Жалпы тарих және әгп кафедрасы саясаттану пәнінен дәрістер


Саясаттану басқа қоғамдық ғылымдармен тығыз байланыста болады.Саясаттану ең алдымен философиямен



бет5/73
Дата19.04.2023
өлшемі0,82 Mb.
#84569
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73
4.Саясаттану басқа қоғамдық ғылымдармен тығыз байланыста болады.Саясаттану ең алдымен философиямен тығыз байланысты.Ол тіршіліктің түпкілікті себептерін, рухани байлықтардың негізінде не жатқанын ашып, дүниеге тұтас көзқарас туғызады. Сондықтан ол басқа пәндер сияқты саясаттануға жалпы әдістемелік ғылым болып келеді. Ол саясатты философиялық тұрғыдан дәлелдейді, саяси құбылыстар мен процестерді талдауға дүниетанымдық бағдар береді. Сонымен қатар саясаттану экономикалық теория мен өзара байланысты. Саяси экономия саяси процестерді экономикалық тұрғыдан дәлелдей отырып, ол процестердің негізінде әр түрлі әлеуметтік топтардың өз мүдделерін жүзеге асыру үшін күресіп жатқанына көз жеткізеді.Саясаттану құқықтық ғылыммен де тығыз байланысты. Құқық адамдардың қоғамдағы қатынастары мен тәртібін, іс- әрекетін реттейді. Ол саяси шешімдерді дайындап, іске асырудың құқықтық тетіктерін көрсетеді, құқықтық және мемлекеттік нормалар мен институттардың қиысқан, түйіскен жерлерін қарастырады, реттейді. Келесі саясаттануға жақын ғылым – әлеуметтану. Саясаттану саясатты белгілі бір заңдылықтарға бағынып, іс жүзінде белгілі бір принциптерді жүзеге асыратын, дамып, өзгеріп отыратын процесс ретінде емес, адамдық өлшем ретінде қарап, әлеуметтік ортаның саяси салаға әсерін зерттейді. Саясаттану тарихпен де байланысты болады. Ол жүйелі, дәйекті түрде оқиғаның болған уақытына байланысты саяси институттармен идеялардың дамуы туралы деректерді жинап, суреттейді.
Әкімшілік экономикадан нарықтық шаруашылыққа, тоталитарлық жүйеден демократиялық құқықтық мемлекет құруға өту жұртшылықтың саяси мәдениетін түбегейлі өзгертуді талап етеді. Саяси білім саяси шыдамдылықты, келісімге, ымыраға келуге дайын болуды, өркениетті және заң шеңберінде, демократиялық институттар арқылы өз мүдделерін білдіріп, қорғай білуді, әлеуметтік шиеленістердің алдын алып, немесе оларды бейбіт түрде шешу сияқты қасиеттерді қалыптастырады. Саяси білім азаматтарға қоғамдағы құқығы мен міндеттерін дұрыс ұғынып, жете түсінуге көмектеседі. Оның мақсаты – адамды күрделі әлеуметтік- саяси жағдайдалайықты және таба білуге, басқа адамдардың мүдделері мен құқығын сыйлай отырып, өз мүддесін қорғай білуге үйрету, сонымен қатар ол азаматтарды демократиялық тәртіпті және оны қамтамасыз ететін мемлекеттік, қоғамдық ұйымдарды сыйлауға тәрбиелейді.
Біздің заманымызда қандай кәсіппен айналысқанына қарамастан, саяси білім мен мәдениет дара әкімшілікке негізделген үкімет жүйесінен, қатал, деспоттық басқарудан, адамгершілікке қарсы, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдастырудың экономикалық тиімсіз түрлерінен сақтандырады. Қорыта келе, саяси білім әр азаматқа үкімет көлемінде өз қызығушылығын қалай қанағаттандыру керек екендігін үйретеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет