«жансугуровские чтения»



Pdf көрінісі
бет17/208
Дата06.01.2022
өлшемі2,06 Mb.
#11587
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   208
Байланысты:
6-2018

Ключевые слова: национальные ценности, литература, лирика, поэзия. 
 
Ilias seeks to educate children through national values and writes true worthy works of art. 
The article analyzes these works.  
Key words: national values, literature, lyrics, poetry. 
 
Ілияс  –  поэзияның  сан  қырын  меңгеріп,  алуан  түрлі  тақырыптарға  қалам  тартқан  жан-
жақты  ақын.  Соның  бір  саласы  –  балаларға  арналған  өлеңдері.  Ол  өлеңдері  –  балаларға 
арналғанымен  кеңістігі  кең,  үлкен,  қызықты  да  қызғылықты,  тамаша,  әсем  әлем.  Осы  әсем 
әлемнің  әдебін  айшықтап,  кеңістігін  кеңейте  түсуге  қазақ  поэзиясының  «Құлагері»  –  Ілияс 
Жансүгіровтың қосқан үлесі салмақты. 
 Қазақ балалар әдебиетінің ірге тасын қалауға негіз болған  – батырлар жыры, ертегілер, 
мысалдар,  шешендік  сөздер,  өтіріктер,  жұмбақтар,  тұрмыс-салт  жырлары,  айтыс,  ауыз 
әдебиетінің басқа да нұсқалары бар еді. Мысалы, қазақ баласы түгел білетін – «айдалада ақ отау, 
аузы мұрны жоқ отау», «аласа ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар», «белі бүкір, алысқа 
түкір»  деген  сияқты  жүзге  тарта  жұмбақтарды  алғаш  жазып  алған,  редакциялаған,  жеке  кітап 
ретінде басып шығарған  Ілияс екенін қазіргі таңда көбі біле бермейді. Атақты қырық өтірікті 
қағазға түсіріп, «Өтірік» деген атпен 1927 жылы басып шығарған да  Ілияс Жансүгіров.  
Автор  өтіріктер  туралы  өзінің  ойын:  «Бұл  жинақтың  түпкі  ойы,  түпкі  орны  мен  өтірігі  
үлкендерден  гөрі  балалардікі,  балалар  әдебиетіне  жатады»,  -  деп  түйіндейді.  1929  жыл  Ілияс 
Жансүгіровтың  балаларға  арнап  өндіре  еңбек  еткен  кезеңі.  Айналасы  екі,  үш  жылдың  ішінде 
«Балаларға тарту»,  «Балаларға базарлық»,  «Малта»,  «Шәукеннің  шәркейі»,  «Жұмбақ»,  «Одақ» 
деген бірнеше суретті кітапшаларын көпшілікке ұсынды. 
Балаларға арналған шығармаларының ішінде тағы да бір көңіл аударатын ақын мұрасы – 
1930  жылы  «Қазақстан»  баспасынан  шыққан  жұмбақтар  жинағы.  «Үй  саймандары», 
«Жаратылыс құбылыстары», «Құрал-сайман» деген бөлімдерден тұрады. 
Қазақ  поэзиясында  жылдың  төрт  мезгілін  суреттеуде  Абай  Құнанбаев,  Ыбырай 
Алтынсариннен кейін Ілияс ерекше орын алады. Мысалы, Абай, Ыбырай өлеңдерінде жылдың 
әр  мезгілін  халықтың  тұрмыс-тіршілігімен  байланыстыра  суреттеуі  ересектердің  ұғымына 
лайықты болса, Ілияс өлеңдерінде өмірді нақты бала көңілімен танытумен ерекшеленеді. 
Ұлттық құндылықтарды негіз етіп, балалардың дүниетанымының еселенуіне жырмен 
әсер  ететін    Ілиястың  ерекше  әдісін  «Домбыра»  өлеңінен  көруге  болады.  «Нағыз  қазақ  – 
қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра». Домбыра – шежіре. Тау суындай сылдыратып тәтті-тәтті 
күй  төгетін,  бота  күйді  боздатып,  көктегі  бұлтты  ыдыратар, таудағы  тұманды  түретін,  он 
саусақты құлындай құлдыратып, ойнақтата көргенін күй қылатын, «екі желі, үш қазық, тоғыз 
ноқта ол – домбыра» (І.Жансүгіров). 
 


 
13 
«ЖАНСУГУРОВСКИЕ ЧТЕНИЯ»  
материалы республиканской  научно-практической  конференции  
7 декабря 2018
 
г. 
 
 
Ілиястың  балаларға  арналған  өлеңдері  өткен  өмірдегі  шынайы  қазақи  өмірдің 
көріністерінен  құралған.  Ұлт  мүддесіне  қатысты  ойлары  баланы  жақсы  әлемге,  оқу-білімге 
бастайтын игі мақсаттар баланың білімге ұмтылуына мұрындық болатын ұлттық таным екені 
сөзсіз.  «Жазғытұры»,  «Күз»,  «Қыс»,  «Оқимын»,  «Бөбек  бөлеу»,  «Тас  шешей», «Сабын», 
«Ұршық», «Саптыаяқ», «Күн боламыз», «Элеватор», «Комбайн», «Қазақ үйдің тұрмысы» т.б. 
өлеңдері бүгінгі тәуелсіз еліміздің балалар әдебиетіндегі үлкен табысы. 
Қазақ  балалар  лирикасы  –  қазақ  әдебиетіндегі  кейіндеу  пайда  болған  саласы 
болғанымен,  руханиятымыздың  көркемдік  кеңістігін  байытумен  қатар,  тәрбиелік-
тағылымдық  жағынан  да  толықтырып  отырған  әдебиет  әлемінің  үлкен  бір  қанаты.  Соның 
ішінде,  әсіресе,  Ілиястың  балаларға  арналған  өлеңдері  халықтық  педагогикамен  ұштасып, 
баланың дүниетанымына әсер ете алуымен маңызды. 
Ілияс  балаларды  ұлттық  құндылықтар  арқылы  тәрбиелеуге  күш  салады  және  соған 
лайықты  шынайы  көркем  туындылар  жазады.  Сәбилердің,  жас  жеткіншектердің  рухани 
деңгейін  көтеретін,  қиялын  шарықтататын  жігерлі  де  жасампаз  шығармаларды  дүниеге 
әкелді.  Ілияс  Жансүгіров  қазақ  балалар  әдебиетінің  ауыз  әдебиетінен  кейінгі  негізін 
салушылардың бірі деп толықтай айта аламыз. 
Ілиястың  балалар  әдебиетіндегі  шығармашылығы  жайлы  арнайы  зерттелмегенімен, 
баспалар  ақынның  балаларға,  жасөспірімдерге  арналған  өлең,  әңгіме,  дастандарын  жеке 
кітапша етіп, бірнеше рет басып шығарды. «Кітаптан соң кітап» және «Тілашар» айдарымен 
«Жалын»  баспасы  шығарған  «Құлагер»  /1979ж./  және  «Шәутеннің  шәркейі»  /1986ж./ 
кітапшалары кішкентай оқырмандарының сүйікті серігіне айналып отыр.  
 Ілияс Жансүгіров балаларды табиғатпен, әсемдікпен, әлем сулулығымен таныстыруға 
«Күз»,  «Жазғытұрым»,  «Жазғы  шілде»,  «Қыс»  өлеңдерін  ұсынып,  табиғат  тамашасымен 
таныстыруме қатар, жылдың төрт мезгілінде болатын құбылыстарды үйретіп, әр маусымдағы 
адам еңбегін көркем суреттейді. 
Ағартушы-ақын  жас  жеткіншектерге  арнап  жазған  жырларында  танымдық, 
тағылымдық  түсінігін, түйсігін  арттыруда.  Ұғымталдыққа,  зеректікке,  әсемдікке  тәрбиелеп, 
сөз  мәдениетіне  үйретуді,  алғырлыққа  баулуды  мақсат  етіп  тәрбиелейді.  Мысалы,  «Қазақ 
үйдің тұрмысы» деген өлеңінде: 
Ақ үйге алты қанат келсем кіріп, 
Босаға, маңдайша мен табалдырық. 
Кереге алты жапсар, алпыс уық, 
Шаңырақ күлдіреуіш оған жуық. 
Құр таңғыш, басқұр, арқан екі аяқ бау, 
Төрт ірге, есік жабық, ши туырлық, 
- дей келіп: 
Басқа түрлі жабдығын санай алмай, 
Сыртқы үздігін көрмекке кеттім шығып, 
- деп аяқтайды. 
Осы өлең жолдарынан қазақ үйдің қандай болатынын, яғни, оның босаға, маңдайша, 
кереге,  шаңырақ  деген  бөлшектерден  тұратынын  балаларға  анықтап,  түсіндіре  білудің 
көркем амалын көреміз. 
І. Жансүгіровтың балаларға арналған арналған  «Малта» өлеңі  1929 жылы жазылған. 
Бұл өлеңінде ұлтымыздың кәсібі, тіршілік қамы, тұрмыс - салты шынайы суреттелінеді. Бала 
мен малта арасындағы диалогқа құрылған  өлең авторлық кіріспемен: 
Құлыншақтай қу шұнақ, 
Құйрық - жалсыз сұр шұнақ, 
Балаға берді апасы. 
Сұрша малта жұмыршақ, 
Алды бала қуанып, 
Кетті аузынан су ағып [1], 
-деп басталып, диалогқа  ұласады. 


 
14 
  
 
 
 
 
 
 
 
     
«ЖАНСҮГІРОВ ТАҒЫЛЫМЫ» 
республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары
      
7 желтоқсан 2018 ж

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет