Жалпы редакциясын басқарған: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР ҰҒА корр мүшесі, филол.ғ. д., проф. Е. Қажыбек



Pdf көрінісі
бет57/170
Дата15.04.2022
өлшемі6,86 Mb.
#31095
түріБағдарламасы
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   170
А. Жұбанов
А.Байтұрсынұлы атындағы 
Тіл білімі институтының бас ғылыми 
қызметкері, филол.ғ.д., проф.
АКАДЕМИК РƏБИҒА СЫЗДЫҚ – ТҰҢҒЫШ 
ЖҰБАНОВТАНУШЫ 
Сөз басын əкем – Құдайберген Қуанұлы Жұбановтың 1937 жылы 
жазықсыз  репрессияға  ұшырап, 1938 жылы  «халық  жауы»  атанып, 
атылып кеткеннен кейін 1957 жылы сол бір қара жаладан ақталғаны-
 нан бастағым келіп отыр. Себебі əкем ақталғаннан кейін 1966 жылы 
С.М.  Киров  атындағы  Қазақ  Мемлекеттік  университетінде  өткен 
ғылыми  конференцияда  қазақ  филологиясының  тұңғыш  профессо-
ры,  қазақ  тіл  білімінің  теориялық  негізін  қалаушы  ғұлама  ғалым 
Құдайберген  Жұбановтың  өмірі  мен  шығармашылығы  жайында  не-
гізгі баяндамашы болып сөз сөйлеген жас ғалым Рəбиға Сəтіғалиқызы 
Сыздықова  болатын. 1960 жылы  менің  ҚазПИ-дің  физика-матема -
тика  мамандығын  бітіріп,  Қазақ  ауылшаруашылық  институтында 
(қазіргі  Аграрлық  университет)  жоғары  математика  пəнінен  сабақ 
беріп жүрген кезім болатын. Мен үшін əкем жайлы өткен конферен -
ция  айрықша  есімде  қалды  жəне  əрі  қарайғы  өміріме  айрықша  із 
қалдырды  деуге  болады.  Конференцияға  І.Кеңесбаев,  М.Балақаев, 
Ғ.Мұсабаев,  М.Сильченко  жəне  т.б.  қазақстандық  белгілі  ғалымдар 
қатысып, сөз сөйлегендері маған зор əсер етті. Менің дүниеге келге-
німе  алты  күн  ғана  болған  кезімде  əкемнің  репрессияға  ұшыраған 
сəтінен  бері  ол  жайлы  естіп-білгендеріме  қарағанда,  баяндама  жаса -
ған  Рəбиға  апай  мен  басқа  да  сөйлеген  ғалымдардың  сөздерінен 
кейін  мен  айрықша  əсер  алып,  əкемді  əлемдік  деңгейдегі  ірі  ғалым 
тұрғысынан жаңа қырынан көргендей болдым. 
Бірде  апайдан: «Қалайша  Мəулен  Балақаев,  Ғайнетдин  Мұсабаев 
сынды  əкемнің  шəкірттері  болған  ірі  ғалымдар  тұрғанда,  ғылым 
əлеміне  жаңадан  ғана  қадам  басқан  жас  ғалым – Сізге  осындай  жа-
уапты іс тапсырылған?» – деген сауалға апай былайша жауап бергені 
есімде: «Шындығында, ол рас, бірақ Мəкең (Мəулен Балақаев) іштей 
менің  осы  істі  сапалы  аяқтай  алатыныма  сенім  білдіріп,  алдын  ала 
мені  осы  шараға  көп  дайындаған  болатын  жəне  бұл  мен  үшін  де 
ғылым  жолындағы  аса  зор  бастамам  болды», – деді.  Аталған  конфе-
ренциядан  үлкен  əсер  алған  жалғыз  мен  ғана  емес,  анам  Раушаннан 
бастап аға-апаларым мен туыстарым да аса риза болды. Сол жылдар-
дан  бастап  Рəбиға  апай  бізге  ең  жақын  туыстай  болып  кетті  десем, 


131
Тіл-ғұмыр
артық  айтқаным  болмас.  Осыған  қатысты  бір  жайтты  айта  кетсем 
деймін. «Тас  түскен  жеріне  ауыр»  деген  қазақтың  мақалындағыдай 
əкеміздің отыз жеті жасқа толар-толмасында жазықсыз дүние салуы, 
ең  алдымен,  анамызға  қатты  əсер  еткен  болуы  керек.  Себебі  конфе-
ренция  кезінде  анамның  не  қуанып,  не  қайғырып  жүргенін  білу  мен 
үшін өте қиын болды.
Конференция  өткеннен  кейін  көп  ұзамай,  анамыз  (немерелерін-
ше – ақмама) Рəбиға апайды Шахаң жездемізбен бірге үйге қонаққа 
шақырды.  Анамыз  өзінің  баяндамадан  үлкен  əсер  алғанын  айтып, 
əкеміздің  Ақтөбедегі  кезінен,  Ленинградта  оқып  жүрген  кезі  мен 
Алматыдағы  ҚазПИ-де  жұмыс  істей  бастаған  тұстарынан  көптеген 
естеліктер  айтып  берді.  Анамыздың  əңгімесін  аса  зер  салып  тыңдап 
отырған Шахаң естіген əңгімелерден зор əсер алғанын айта отырып, 
болашақта оларды сахнаға шығаруға болатындығын жəне өзінің əке-
міздің өмірі мен қызметі жайлы пьеса жазатындығын айтып, бəріміз -
ді таңғалдырды. 
Отырыс  соңында,  анамыз  бұдан  былай  қарай  Рекеңді  енді  Құде-
кеңнің үлкен қызы деп санайтынын айтып, сол күннен естелік ретінде 
арабша  «Раушан»  деп  өзінің  аты  жазылған  алтын  сақинасын  сыйға 
тартты.  Осыған  байланысты  Рəбиға  апай  өзінің  Есет  ағама  жазған 
бір  хатында  былай  дейді: «... Есет!  Ақмамаларың – Раушан  жеңгем 
маған  бір  емес,  бірнеше  рет: «Құдайбергеннің  үлкен  қызындай  бол-
дың!» – дегенде,  мен: «Ақыраптай,  Есеттей,  Асқардай  інілерім  бар 
екен-ау!» деп ойлап, бірақ кей-кейде: «Осы рас па, өтірік пе?» – деп, 
қобалжып  та  жүруші  ем.  Бекер  екен!  Нағыз  тілеулес,  ақ  ниетті  адал 
көңілді інім бар екен!» [1, 239-249].
Міне,  бірге  туғандай  болып  кеткен  Рəбиға  апамыз  үстіміздегі 
жылы 90 жасқа  толып  отыр.  Апамыз  Рəбиға  Сыздық – кешегі  реп -
рессия құрбандары – А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов сынды ғұламалар-
дың  өмірі  мен  шығармашылығын  жан-жақты  зерттеген  ғалым. 
Нəтижесінде 1966 жылы  Құдайберген  Жұбанов  туралы  ең  алғаш 
баяндама  жасап,  содан  кейін  «Ғалым-азамат»  деген  кітапты  баспа-
дан  шығарып, «тұңғыш  жұбановтанушы»  аталып  отыр.  Сонымен 
бірге  репрессияға  ұшыраған  басқа  да  жазықсыз  көрнекті  қоғам  қай-
раткерлерінің  еңбектерін  зерттеп,  оларды  бағалау  үшін  құрылған 
комиссиялардың  жұмысына  да  белсене  қатысқан  ғалым.  Ол 
А.Байтұрсынұлы,  М.Жұмабаев,  Ж.Аймауытовтардың  ақталуына  зор 
күш жұмсады. 
Рəбиға Сыздықтың зерттеулерінің нысаны – сөз тарихы, сөз əсем -
дігі мен сөз сазы, əуені мен сөздің қолданылу мəдениеті. Сол сияқты 
ғалым  сөздің  мəнін  ашуға,  көне  жазбалардағы  сөздердің  қолда-


132


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет