Жаратылыстану факультеті


Талдағыштардың ортақ қасиеттері



бет11/44
Дата02.11.2022
өлшемі0,63 Mb.
#46947
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   44
Талдағыштардың ортақ қасиеттері. Талдағыштардың әрқайсысының жеке-жеке қасиеттері мен қызметтері болады. Сонымен қатар, олардың ортақ, бәріне бірдей қасиеттері де бар:
1. Талдағыштардың рецепторлары өзіне ғана тән тітіркендіргіштердің әсерін қабылдайды. Ондай тітіркендіргіштерді адекватты (лат. адекватус - теңгерілген, лайықты, сай келетін) тітіркендіргіш деп атайды. Талдағыштардың рецепторлары адекватты тітіркендіргіштерге өте сезімтал болады. Көру талдағышы үшін жарық сәулелері, есту талдағышына дыбыс толқындары, иіс талдағышына - жеңіл химиялық заттардың иісі сай келеді. Дәм талдағышы еритін химиялық заттар адекватты тітіркендіргіштер.
2. Талдағыштардың рецепторлары тітіркендіргіштердің күші өзгергенде тітіркендіргіштің жаңа күшіне тез бейімделеді. Мысалы, жарық жерден қараңғы бөлмеге кіріп келгенде, алғашқы кезде ештеңе көрінбегенімен, біраздан кейін заттар көріне бастайды. Немесе, тұзды тамақ алғаш кезде ащы болып сезілгенімен, кейіннен ол сезім жойылады, астың тұзы дұрыс секілді болады. Ал содан кейін тұзы дұрыс асты жей бастаса, алғашында оның тұзы аз сияқты болып, кейіннен сезім қайтадан қалпына келеді. Осы сияқты, бөлмеге кіріп келгенде әтірдің иісі сезілгенімен, біраздан соң сезілмей кетеді. Бұл мысалдардың бәрі талдағыштардың рецепторлары тітіркендіргіштің күшіне тез бейімделетінін дәлелдейді.
3. Талдағыштар бір-бірімен байланысты қызмет атқарады. Соңдықтан бірінің қызметі күшейгенде, екіншісінің қызметі төмендейді және, керісінше, біреуінің қызметі нашарлаған кезде екіншісінің қызметі күшейеді. Мысалы, бар зейінімен сабаққа дайыңдалып, кітап оқып отырған (айталық, көзімен, ішінен ғана оқып отырған) оқушы маңайыңдағы көлденең дыбыстарды естігенімен мағынасын түсінбейді.
4. Бір талдағыштың қызметі бұзылғанда қалғандары оның қызметін жартылай болса да өзіне алады. Мысалы, соқыр адам жерге тиген таяқтың ұшының дыбысынан қай жерде қеле жатқанын аңғарады немесе қолымен сипалап затты, дауысынан адамды таниды т.б. Мұндай жағдайда ауру талдағыш пен сау талдағыштардың ми қыртысындағы нерв орталықтарының арасында тұрақты нервтік байланыстар (шартты рефлекстердің байланысы іспетті) пайда болады. Біздің мысалымызда соқыр кісінің көру орталығы мен дыбыс, иіс, тері сезімдері орталықтарының арасында жүйкелік байланыс пайда болады.
5. Талдағыштардың рецепторларының сезімталдығын жаттықтыру арқылы не күшейтіп, не төмендетуге болады. Мысалы, ұшқыштар тепе-тендік (вестибулярлық аппаратын) мүшесін жаттықтыру арқылы оның сезімталдығын төмендеткендіктен ұшып келе жатқан ұшақтың ішінде еркін қозғалып ұзақ жүре алады. Ал жай жолаушы ұшып келе жатқан ұшақтың ішінде ұзақ уақыт түрегеліп жүрсе, жүрегі айнып, басы айналып, құсуы мүмкін. Я болмаса ғарышкерлер зымыранда ұзақ болған кезде өте күшті жылдамдыққа төзу үшін, тепе-тендік сақтау мүшесін ұзақ жаттықтырады. Сол сияқты, әткеншекті көп тепкен бала көлікте ұзақ жол жүре алады, яғни оның вестибулярлық аппараты жаттығып, өзінің сезімталдығын төмендеткендіктен шайқалысты қозғалуды сезу қабілеті төмендейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет