Жаратылыстану және ауылшаруашылық ғылымдары



бет25/32
Дата16.10.2023
өлшемі82,61 Kb.
#116640
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   32
19.Желдетудің түрлері.
Табиғи желдету- бұл температура мен қысымның айырмашылығы әсерінен сыртқы ауаның үйге қуыстар мен саңылаулар немесе арнайы жасалған тесіктер арқылы енетін ағыны. Сынып бөлмелерін желдету үшін желдеткіштер қажет. Желдеткіштер ашық тұрған кездегі ауданы сынып едені ауданының 1/5 кем болмауға тиіс. Бұл желдету коэфициенті деп аталады. Ол үйлерді жобалау мен салу кезінде дұрыс есептеледі. Бірақ ғимараттарды пайдалануда, әсіресе, қыста барлық желдеткіштер желімделіп тасталғанда бұл ереже дұрыс сақталмайды.
Сынып бөлмелері әр сабақтар соң ұдайы желдетілуге тиіс. Үзіліс кезінде бір мезгілде сыныптың желдеткіштері мен есіктерін тіпті қажет болса дәліздің терезелерін де ашып тастап желдету анағұрлым тиімді болып есептеледі.
Қолдан жасалған желдету- бұл ағынды, сорып алынатын немесе аралас табиғи немесе механикалық жолмен жүргізілетін желдету. Мұндай желдету көбінесе тәжірибе өткізілгеннен кейін жинақталатын өңделген ауа мен газды айдап шығару қажет болатын жерлерге орналастырылады. Бұны күштеп желдету деп атайды., себебі, ауа сыртқы бөлменің төбесінде бірнеше тесігі бар арнаулы сору каналдары арқылы шығарылады. Сынып бөлмелерінің, лабораториялардың, әжетханалардың, асханалардың және басқа жайлардың ауасы үй төбелеріне бағытталып құбырлар арқылы сыртқа айдалады.
20. Балаларда болатын тыныс жолдары жұқпалы ауруларының алдын алу.
Тыныс жолдары баланың организміне ауру қоздырғыш микробтардың енетін қақпасы болып табылады. Тыныс жолдары арқылы енетін цифрларға адам ауруларының ¼ жатады: грипп, скарлатина, дифтерия, көк жөтел, ұшпа, шешек, паротит, қызамық, қорасан, туберкулез және т.с.с. Бұл аурулар мен көбінесе балалар ауырады, сондықтан бұлардың көпшілігі балалардың жұқпалы ауруларына жатқызылады.
Сырқат кісі сөйлеген, демалған, жөтелген және түшкірген кезде ауа қоздырғыштар түкіріктің, сілекейдің тамшыларымен бірге қоршаған ортаға түседі. Ауруды сырқат адам тамшылар арқылы таратады. Гриппен, қызылша, көк жөтел, дифтерия сырқаттанған адамдармен тікелей қарым-қатынас жасау аурудың жұғуына әкеп соғады. Сондықтан дені сау балалардың аурулармен қарым-қатынасы жасауы жедел доғарылуға тиіс. Ауру адамды жеке жатқызу тиіс. Желдету бөлмені тазартады. Және онда балаларды қабылдауға көмектеседі.
Грипп қоздырушы-қайнатуға төзімсіз сүзілгіш вирус, организмге тыныс жолдары арқылы өтеді, ересектерді де, балаларды да сырқаттандырады. 3 жасқа дейінгі балалар ментөменгі сынып оқушылары, әсіресе, жиі ауырады. Бір бала гриппен жыл сайын немесе жылына бірнеше рер ауыруы мүмкін, өйткені қоздырғыштың бірнеше түрі болады. Грипптің өрістеуіне қарсы күресте жеке бастың гигиенасын сақтау ең маңызды талаптардың бірі.
Туберкулез- бұл жұқпалы,созылмалы ауыр сырқат. Оның қоздырғышы сыртқы ортаға төзімді Р. Кох ашқан (1882ж.) бациллалар болып табылады.Бала организміне микробтар негізінен тыныс жолдары арқылы түседі.
Туберкулез инфекциясының ауыр және жеңіл түрі болады. Мұндайда балалар мектепке бара береді. Олар өзгелер үшін қауіпті емес, дегенмен олар тез шаршайтындықтан мұғалімдер, ата-аналар және жұртшылық тарапынан үлкен назар аударуды қажетсінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет