Жаратылыстану және ауылшаруашылық ғылымдары


Дыбыс құраудың теориясы мен механизмдері



бет23/32
Дата16.10.2023
өлшемі82,61 Kb.
#116640
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32
15. Дыбыс құраудың теориясы мен механизмдері.
Дыбыс пен дауыс шығарудың механизмі әзірше ашылған жоқ. Кейбір зерттеушілер дауыс шығарудың механикалық табиғатына ден қояды. Олар өкпе мен көмейден келетін, яғни күшті ауа ағынының әсерінен туатын дауыс желбезегінің тербелісінен дауыс пайда болады.
Дауыс аппараты құрылысының ерекшеліктеріне орай балалар дауысының сапалық көрсеткіштерінің ересектер дауысынан айырмашылығы болады. Сөйлеу органдарының өсуі мен жетілуіне қарай балалардың дауысы жоғарлылығы, күші, тембрі жағынан өзгеріске ұшырайды, яғни мутацияға ұшырайды.
Жаңа туған сәбидің алғашқы күннен 6-7 жасқа дейінгі аралықта өкпесі 8 есеге дейін үлкейеді. 14-15 жаста өкпенің көлемі жаңа туған баланікінен 20 есе үлкен болады.
Мектеп жасындағы балалар мен ересектер плевритінің арасында ешқандай айырма жоқ. Балалардың тыныс алу бұлшық еттерінің көлемі де, тартылу қабілеті де аз. Төменгі сынып оқушылары мен жасөспірімдердің диафрагма күмбезі ересектердікінен едәуір жоғары. Бұл тыныс алу актісіне әсер етеді, оның типін анықтайды.
16. Тыныс алу актісі, типтері, жиілігі және тереңдігі.
Тыныс алу актісі өзара алмасып тұратын екі фазадан- тыныс алу және тыныс шығарудан тұрады.
Жаңа туған нәрестенің алғашқы тыныс алуы бірқатар факторлардың нәтижесінде организмнің өзгеріске ұшырауына байланысты: 1) планцентарлы қан айналуының тоқтауы және жаңа туған нәрестенің қанында көмір қышқыл газының жинақталуы; 2) ол тап болған ауа ортасының анағұрлым төмен болуы; 3) ауа атмосферасы қысымының анағұрлым жоғары болуы.
Тыныс алу актісі- бұл қабырға аралық бұлшық еттер жиырылуының белсенді процесі. Сыртқы бұлшық еттердің жиырылуы тыныс алуды, ал ішкі бұлшық еттердің жиырылуы тыныс шығаруды қамтамасыз етеді. Сыртқы қабырға аралық бұлшықеттерден бөлек тыныс алу актісіне диафрагма, ал тыныс шығару актісіне –кеуденің көлденең бұлшық еттері қатысады.
Тыныс алу кезіндегі кеуде қуысы көлемінің өзгеруіне қарай тыныс алудың 3 типі болады: кеуделік, қарындық және аралас немесе кеуделік-қарындық. Жаңа туған нәрестенің тыныс алуы қарындық тыныс алуға жатады. Олардың кеуде қуысы тек жатуға байланысты ұдайы тыныс алу күйінде болады. 7 жасар балаларда тыныс алудыңжыныстық ерекшеліктері көрініс бере бастайды: қыз балаларда тыныс алудың кеуделік типі, ер балаларда қарындық типі орныға бастайды.
Тыныс алудың жиілігі кеуде қуысы немесе қарын бұлшық еттерінің бір минутта жасаған қозғалысымен анықталады және ол организмнің оттегіне деген физиологиялық сұранысына тәуелді болады. Тыныс алу жиілігі мен жүрек қызметінің белгілі бір тәуелділікте болатындығы анықталған. Мысалы, бір тыныс алу актісінде балаларда қан тамыры 3-4 рет, ал ересектерде 4-5 рет соғады. Бірақ бұл жағдайда адамның көңіл-күйі ескерілуі тиіс.
Тыныс алудың тереңдігі бұл организмнің сыртқы тыныс алу аппараты қызметінің көрнекті көрсеткіштерінің бірі. Ол бір тыныс алу кезіндегі өкпеге келіп түсетін ауаның мөлшері арқылы анықталады. Жұтылған ауа сонша мөлшерде шығарылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет