МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ -------------------------------------------------------------------2
І.ӘН САБАҒЫНДА МУЗЫКА ТЫҢДАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
ӘДІСТЕМЕСІ
1.1. Музыка өнер сабағы ------------------------------------------------5
1.2. Музыканы тыңдауға қойылатын талаптар --------------------23
ІІ. МУЗЫКА ТЫҢДАУДЫҢ ЖАН-ЖАҚТЫ ӘДІСТЕРІ
2.1. Музыка тыңдауды ұйымдастыру жолдары -------------------36
2.2. Музыка тыңдаудың жан – жақты әдістері --------------------45
ЗЕРТТЕУДІҢ ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМІ ---------------------48
ҚОРЫТЫНДЫ -----------------------------------------------------------58
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ---------------------60
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі:
Қазақстан Ресаубликасының тәуелсіздік алуына байланысты елімізде оқу-тәрбие жүйесінің барлық саласын қайта түлету процесі жүріп жатқаны мәлім. Қазіргі білім, ғылым мен мәдениетті жаһандандыру процесі кезінде әр ұлт өз мемлекетінің рухани мәдени құндылықтарын сақтай отырып, әлемдік өрке-ниетке кіргізуі заңды құбылыс.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Ұлттық кеңестің мәжілісінде жасаған баяндама-сында «Мәдени мұраларды жүйелеп, оларды қалпына келтіру, сақтау, одан әрі дамыту ісіне кең көлемде білек түре кірісетін кез келді. Ұлттық мәдение-тімізді ұлықтап, бар мен жоғымызды түгендеп, жүйелеп, келер ұрпаққа аманат ету – «Мәдени мұра» бағдарламасының басты мақсаты болуы тиіс» - деп, болашақ ұрпақты тәрбиелеуде ұлттық мәдени мұраның мүмкіндігі мен мақсатын айқындап берген болатын. Осыған байланысты қазіргі уақытта қо-ғамдық-гуманитарлық пәндерді оқытудың білімдік, тәрбиелік маңызы бұрын-ғыдан да арта түсуде. Оларға «Білім туралы заң», «Қазақстан Республикасын-да гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптастыру тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасы этникалық-мәдени білім беру тұжырымдамасы» сияқты мемлекеттік құжат-тарда айырықша көңіл бөлінген. Бүгінгі тәрбиенің басты міндеті адамзат мәдениетінің сан ғасырлық өркениеттік жетістіктері мен ұлттық рухани-мәдени байлықтарын саралай отырып меңгерту, сөйтіп, оқушы жастарды нарықтық экономикаға бейімделген, өмірге икемделген, жан-жақты жетілген, қаблетті, кез келген тұтқиыл жағдайлардан жол тауып шыға алатын ынталы да іскер, табанды да талантты отансүйгіш азамат етіп тәрбиелеу болып табылады.
Ауыз әдебиеті үлгілері мен халықтық өнер арқылы халқымыз өз ұрпағын «сегіз қырлы, бір сырлы», өнегелі, өнерлі, шынайы ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеп келеді. Бала тәрбиесі-аса жауапты іс. Ұстаз–оқушыларға білім беруші ғана емес, олардың бойына отансүйгіштік, елжандылық, ұлтжанды-лық, адамгершілік, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді қалыптастыру-шы басты тұлға. Баланың болашақта қандай азамат болып өсетіндігі мұғалім-нің балалрмен жүргізетін тәрбие жұмысының мазмұны мен әдісіне де тығыз байланысты.
Қазақстан халқына «Жаңа әлемдегі Қазақстан» атты жолдауында «Білім беру реформасы табысының басты өлшемі тиісті білім мен білік алған еліміздің кез–келген азаматы әлемнің кез – келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады» деген болатын. Қазіргі музыкалық білім беру жүйесінде, мектепте музыка сабағының тәр-биелік мәні зор. Жаңа заман талабынат сай музыка сабағын оқушының ұлттық ән – күйіне деген көзқарасты жетілдіру. Музыка сабағы бірнеше іс - әрекеттерден тұрады: ән айту, музыка тыңдау, музыка сауаты. Эстетикалық тәрбие берудің негізгі құралы–узыка. Музыканы жас кезінен бала бойына сіңіре білсе, тыңдаған әуендерін сезіне білсе, жаны таза, нәзік, сезімтал болып өседі. Қазіргі таңда музыка мұғалімінің ғылыми ізденіс, зерттеушілік-
тің обьектісі болып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |