Жалпы және жергілікті жансыздандыру. Жалпы жансыздандыру



бет3/5
Дата10.05.2023
өлшемі122,29 Kb.
#91551
1   2   3   4   5
Жергілікті анестезия. Клиникалық байқаулар көрсетіп жүргендей, жалпы анестезияның, хирургияда қолданылып жүрген, ең бір жетілген әдістерін пайдаланған жағдайдың өзінде бірқатар асқынулар болуы мүмкін. Сонымен қатар, жалпы анестезия барлық жайғдайларда қолданылмауы мүмкін. Мысалы көлемі шағын операцияларға жалпы анестезияны қолданудың реті жоқ. Осы жағдайларға байланысты хирургтер жергілікті анестезияны әрқашан естен шығармайды. Қауіпсіздігі, жеткілікті дәрежедегі әсері, маман – анестезиологтың және арнаулы аппаратураның қажет еместігі жергілікті анестезияны жалпы анестезиямен тең бәсекелестер қатарына қойып отыр. Мұның өзі әрбір хирургті жергілікті анестезияның әдістерін, әсер ету механизмдерін және қолданылатын препараттарды жетік білуге міндеттейді. Жергілікті анестезия кезінде жүйке импульстері операция аймағындағы жүйке қабылдағыштарынан (рецепторларынан) бастап, жұлын сегменттері деңгейіне аралықта тежеледі. Осыған сәйкес, тежелу деңгейіне байланысты жергілікті анестезияның мынадай түрлерін ажыратады: 1. Терминальдық анестезия (қабылдағыштар деңгейінде); 2. Инфильтрациялық анестезия (қабылдағыштар мен ұсақ нервтер деңгейінде); 3. өткізгіштік анестезия (үлкен нервтер мен нерв шашақтарының деңгейінде); 4. Жұлындық немесе эпидуральдық анестезия (жұлын тамыршаларының деңгейінде); 5. Сүйекішілік және көктамырішілік анестезия. Жергілікті анестезияда фармакологиялық препараттармен қатар физикалық факторлар да қолданылады: салқын (хлорэтилмен қатыру), электроанальгезия, электроакупунктура. Жергілікті анестетиктер химиялық құрылысына байланысты 2 топқа бөлінеді: 1. Амин қышқылдарының амин спирттерімен құрайтын күрделі эфирлері: кокаин, дикаин, новокаин;
2. Ксилидин қатарының амидтері: лидокаин, тримекаин, пиромекаин, маркаин. Жергілікті анестетиктердің әсер ету механизмі мынадай: анестетиктердің молекулалары өзінің липоидотроптығына байланысты нерв талшықтарының жарғақтарында шоғырланып, натрий өзекшелерінің қызметін тежеу арқылы әсер ету потенциалының тарауына кедергі жасайды.


Жергілікті анестезияны қолдануға көрсеткіштер мен оған қайшылықтар Жергілікті анестезияны әлсіз, арыған науқастар мен қарттарға, егде тартқан, тыныс, жүрек-қантамыр шамасыздығымен ауыратын науқастарға, яғни, заманауи жалпы анестезияны пайдалану қауіпті болған кезде қолданады. Әрине, бұл кезде жергілікті анестезиямен жасауға болатын операциялар жайлы сөз болып отырғанын айтып кеткен жөн. Жергілікті анестезияға қайшылықтар: алдымен науқасқа анестетик жақпайтын жағдай, 10 жасқа дейінгі балалар және науқастың жүйкепсихикалық тұрақсыздығы. Тіндерді инфиьтрациялау арқылы жасалатын анестезия үшін операция аймағындағы тыртықтанулар қайшылық етуі мүмкін. Терминалдық анестезия (контактілік немесе сыртқары анестезия) Көрсеткіштері: 1) көздің шағын хирургиясында; 2) эндоскопиялық тексерулер қажет болған кезде (гастроскопия, бронхоскопия, цистоскопия); ауыз бен мұрын қуысының кілегей қабықтарының шағын хирургиясы. Терминальдық анестезия үшін новокаиннің 1-4%-дық, лидокаиннің 5%-дық, дикаиннің 3%-дық ерітінділерін пайдаланады. Инфильтрациялық анестезия. Анестезияның бұл түрі терминальдық анестезияға қарағанда жиі қолданылады. Бұл анестезия үлкен емес, аса жарақатты емес операциялар кезінде пайдаланылады. Инфильтрациялық анестезияны іріңдіктер хирургиясында (асептика ережелері бұзылады) және онкологияда (абластика ережелері бұзылады) қолдануға болмайды. Қазіргі кезде инфильтрациялық анестезия А.В. Вишневский әзірлеген принциптер бойынша іске асырылады. Бұл әдіс - тығыз жорғалағыш инфильтрат әдісі деп аталады. Оның негізгі принциптері мыналар: 1. Концентрациясы төмен анестетиктерді көп мөлшерде қолдану. Әдетте, лидокаин мен новокаиннің 0,25-0,5%-дық ерітінділерін 200-400 мл мөлшерде пайдаланған қауіпсіз. 2. «Тығыз инфильтрат» әдісі. Анестетик барлық қабылдағыштар мен ұсақ нерв талшықтарына жету үшін тіндерді тығыз инфильтрация жасау керек, яғни жасалатын тілік жолында тығыз жорғалағыш инфильтрат түзіледі.
3. Қабаттылық. Анестетик ерітіндісі қабат сайын жіберіледі. Келесі қабатты тілік жасағаннан кейін ғана жансыздандырады. 4. Шандыр қабықтардың құрылысын ескеру. Бұл принципті сақтау арқылы иненің бір тесігімен бұлшық ет–шандыр қабығының ішін анестетикпен толтыруға болады. Фасция анестетиктің таралуына кедергі келтіретінін ескеру керек. 5. Тіндерді гидравликалық іреу принципі. Анестетикті көп мөлшерде үлкен қысыммен жіберген кезде анатомиялық түзілістер бірбірінен ажырап, кейбір анатомиялық түзілістерді бөліп алуды жеңілдетеді. өткізгіштік анестезия. Бұл анестезия кезінде жергілікті анестетик нерв діңгегіне немесе нерв шашақтарының олар иннервациялайтын операция аймағынан жоғары деңгейіне жіберіледі. Бұл анестезияның ерекшелігі жансыздану жоғарыдан төмен қарай біртіндеп пайда болады. Мұның өзі нерв талшықтарының құрылысына байланысты. өткізгіштік анестезияның препараттары бупивакаин, лидокаин, новоаин. Бұл препараттардың аз мөлшерде, бірақ жоғарғы концентрацияда қолданады (1-2%). Анестетик нерв қабығына (периневрально) әрбір нерв діңгегінің орналасқан аймағына жіберіледі. Кең таралған өткізгіштік анестезияның түрлері мыналар: ЛукашевичОберст әдісі, Усольцева әдісі, Куленкампф әдісі, ортан жілік, сан, жапқыш және шонданай нервтерінің блокадасы.
Эпидуральдық және жұлындық анестезия. Эпидуральдық анестезия мен жүлындық анестезия орындалу тәсілі және ауырсыну импульстерінің тежелу деңгейі жағынан бір-біріне өте жақын (жүлынның тамыршалары). Анестезияның бұл түрлері аяққа, іш қуысының төменгі қабаттары мен қарынның төменгі бөлігіне жасалатын операциялар кезінде қолданылады. Эпидуральдық анестезия жұлындық анестезияға қарағанда күрделі, дегенмен жұлынның қабықтары жарақатталмайтын болғандықтан асқынулары аз. Лидокаин мен бупивакаин эпидуральдық анестезиянң негізгі препараттары. Жұлындық анестезияның орындалу техникасы эпидуральдық анестезияныкіне ұқсас, тек ине ішіндегі мандренді алған кезде жұлын сұйығы ағады. Бұл анестезияның анестетиктері - лидокаин, тримекаин, бупивакаин. Анестзияның бұл түрлерінің аса қауіпті асқынуларына басқаруға келмейтін гипотония мен коллапс, эпидурит және менингит жатады. Сүйекішілік және көктамырішілік аймақтық анестезия өздерінің мәтіні мен орындалу тәсілі жағынан бір-біріне өте жақын. Анестезияның бұл түрлері сирек қолданылады. Бұл әдістерді аяқ-қолға операция кезінде пайдалануға болады. Аяққа немесе қолға қылбұрау салып, анестетикті
көктамырға немесе кеуекті сүйек ішіне жібереді. Сүйекішілік анестезия үшін арнаулы ішінде мандрені бар ине қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет