Жаратылыстану және ауылшаруашылық ғылымдары



бет30/32
Дата16.10.2023
өлшемі82,61 Kb.
#116640
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
6. Тері мен шаш гигиенасы.
Тері майы, тер эпидермистің өлген клеткалары, теріге қонған заттар оны ластайды және бактерияға қарсылығын төмендетеді. Терінің кірлеуі оны қышытады, сөйтіп қасынуға мәжбүр етеді де аурудың дамуына жағдай жасайды.
Паратифоз тобындағы микробтар жуылмаған қолдың терісінде алғашқы 10 минут ішінде негізінен өмір сүруге қабілетті болып қалады (5 процент өледі), ал мұқият жуылған қолда барлығы түгелге дерлік өледі. (85 проценті). Сол себепті ауру тудырғыш микробтарға қолайлы жағдай туғызбау үшін қол-аяқ және бүкіл денені жиі-жиі жуып тұру керек.
Таңертең бет пен қолды, ал кешке ұйықтар алдында аяқты жуу тері гигиенасын сақтауға жатады. Бұдан өзге қолды күндізгі жұмыс аяқталған соң, түскі асалдында, әр ас ішерден бұрын және қол кірленген кезде жуып, сүлгімен сүртіп, немесе мұқият кептіру керек.
Балаларды жуындыру үйде ата-ананың, ал мектеп-интернаттарда кезекші тәрбиешілердің қадағалауымен өтуге тиіс. Жуынуға бөлме температурасындағы суды пайдаланған жөн., өйткені одан жылы су бет пен қолдың терісін нәзіктендіріп, оның төмен температураға сезімталдығын арттырады.
Ортаңғы және жоғарғы сынып оқушылары жүрек-қан тамырларының жай-күйін ескере отырып, булы моншаға баруларына болады, Осының барлығы терінің қызметін жақсартады. Алайда, булы моншадан соң суық сумен және ашық су көздеріне шомылуға болмайды.
Шаш гигиенасы. Шаш-теріні үстіңгі бөлігінің мүйіз қабығының өнімі. Сондықтан оған, әсіресе шаң тозаң мол, тері майы көп бөлінетін, сөйтіп микробтардың, оның ішінде ауру тудыратын микробтардың өсіп-өнуіне қолайлы жағдай туатын жаз мезгілінде ерекше күтім керек.
Балалар мен жасөспірімдерде күзгі және қысқы суық ауа райында бас киімсіз жүруге болмайды. Әр тал шаш өте жіңішке қан тамыры-капилляр арқылы қамтамасыз етілетіні белгілі, суық ауа райы кезінде олар жылдам тарылады да, соның салдарынан –шаштың қоректенуі бұзылып, шаш мезгілінен ерте түсіп қалады.
7. Шынықтырудың физиологиясы мен гигиенасы.
Организмнің тұмау ауруларына төзімділігін арттыру шынықтыру деп аталынады. Ол сыртқы ортаның табиғи факторлары ауа және күн ванналарының, жуынып-шайынудың нәтижесінде жүзеге асырылады. Шынықтырудың нәтижесінде организмде шартты рефлексті түрде түтікшелердің тарылу және кеңею, жылу бөлудің баяулау және күшею, сондай-ақ жұқпалы ауруларға қарсы қорғаныс пен денелердің ширығу қабілеті қалыптасады. Сондықтан, шыныққан адамдар ыстық пен суыққа төзімді, тұмаумен сирегірек ауырады.
Ауамен шынықтыру. Ауамен шынықтыру процесі балалар ұйықтайтын және басқа да бөлмелердің ауасынан желдетуден басталып және оған серуендеу, жағдайдағы қимыл-қозғалысты ойындар кезіндегі ауа және күн ванналары кіреді.
Ауамен шынықтыру аса қарапайым және бүкіл жыл бойы жүргізіп отыру керек. Ең алғашқы ауа ваннасының ұзақтығы 20-22 градус ауа температурасында төменгі сынып оқушылары үшін 10-15 минут, ортаңғы және жоғарғы сынып оқушылары үшін 20-25 минут. Әр күн сайын 2-3 минутқа көбейтіп, ұзақтығын 1,5-2 сағатқа жеткізген жөн.
Сумен шынықтыру. Су-ең күшті шынықтырғыш фактор. Оның ауамен салыстырғанда жылу өткізгіштігі мен жылу сыйымдылығы әлдеқайда жоғары. Сондықтан бірдей уақыт аралығындағы денеге судың әсері ауаға қарағанда алмасу процестерінде едәуір терең өзгерістер тудырады.
Су процедуларын аса сақтықпен жүргізген жөн., өйткені организмде төмен температураларға дағдылану кезінде ауа ваннасын қабылдау кезіндегіге қарағанда әлдеқайда терең өзгерістер жүреді. Су процедулары температураны бірте-бірте төмендету арқылы немесе процедураның уақытын ұзарту арқылы жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет