Жаратылыстану және ауылшаруашылық ғылымдары


Су алмасу. Ауыз суға қойылатын гигиеналық талаптар



бет29/32
Дата16.10.2023
өлшемі82,61 Kb.
#116640
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
4. Су алмасу. Ауыз суға қойылатын гигиеналық талаптар.
Су мен минералды заттар (тұздар, қышқылдар, сілтілер) энергия көзі болып табылмайды. Өзара тығыз байланысқан олар организмде өтетін көптеген физиологиялық процестерде ерекше орын алады. Су барлық химиялық өзгерістер өтетін орта болып табылады. Қан мен тканьдер сұйықтығының осмотикалық қысымын ұстап тұруда судың ролі өте зор.
Судың негізгі мөлшері организмдегі клеткалардың ішінде, ішінара-клеткаралық кеңістікте және қан плазмасында болады. Клетка ішіндегі су мен клетка сыртындағы судың арақатынасы3:1 құрайды. Төменгі сынып оқушысы организмнің суға деген сұранысы салмағының 1 кг-на 50-60 мл-ден келеді, яғни жалпы 1350-1400 мл. Орта есеппен мектеп бұл цифр 1600-1700 мл дейін ұлғаяды да ересектер нормасына сәйкестенеді.
Организмдегі тұздарың мөлшері, олардың түзілуі және шығарылуы тамақпен бірге пайдалануға ғана емес, сондай-ақ олардың судағы құрамына да байланысты. Организмдегі минералды тұздардың тепе-теңдігіне балалардың жасы мен жеке басының жылдың әр мезгіліндегі ерекшеліктері де әсер етеді.
Организм үшін химиялық элементтердің микроэлементтердің кобальт, иод, бром, фтор, никель, марганец және т.б., сондай-ақ организмге аспен бірге енетін витаминдердің маңызы аса зор.


5. Тері қабаты мен оның бездерінің атқаратын қызметі.
Организмді сыртқы орта әсерінен қорғап тұратын дененің жамылғысын тері деп атайды. Теріде механикалық (қысым, жанасу), температуралық (жылу, суық), химиялық және электрлік әсерлерді сезетін рецепторлар орналасқан. Бұдан өзге, тері, тер, май шығару қызметін, температура реттеуді атқарып, суды таратып, Д витминін жасап шығарады.
Балалардың терісі ересектердікіне қарағанда тыныс алу актісіне белсендірек қатысады, суда еріген кейбір газдарды, эфир мен спиртте еріген заттарды сіңіреді сондай-ақ майды ерітетін сұйықтарды т.б. сіңіреді.
Терінің беткі қабаты мен тереңгі қабатының қызметі май, тер және сүт бездерінің қызметімен тікелей байланысты.
Май бездері жаңа туған сәбилер мен мектеп жасындағы балаларда жақсы дамыған. Олар табан мен алақаннан басқа терінің беткі қабатына түгел орналасқан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет