопентал натрия
Олар осы күнге дейін көктамырішілк наркоздың негізгі препараттары болып отыр. Бұл препараттарды өз алдына, таза күйінде негізгі наркозға сирек қолданады. Кіріспе наркоз үшін, ингаляциялық анестетиктердің жағымсыз көріністерін болдырмау мақсатында қолданылады. Кейбір жағдайларда жалпы анестезияның бір компоненті ретінде де қолданылуы мүмкін. Барбитураттарды көктамырға тездетіп жібергенде тыныс орталығының қызметі мен гемодинамика бұзылады. Жасанды тыныс алдыру аппараты болмай, барбитураттармен наркоз бастауға болмайды! Барбитураттар наркозына мынадай қарама-қайшылықтар бар: жүрек шамасыздығы, жүрек дерттері, тыныс демікпесі, гиповолемия, ацидоз, бауыр қызметінің бұзылуы, миастения, Аддисон ауруы, жасанды тыныс алдыру аппаратынсыз жасалатын амбулаториялық манипуляциялар.
2. Стероидтық анестетиктер: Виадрил, Альтезин. Виадрилді бауыр мен бүйрек патологиясы немесе ауыр улану (интоксикация) жағдайындағы науқастарға, кеш токсикозбен ауыратын жүкті әйелдерге кесар тілігі операциясын жасаған кезде қолданады. Асқынуларынан кейде тамырға жіберген жерде қабыну (тромбофлебит) байқалуы мүмкін. Альтезиннің гемодинамикаға әсері мардымсыз, жүйке-бұлшық ет берілісін бұзбайды, көмей-трахея рефлекстеріне әсер етпейді, анестезиядан соң науқастың есі тез кіреді. Альтезин травматология мен гинекологияда кеңінен қолданылады. Кемшіліктері: анестезиялық әсері әлсіз, 0,1 мг/кг мөлшерінде тыныс пен қан айналысын нашарлатады.
3. Пропанидид (сомбревин) - өте қысқа мерзімде әсер ететін барбитартық емес анестетик. Шағын, қысқа мерзімді операцияларға пайдаланылады. Анестезия иненің ұшында пайда болады. Орталық нерв жүйесінің қызметі де қалпына өте тез келеді.
Сомбревин наркозының ең қауіпті жақтарының бірі аллергия немесе анфилактикалық шок. Осыған байланысты сомбревинді аллергиясы бар, шокта жатқан, бауыр, бүйрек, жүрек шамасыздығымен, гемолитикалық қан аздылықпен (анемиямен) ауыратын науқастарға қолдануға болмайды. Сомбревиннің аллергия қоздыратын қасиеттерін басу үшін оны хлорлы кальциймен 1:1 қатынаста бір шприцпен жіберу керек.
4. Кетамин (калипсол, кеталар). Бұл препараттың әсерінің нейрофизиологиялық механизмдері өзіне ғана тән және мидың әртүрлі суубстанцияларының арасындағы байланысты ажыратуға негізделген. Осы себепті кетаминді басқа препараттармен қатар қоя алмаймыз. Кетаминнің терапевтік әсері өте кең, улы әсері өте аз, сондықтан бүгінгі таңда ол кеңінен қолданылып жүрген препарат. Препаратты жібергеннен соң 1-2 минуттан кейін ауырсыну сезімі жойылады (анальгезия пайда болады). Кейде науқастың санасы жойылмауы да мүмкін. Бірақ науқастар ретроградтық амнезияның салдарынан болған жайттарды есінде сақтай алмайды. Кетаминді шынайы анестетик деп қарастыруға да болады. Анальгезия операциядан кейін ұзақ уақыт бойы сақталады. өзіне тән қасиеттеріне елестеу (галлюцинация) жатады. 5. Натрий оксбутираты (ГОМК). Ең «жұмсақ» анестетик. Қатаң науқастарға қолданылады. Улы әсері өте аз, сонымен қатар гипоксияға қарсы әсер ететін қасиеті бар. Бірақ, анальгезия мен миорелаксация қажетті деңгейде емес. Сондықтан басқа препаратармен қосарлап пайдалануды қажет етеді. 6. Диприван. Көктамырішілік наркоздың жаңа препаратының бірі. Қысқа мерзімде әсер етеді. Кіріспе наркоз үшін таңдаулы препараттар қатарына жатады. Орталық анальгезия Орталық анальгезия көпқұрамды жалпы анестезияның, негізгі қорғаныш элементтері (гипорефлексия, анальгезия, нейровегетативтік тежелу) нейролептиктерді, анальгетиктерді, көп мөлшерде көктамырға жіберуге негізделген, варианттарының бірі. Орталық анальгезияның мәтіні орталық нерв жүйесін өзгертуде, бұл өзгерістер кезінде ауырсыну сигналдары мен олардың топтасуы және ауырсыну сезіміне жауап реакция жасақталатын құрылымдардың функциясы бұзылады. Орталық анальгезия әдісін қолдануға көрсеткіштер: ауқымды операциялық жарақат, кеуде қуысындағы ағзаларға жасалатын операциялар, жасанды қан айналысын қолданатын операциялар. Орталық анестезия үшін, әдетте, морфин, фентанил, промедол, морфин мен фентанилді қосарлап пайдаланады. Нейролептоанальгезия
НЛА – қуатты нейролептик дроперидол мен наркотикалық анальгетик фентанилді қосарлап пайдалануға негізделген көктамырішілік анестезия әдісі. Анестезияның бұл түрінің артықшылығы тез пайда болатын енжарлықпен, қимылдық мазасызданудың, хирургиялық агрессияға вегетативтік және метаболикалық реакциялардың болмауымен сипатталатын орталық жүйке жүйесіне өзіндік әсерінде. НЛА әдетте құрама анестезияның бір компоненті ретінде немесе жергілікті анестезиямен қосып пайдаланылады. НЛА азоттың шала тотығымен бірге жасанды тыныс алдыру арқылы жиірек жүргізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет