Жамалбеков Е.Ү



Pdf көрінісі
бет57/104
Дата20.02.2023
өлшемі1,53 Mb.
#69344
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   104
3.3. 
Топырақ 
жамылғысының 
мезо- 
және 
микроқұрылымдары 
 
Жер бедерінің генетикалық және морфологиялық әр 
түрлілігі 
үлкенді-кішілі 
территорияларда 
топырақ 
жамылғыларының күрделілігін және құрылымын анықтайды. 
Жер бедері күн энергиясының, ылғалдың, химиялық элементтер 
мен қатты заттардың бөлінуі, жайғасуы топырақ түзуші 
жыныстардың әр түрлі болуына тікелей байланысты. Жер 
бедерінің қалыптасу жасына, топырақ жамылғысының түзілу 
мерзімдері сәйкес келеді. 
Табиғатта топырақ түзуші факторлардың әр түрлі 
әсерлерінің нәтижесінде жер бетіндегі топырақ жамылғылары 
әр 
түрлі 
топырақ 
комбинацияларынан, 
азды-көпті 
топырақтардың 
элементарлық 
ареалдарынан 
түзіледі. 
Топырақтың элементарлық ареалы деген түсінікті 1965 жылы 
В.М.Фридланд енгізіп, оны И.П.Герасимов қолдап, қазір 
әлемдік түсінікке айналып келеді. Бұл түсінік орнына 
Л.И.Прасолов (1927) «Топырақ индивидиумың, Б.П.Полынов 
(1953) 
"Элементарлық 
ландшафт", 
американ 
ғалымы 
В.М.Джексон (1963) "Педон" деген терминдерді қолданған.
Сонымен топырақтың элементарлық ареалы - топырақты 
жүйелеудегі ең төменгі сатыдағы бір топырақ түрінің орын 
алатын кеңістігі. Оның көлемі шаршы метрден бастап жүздеген, 
тіпті мыңдаған гектарларға жетуі мүмкін. 
Сонымен әр түрлі топырақтардың элементарлық 
ареалдарының бір-бірімен араласып, кездесулерін топырақ 
комбинациялары деп атайды. Бұл түсінікті топырақтану іліміне 


107 
алғаш енгізген Н.М.Сибирцев (1900) болатын. Бұл ілімді әрі 
қарай 
жетілдірген 
В.В.Докучаевтың 
тағы 
бір 
шәкірті 
С.С.Неуструев болды. Ол топырақ комплекстері және топырақ 
тіркестері деген түсініктер енгізді. Бұл түсініктер әлі күнге 
шейін қолданылып келеді. 
Топырақ 
комплекстері 
деп 
кеңістіктің 
микрорельефтеріне байланысты топырақ комбинацияларының 
тәртіппен өзгеруін айтады. Ал топырақ комбинацияларының 
мезорельефке байланысты тәртіппен өзгерулерін топырақ 
тіркестері деп атайды. 
Өте жиі, әсіресе аллювиалдық жазықтарда жер 
бедерлерінің элементтеріне қарай топырақ пен топырақ түзуші 
жыныстардың литологиялық құрамдары өзгереді, себебі кейбір 
жер 
бедерлеріне 
өздеріне 
тән 
ұнтақталған 
жыныстар 
шөгінділері шоғырланады. Осыларға сәйкес ол аймақтарда 
өзгеше топырақ комбинациялары орын алады. Сыр бойы 
топырағының геологиялық жағдайларын терең зерттеген 
академик В.М.Боровский осы топырақ түзілудегі жер бедері - 
ондағы тау жыныстары және топырақтардың біртектігі туралы 
заңдылықты ашты (1975). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет