Жаратылыстану және география институты тҧңғышбаева З. Б. Цитология және гистология



Pdf көрінісі
бет117/157
Дата25.11.2023
өлшемі6 Mb.
#125829
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   157
Байланысты:
Цитология және гистология оқу құралы 2017 - лаб. сабақ

Фибробластар бөліну қабілетін сақтаған. Әдетте, 
қозғалмайтын жасушалар, бірақ кейбіреулері жылжып қозғалады. 
Жіктеле келе фибробластар бірте-бірте ескіріп, көбею қабілетінен 
айырылып, фиброциттерге айналады.
Макрофагтар немесе гистиоциттер – 
ӛте ірі, арнайы қызмет 
атқаратын, организмде қорғаныс жүйесіне қатысатын жасушалар тобына 
жатады. Макрофагтардың екі түрі бар: 
1. Бос түріне – борпылдақ дәнекер ұлпаның гистиоциттері, серозды 
қабықтағы макрофагтар, ӛкпе макрофагтары жатса;
2. Бекінген түріне – сүйек ұлпасындағы, сүйек кемігіндегі, кӛк 
бауырдағы, лимфа түйіндеріндегі, эпидермистегі (Лангерганс жасушалары), 
планцетадағы макрофагтар жатады. 
Борпылдақ дәнекер ұлпасындағы саны фибробластармен шамалас. 
Олар борпылдақ дәнекер ұлпаларда ұсақ қан тамырлары мен май 
жасушаларының жиналған жерінде орналасады. Қабыну процестері 
1 – сурет.
 
Борпылдақ ҧлпа
 
 
1 – фибробласт,
 
2 – эластинді талшықтың 
кӛлденең кесіндісі,
 
3 - эластинді талшық,
 
4 – коллагенді талшық,
 
5 – гистиоцит
 
(
http://ebiology
.
 
ru/tkani2.jpd)
 
 
 


134 
кезінде гистиоциттер қабыну ошағына жиналып, бӛгде денелер мен 
белоктарды фагоцитоздап, лизосомалардың гидролиздеуші ферменттерінің 
кӛмегімен оларды жойып отырады. Қабыну ошағыңда гистиоциттер үлкейіп, 
ӛсіп макрофагтарға айналады. Лимфалық жүйенің ретикулалық 
жасушаларымен қосылып, организмнің ретикулалық эндотелиальді жүйесін 
құрайды. Гистиоциттер қажет болған жағдайда псевдоподиялар кӛмегімен 
амебаша қозғалады. Цитоплазмасын фибробластікімен салыстырғанда
қанық боялады, жасушаларға тән органоидтардың бәрі бар. Пішіні 
тұрақсыз және физиологиялық қасиеттері түрліше болуына байланысты 
гистиоциттерді полибластар деп те атайды. Макрофагтар бағаналы қан 
жасушаларынан, оның ішінде промоноциттер мен моноциттерден дамып 
жетіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   157




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет