Жамалбеков Е.Ү


Топырақтардың көлденең зоналарының фациалды



Pdf көрінісі
бет56/104
Дата20.02.2023
өлшемі1,53 Mb.
#69344
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   104
Топырақтардың көлденең зоналарының фациалды 
өзгешеліктері. Әр түрлі географиялық белдеулерде, бір 
белдеудің әр түрлі секторларында мұхит жағалаулары мен ішкі 
континенттерде 
топырақтардың 
көлденең 
зоналық 
құрылымының пішіндері және бағыттарының әр түрлі екендігін 
көрсетеді. 
Өзгешеліктер 
гидротермикалық 
жағдайлардың 
кеңістікте өзгеру әсерлерінен болады. Мәселен, жеткілікті 
ылғалданған 
аймақтарда 
зоналардың 
ауысуы 
негізінен 
ылғалдану деңгейімен түсіндіріледі. Бұл мәселеде екі жағдайды 
байқауға болады: 1) ылғалдану дәрежесі температураның 
өзгеруімен сәйкес өзгереді, яғни ауа райы құрғақ болған сайын, 
осы бағытта температура да жоғарылайды. Мұндай жағдайда, 
аса кең емес кеңістіктің өзінде зоналар бірін -бірі тез 
ауыстырады; 2) ылғалдану дәрежесінің өзгеру бағыты 
температураның өзгеруімен кереғар келеді. Мұндай жағдайда 
зоналар бағыты өзгереді, енді зона меридианды зонамен 
ауысады. Ылғалдану деңгейі аса мол бола қоймаған жағдайда, 
зонаның 
ішінде 
топырақ-биоклиматтық 
провинциялар 
(фациялар) түзіледі. 
 
3.2. Әлемнің биік таулы топырақтары 
Жер деңгейінің биіктеген сайын бір топырақ зонасының 
басқа топырақ зонасымен алмасып отыратынын алғаш 
В.В.Докучаев байқаған. Ол 1891 жылы Орыс жазығына зерттеу 


105 
жүргізіп, топырақтың жердің биіктігіне байланысты өзгеруі 
туралы болжам жасады. Кейінірек Кавказда ол тау етегінен 
бастап таудың биік төбесіне дейінгі топырақтың биіктік 
зоналығын анықтады. 1899 жылы оның «Табиғат зоналары 
туралы ілімң деген еңбегі жарық көрді. 
В.В.Докучаев идеялары мен болжамдарын әрі қарай 
жалғастырған оның шәкірті С.А.Захаров та өмірінің көбін осы 
Кавказда өткізді, ол топырақтың топырақ биіктік белдеу 
зоналығын анықтауда мол үлес қосты. Ол әрбір көлденең 
топырақ зонасы аймақтарында өзіне тән биіктік топырақ зонасы 
болады деген тұжырымға келді. С.А.Захаровтан кейінгі әлемнің
басқа таулы бөліктерінде жүргізілген зерттеулер топырақтың 
биіктік зоналық құрамы мен құрылысы өте күрделі және әр 
түрлі екендігін анықтады.(С.А.Захаров, 1934) Енді топырақ 
зонасының жылы және құрғақтан салқын әрі ылғалды 
алқаптарға өтуімен байланысты топырақ зоналарының ретімен 
ауысуын ғана емес, таулы аймақтың қай географиялық 
белдеулерде, олардың қай секторларында (мұхит жағалауы 
немесе ішкі құрғақ континентінде) орналасуына тікелей 
байланысты екендігі жөнінде мәселелер қозғалды. Бұл 
заңдылықтарды анықтаған орыс оқымыстылары: К.Д.Глинка, 
С.С.Неуструев, Р.И.Аболин еді. С.А.Захаровтың 1934 жылы 
Кавказ топырақтарының биіктік зоналығы туралы шыққан 
еңбегінде жалпы биіктік топырақ зоналығының қалыптасқан 
зоналық заңдылықтан ауытқуына түсінік берілді.
1. "Топырақ зонасының инверсиясы", яғни биіктік 
зоналық жағдайда, әдетте көлденең зоналық бойынша төмен 
жататын зонаның биікте орналасуы. Мәселен, Кавказдың арғы 
бетіндегі тауларда (Армян тауында) қара топырақтардың 
таудың ылғалы мол беткейлерінде кездесетін орманның құба 
топырақтарынан биікте кездесуі. 
2. Зонаның "интерференциясы" немесе "түсіп қалуы" 
климаттың немесе таудың бір ерекшелік жағдайларына 
байланысты, бір топырақ зонасының немесе тіпті бірнеше 
зоналарының ретінен түсіп қалуы. Мәселен, көп тауларда, 
әсіресе 
олардың 
оңтүстік 
беткейлерінде, 
қара 
қоңыр 
топырақтар жоғары жылжып, таулы-шалғынды топырақтарға 
жалғасады да, қара топырақты және орманның құба 
топырақтары кезегінен "түсіп қалады". 
3. Топырақ зоналарының ауытқуларын, яғни бір 
топырақ зонасына басқа топырақ зоналарының кіріп кетуі. 


106 
Мәселен, тау ойпаттары арқылы, тау биіктерінің әр түрлі 
пішіндерде болуы (келетін ылғалға қалқан болуы т.б.), мысалы 
Орталық Тянь-Шаньнің тау етегіндегі шөлді, шөл далалы 
зоналардан бастап, таудың биіктік белдеулеріне дейінгі 
ылғалды қара топырақ пен таудың орманды және таудың 
шалғынды топырақтары арқылы бөлінетін биік тауларда дала 
зонасы және шөлді зоналар топырақтарының кездесуі. Мұны 
таудың құрғақ зоналығы деп атайды. Келетін ылғалды соған 
бағытталған беткейлер ұстап алып, таудың үстіне оның екінші 
арғы беткейіне аз ылғал немесе құрғақ ауа барады. 
Мұндайларға Қытайдағы Тибет, Орталық Андыдағы Атакама, 
Тәжікстандағы Памир биік таулы шөлдері мысал бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет