Жаратылыстану факультеті


Сенсорлық жүйелердің физиологиясы



бет10/44
Дата02.11.2022
өлшемі0,63 Mb.
#46947
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   44
Байланысты:
Лекциялар жинағы-2022

Сенсорлық жүйелердің физиологиясы.
1.Талдағыштар туралы жалпы түсінік. Талдағыштардың ортақ қасиеттері.
2.Көру талдағышы. Көру талдағышының құрылысы.
3.Дыбысты қабылдаудың жас ерекшелігі және гигиенасы. Дыбысты қабылдау. Дыбыс талдағышының жас ерекшелігі.


Талдағыштар туралы жалпы түсінік. Сыртқы және ішкі орталардың әсерлерін қабылдап, талдап, талқылайтын, олардың жағдайлары туралы сезім тудыратын мүшелер жүйесін талдағыштар немесе анализаторлар дейді.
Организмде жеті түрлі талдағыштар бар: көру, есту, иіс, тері, қозғалыс, дәм және висцеральды (лат. висцералис - ішкі мүшелерге қатысты), яғни ішкі мүшелерге байланысты жүйе.
Барлық талдағыштар 3 бөлімнен тұрады: 1) сезгіш немесе перифериялық бөлім, шеткі немесе рецепторлық бөлім деп те атайды; 2) өткізгіш бөлім, сезгіш нерв деп те аталады; 3) орталық, немесе қыртыс бөлімі, яғни ми қыртысындағы сезім орталықтары, сезім аймақтары деп те аталады.
Рецепторлық бөлім сезім және ішкі мүшелерде орналасқан сезгіш рецепторлардан тұрады. Олар тітіркендіргіштің әсерін қабылдап, қозуға айналдырады.
Өткізгіш бөлім рецепторларда пайда болған қозуды сезім мүшелерінен шығып, ми қыртыстарына таситын сезгіш жүйкелерден тұрады.
Tалдағыштардың қыртыс бөлімін ми сыңарларының қыртысында орналасқан сезім орталықтары құрады. Мысалы: көру талдағышының сезгіш рецепторларына көз алмасында орналасқан таяқша және сауытша пішінді жарық қабылдағыш рецепторлар - фоторецепторлар жатады, ал өткізгіш бөлімі көру нервтерінен тұрады да, қыртыс бөліміне ми қыртыстарының желке тұсында орналасқан ми сыңарларының көру орталығы, яғни Бродманның 17,18,19 аймақтары жатады. Көру орталығында жоғары дөәрежедегі талдау мен талқылау жасалады және затгың бейнесі туралы сезім пайда болады.
Талдағыштардың рецепторлық бөлімінде ең алғашқы талдау — алғашқы саны мен сапалық қарапайым талдау жүргізіледі.
Тітіркендіргіштің әсерінен рецепторларда қозу толқындары (қозу импульстері) пайда болады. Олардың жиілігі тітіркендіргіштің күшіне байланысты келеді.
Өткізгіш бөлімде шетте пайда болған қозуды өткізіп қана қоймай, аралық нервтерде алғашқы қарапайым талқылау жасалады. Айталық, көру төмпешігінің ассоциативтік ядроларында талқылағаннан кейін рецепторлардан келген біраз қозу импульстері қосылады.
Талдағыштардьщ орталық немесе қыртыс бөлімінде тітіркендіргіштердің саны мен сапасына ғана қарап талдау жасалып қоймай, жоғары дөрежелі биологиялық маңызына қарай талдау мен талқылау жасалады. Бұл үшін жеке басының өмірден алған тәжірибесі қажет. Былайша айтқанда, шартты рефлекторлы талдау мен талқылауды қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет