Жаратылыстану факультеті


Рефлекс және оның түрлері



бет8/44
Дата02.11.2022
өлшемі0,63 Mb.
#46947
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   44
Рефлекс және оның түрлері.
Нерв жүйесінің қызметінің негізі - рефлекс. Рефлекс деп сыртқы ортаның тітіркендіргіштерінің әсеріне нерв жүйесінің қатысуымен организмнің берген жауабын айтады. Рефлекстің пайда болуына қажетті уақытты рефлекс уақыты немесе рефлекстің латентті кезеңі деп атайды. Жүйке жүйесінің рефлекстік қызметіне байланысты организм сыртқы және ішкі ортаның әсерлеріне тез жауап береді. Барлық рефлекстер дененің бір жеріне - рефлекс аймағына - тітіркендіргіш әсер еткенде пайда болады. Рефлекс аймағында тітіркендіргіштің әсерін сезетін сезгіш рецепторлар орналасады. Рефлекстің болмысына байланысты рефлекстер қорғаныс, ас қорыту, тамақтану, зәр шығару, жыныс, тыныс, жүрек-қан тамырлар рефлекстері т.б. болып бөлінеді.
Қозудың орталық жүйке жүйесі арқылы өтетін жолына байланысты жұлын, қыртыс, мишық, сопақша ми, таламустық, гипоталамустық болып бөлінеді.
И. П. Павлов барлық рефлекстерді ш а р т т ы және ш а р т с ы з рефлекстер деп бөлген.
Рефлекторлы доға, оның бөлімдері. Рефлекс кезінде қозудың жүретін жолын рефлекторлы доға деп атайды. Қатысатын нейрондардың санына қарай рефлекторлы доға қос нейронды, үш нейронды және көп нейронды болып бөлінеді. Рефлекторлы доға бірнеше бөлімнен тұрады:
1. Сезгіш бөлім. Мұнда орналасқан сезгіш рецепторлар тітіркендіргіштің әсерін қабылдауынан қозу пайда болады.
2. Афференттік жол рецепторларда пайда болған қозуды орталық жүйке жүйесіне тасиды.
3. Нерв орталығы. Орталық жүйке жүйесінде орналасқан, белгілі бір қызмет атқаруға бейімделген нейрондар тобы орталыққа келген қозуды талдап орталық жүйке жүйесінің жауабын тудырады.
4. Эфференттік жол орталық жүйке жүйесінде пайда болған жауап қозуды эффекторға (жұмысшы мүшеге) әкеледі.
5. Эффектор орталықтан келген қозуға байланысты қызмет атқарады.
6. Эффектордың рецепторлық құрылымы. Жұмысшы мүше қызмет атқарғанда ол мүшенің биохимиялық және электрлік өзгерістері пайда болады. Осы өзгерістерді мүшеде орналасқан сезгіш рецепторлар қабылдап, мүшенің жағдайына байланысты оларда қозу пайда болады.
7. Эффектордың эфференттік жолы. Эффектордың рецепторында пайда болған қозуды сол мүшенің афференттік нерв талшығы қайтадан орталық жүйке жүйесіне, оның нерв орталығына жеткізеді. Мұндағы нерв орталығы келген қозуды талдап, жұмысшы мүшенің қызметін тоқтатып немесе қажеттігіне қарай жалғастыратын жауап қозу пайда болады.
Рефлекс пайда болу үшін рефлекторлы доғаның барлық бөлімдері қызмет атқаруы тиіс, яғни рефлекторлы доға бүтін болуы керек. Erep оның бөлімдерінің бірі қызмет атқармаса, рефлекс пайда болмайды. Рефлекторлы доғаның қозу жүретін жолдарын екіге бөлуге болады: тура және кері байланыс жолдары. Рефлекторлы доғадағы сезім мүшесінде, яғни оның қабылдаушы аймағында пайда болған қозу орталық жүйке жүйесіне барып, одан жауап қозу жұмысшы мүшеге келетін жолды рефлекторлы доғаның тура байланыс жолы дейді. Ал жұмысшы мүшенің сезгіш рецепторларында пайда болған қозудың қайтадан орталық жүйке жүйесіне баратын жолын кері байланыс жолы деп атайды. Рефлекторлы доғаның тура байланысы арқылы орталық жүйке жүйесі эффектордың қызметін басқарады, ал кері байланыс арқылы эффектордың жағдайы туралы мәлімет алып тұрады. Рефлекторлы доғада бір нейроннан екінші нейронға қозу синапс арқылы ауысады. Орталық жүйке жүйесінде синапстар өте көп.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет