Жаратылыстану және ауылшаруашылық ғылымдары


Туа біткен және кейін жүре пайда болған қан айналудың бұзылулары



бет22/32
Дата16.10.2023
өлшемі82,61 Kb.
#116640
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32
13. Туа біткен және кейін жүре пайда болған қан айналудың бұзылулары.
Адамның жүрек қан тамырлары қызметінің бұзылуын туа біткен және жүре пайда болған деп бөлу қалыптасқан. Туа біткен жүрек ақаулары мен қан тамырларының дамуындағы алшақ кетушілік салыстырмалы түрде сирек кездеседі. Ал жүре пайда болған, яғни өмір бойы өрістеген ақаулар-анағұрлым жиі кездеседі. Туа біткен көптеген жүрек қан тамырлары жүйесінің ақаулары хирургиялық жолмен емделеді.
Жасөспірімдердің жыныстық кемелденуі кезеңінде жүрекқан тамырлары жүйесінің жұмысының уақытша бұзылуы байқалады. Бұл ішкі секреция бездерінің қайта құрылуына байланысты. Кейбір дәрігерлер организмдегі мұндай өзгерістерді оның толық сау еместігі деп санайды, ал мұның өзі жасөспірімді үрейлентіп алуы мүмкін. Алайда төменгі сынып оқушыларының жүрегі көптеген ересектердікінен гөрі әлдеқайда таза. Ол никотинмен, ішімдікпен уланбаған, психикалық жағынан жарақаттала қоймаған және организмге сыртқы ортадан түсетін бактериялардың әрекеттеріне азырақ ұшыраған болып келеді.
Балаларда жүрек пен қан тамырларының мықтылығын төмендететін инфаркт, жүрек бұлшық етінің склерозы және басқа бұзылулардың болмайтындығын бақылаулар көрсетіп отыр.
14. Тыныс алудың маңызы және көмейдің физиологиясы.
Тыныс алу- организмнің өмірлік маңызы бар қызметтерінің бірі. Ол сыртқы орта мен организм арсаындағы газ алмасуды қамтамасыз етеді. Осы қызметтің нәтижесінде организм оттегімен үнемі ұдайы қамтамасыз етіледі де, алмасу өнімдері-көмір қышқыл газынан, су буынан және т.б. арылады. Тыныс алу организмде бір мезгілде өтетін, бір-бірімен тығыз байланысқан 3 процестен тұпады. Бұл сыртқы немесе өкпе тынысы, ішкі тыныс алу және газдардың қанға өту процесі.
Сыртқы тыныс алу дегеніміз өкпе түйіншіктерінде жүзеге асатын атмосферадағы ауа мен қанның газ алмасуы болып табылады. Ішкі тыныс алу –бұл тканьдер мен қандағы газдардың алмасуы, нәтижесінде тканьдер жаңа заттарды алып, қажет еместерден арылады. Оны сондай-ақ тканьдердің тыныс алуы деп атайды.
Тыныс алу органдарымен иіс сезу, дауыс және сөз құрау қызметтері тығыз байланысты. Мәселен, мұрын қуысының кілегей қабықшасында иісті қабылдайтын иіс сезу клеткалары орналасқан. Көмейде дыбыс құралады, ал көмейдің үстіңгі жағындағы қуыста әр адамға тән әншілік пен сөйлеу дауысы жасалынады.
Мұрын арқылы тыныстау ттазалық кепілі болып табылады.
Көмей қызмет ету принципі жағынан қозғалмалы аппаратты еске түсіреді: оның қаңқасы буындармен, еттермен өзара байланысатын шеміршектерден тұрады. Оларда қан тамырлары мен нерв талшықтары болады. Бұлшық еттер шеміршектерді қозғалысқа келтіреді де таңдай еттердің тартылысын өзгертеді, соның салдарынан көмейдің қалпы мен қуысының көлемі өзгереді.
Көмейдің қызметі шеміршекті қозғалысқа келтіретін бұлшық еттер арқылы жүзеге асырылады. Бұл дауыс қуысын тарылтуды немесе кеңейтуді, сондай-ақ дауыс желбезектерін керуді немесе босаңсытуды қамтамасыз етеді.
Балалар көмейінің кілегейлі қабыршағы тітіркендіргіштер мен микроб уларына өте сезімтал, сол себепті олардың әсерінен ол тез ісінеді, сөйтіп дауыстың өзгеруіне немесе қарлығуына әкеп соғады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет