Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданы, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарын



бет4/8
Дата24.10.2022
өлшемі42,85 Kb.
#45112
түріКонкурс
1   2   3   4   5   6   7   8
ұйымдастыру және өткiзу
ҚАҒИДАЛАРЫ
1. Жалпы ережелер

1. Жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша республикалық олимпиадаларды ұйымдастыру және өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Олимпиада) республикалық олимпиаданың жалпы білім беретін пәндер бойынша жалпы орта білім беру бағдарламаларын іске асыратын барлық білім беру ұйымдарының оқушыларын, оны ұйымдастыру және өткiзу тәртiбiн анықтайды.


2. Олимпиаданың негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi: шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ету, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды iрiктеу және даярлау, Қазақстан Республикасында білім берудің беделiн көтеру.


3. Министрлiктің бұйрығы негізінде Олимпиаданы дайындау және өткiзу жөнiндегi ұйымдастыру жұмыстарын үйлестiру және жүзеге асыру үшiн Республикалық ұйымдастыру комитетi (бұдан әрі - Республикалық ұйымдастыру комитетi) құрылады. Республикалық ұйымдастыру комитетiнiң құрамына Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым вице-министрi, төраға және тиісті құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының жетекшілері енеді.


4. Олимпиаданың республикалық ұйымдастыру комитетi:


1) осы қағидамен белгіленген Олимпиаданың өткiзілуін бақылайды;


2) Олимпиадаға басшылық жасауды жүзеге асырады;


3) Олимпиаданы өткiзудің қажеттi ғылыми-әдiстемелiк деңгейін қамтамасыз ету үшiн пәндер бойынша әдiстемелiк комиссияларды қалыптастырады;


4) Білім және ғылым министрiне немесе оның міндетін атқарушыға Олимпиаданың қазылар алқасы мүшелерiнiң құрамы және саны жөнiнде ұсыныс бередi;


5) Олимпиаданың қорытындысын талдайды;


6) Олимпиада материалдарын жариялайды.


5. Олимпиаданың бірінші-үшінші кезеңдерiне басшылық жасауды жүзеге асыру үшiн мектепішілік, аудандық, облыстық (қалалық) ұйымдастыру комитеттерi құрылады. Олардың құрамын тиiстi бiлiм беруді басқару органдары бекiтедi.


6. Құрамына пәндер бойынша қазылар алқасының төрағалары енетін уәкілетті органмен бекітілген Әдiстемелiк кеңес:


1) Олимпиаданың екiншi, үшiншi және төртінші кезеңдерiнiң теориялық және эксперименттiк тапсырмалары мәтiнiнің қазақ және орыс тілдеріндегі соңғы нұсқасын әзірлейді;


2) Олимпиаданың барлық кезеңдерiн өткiзу жөнiнде әдiстемелiк ұсыныс әзiрлейдi;


3) әр пән бойынша Олимпиаданы өткізу кезеңдерінің түрін, тапсырмалардың үлгiсiн және бағалау өлшемдерiн анықтайды.


7. Олимпиаданың республикалық кезеңінің пәндер бойынша қазылар алқасының құрамына төраға және мүшелер кіреді. Қазылар алқасының саны пәнге байланысты тақ саннан құралады (5 адамнан кем емес).


Олимпиаданың республикалық кезеңінің қазылар алқасының төрағасы мен құрамын Республикалық ұйымдастыру комитетiнiң ұсынысы бойынша Министрлiк бекiтедi. Олимпиаданың республикалық кезеңінің қазылар алқасының төрағасы мен мүшелерi Олимпиаданың алдыңғы өткен кезеңдердегi қазылар алқасының құрамына ене алмайды.


Қазылар алқасы құрамына жоғары оқу орындарының оқытушылары, әдiскерлер, тәжiрибелi мұғалiмдер және жоғары білікті бiлiм беруді басқару органдарының өкiлдерi, сондай-ақ республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары енедi. Қазылар алқасының құрамына оқушылары Олимпиаданың облыстық және республикалық кезеңiне қатысатын мұғалiмдер енгізілмейді.


8. Олимпиаданың республикалық кезеңінің қазылар алқасының төрағалары:


1) Әдiстемелiк кеңеспен бiрлесе отырып, Олимпиаданың екiншi, үшiншi және төртінші кезеңдерiнiң теориялық және эксперименттiк тапсырмалары мәтiнiнің соңғы нұсқасын әзірлейді және құрады;


2) орыс тiлiндегi тапсырмалардың қазақ тiлiне дәлме-дәл аудармасына, берiлген тапсырмалардың ғылыми-әдiстемелiк деңгейiне, мiндеттердiң нақтылығына және олардың олимпиаданың тиiстi кезеңi талабына сәйкестiгiне жауап бередi;


3) тиiстi кезеңдерi өткенге дейiн тапсырмалардың құпиялығына жауап бередi;


4) тапсырмалардың орындалуын бағалау өлшемдері бойынша ұсыныс және пәндік олимпиадалардың регламенттерін (турлардың саны мен бағытын, әрбір турдың ұзақтығын, қажетті құралдардың тізбесін) әзірлеу жөніндегі қазылар алқасының жұмысын ұйымдастырады.


9. Олимпиаданың қазылар алқасы:


1) тапсырмалардың орындалуын бағалау өлшемдерін бекітеді, жұмыстарды тексереді және бағалайды, қатысушыларды үшiншi және төртінші кезең тапсырмаларының авторлық шешімімен және жұмыстарды тексеру нәтижесімен таныстырады;


2) қатысушылардың жұмысын бағалаудағы келiспеушiлiктi талқылайды және қажет болған жағдайда тиiстi түзетулер енгiзедi;


3) жеңiмпаздарды анықтайды және олардың тізімін бекіту үшін Министрлікке ұсынады;


4) Олимпиадаға қатысушылармен орындалған тапсырмаларды талқылауды және үйлестіруді жүргізеді;


5) Республикалық ұйымдастыру комитетiмен бiрлесе отырып, оқу-жаттықтыру жиынына қатысушылар құрамын және халықаралық олимпиадаларға қатысушы кандидаттарды анықтайды.

2. Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібі

10. Олимпиаданы оқу жылы бойы 9-11 сынып оқушылары арасында әр жалпы білім беретін пән бойынша білім басқармасының тиісті органдарымен төрт кезеңде өткізеді:


1) бірінші (мектептік) кезең ағымдағы оқу жылының 30 қарашасынан кешіктірмей орта білім беру ұйымдарында ауданның (қаланың) білім басқармасы органдары дайындаған тапсырмалар бойынша өткізіледі;


2) екінші (аудандық/қалалық) кезеңді аудандық немесе қалалық деңгейде ауданның (қаланың) білім басқармасының органдары өткізеді;


3) үшінші (облыстық) кезеңді облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары, республикалық білім беру ұйымдары (бұдан әрі – РББҰ), "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы (бұдан әрі – НЗМ ДББҰ) және "Республикалық физика-математикалық мектебі" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "РФММ" КеАҚ) өткізеді";


4) төртінші (республикалық) кезең республиканың түрлі өңірлерінде жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндерді бөле отырып өткізіледі.


Қатысушылардың жұмыстарын Олимпиаданың барлық кезеңдерінде қазылар алқасы алдын ала шифрланған және сканерленген түрде ұсынады.


Қазылар алқасы мүшелерінің жұмыстарды бағалауы ұйымдастыру комитеті әзірлеген бағалау критерийлеріне сәйкес қамтамасыз етіледі.


Әр кезеңнің қорытындысы бойынша жұмыстарды бағалау нәтижелері ұйымдастыру комитетіне беріледі.


Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 15.03.2019 № 114 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

11. Алып тасталды – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 15.03.2019 № 114 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


12. Олимпиаданың екінші, үшінші және төртінші кезеңдерін өткізу уақыты және Олимпиаданы өткізу тізбесі жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің (бұдан әрі - Министр) бұйрығымен белгiленеді.

Олимпиаданың екінші, үшінші және төртінші кезеңдерінің тапсырмаларын жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша республикалық әдістемелік кеңес (бұдан әрі – олимпиаданың әдістемелік кеңесі) дайындайды және "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы (бұдан әрі – "Дарын" РҒПО) бекітеді.


13. Әр кезеңдi өткiзуден бiр ай бұрын облыстық, Астана және Алматы қалаларының бiлiм басқармалары, "НЗМ" ДБҰ және РБҰ әр қатысушыға Олимпиада материалдарын дайындау үшiн оқыту тiлдерiне сәйкес әрбiр пән және сынып бойынша қатысушылар саны көрсетiлген өтінімді "Дарын" РҒПО-ға жiбередi.


14. Барлық төрт кезеңнің тапсырмалары "Дарын" РҒПО бекіткен әдістемелік ұсынымдамаларға сәйкес өлшемдер мен параметрлер бойынша бағаланады.


15. Олимпиаданың бiрiншi және екiншi кезеңдерiне орта және жалпы орта білім беру ұйымдарының оқушылары қатысады.


16. Алып тасталды – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 15.03.2019 № 114 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


17. Олимпиаданың үшiншi кезеңiне екiншi кезеңнен iрiктелiп алынған жалпы орта білім беру ұйымдарының ең үздiк үш оқушысы, Астана және Алматы қалалары, "НЗМ" ДБҰ және РБҰ үшiн – алты оқушы қатысады.

18. Олимпиадаға қатысу үшін тиiстi деңгейдегi бiлiмi бар қатысушылар жоғары сыныптардың бағдарламалары бойынша жіберіледі.


19. Олимпиаданың төртінші кезеңіне нәтижелеріне сәйкес, әр пән және сынып бойынша екі қатысушыдан артық емес жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша 9-11 сынып оқушылары және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша 10-11 сынып оқушылары, сондай-ақ олимпиада резервінің оқу-жаттығу жиындарына қатысушылар жіберіледі.


Олимпиаданың төртінші кезеңінің әрбір қатысушысы тапсырмаларды орындау үшін жеке жұмыс орнымен, дәптермен және/немесе "Дарын" РҒПО мөртабаны бар қағазбен, оқу тіліндегі тапсырмалар мәтінімен қамтамасыз етіледі.


Олимпиаданың төртінші кезеңі аяқталған соң қатысушылардың жұмыстарын бағалау нәтижелері "Дарын" РҒПО интернет-ресурсында және өткізу орындарында 1 сағат (60 минут) ішінде орналастырылады.


Олимпиаданың төртінші кезеңінің қорытындысы шығарылғаннан кейін қатысушылар жұмыстарының сканерленген көшірмелері "Дарын" РҒПО интернет-ресурсында қатысушылардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) көрсетілмей орналастырылады.


Олимпиаданың төртінші кезеңінің ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз ету үшін оны өткізу процесі онлайн режимінде қарау үшін бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етіледі.


Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 15.03.2019 № 114 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


20. Үшінші кезеңді ұйымдастыру комитеті Олимпиаданың республикалық кезеңiне тиісті командаларды қатыстыру үшін өтінімді "Дарын" РҒПО-ға ағымдағы оқу жылының 25 ақпанына дейін жіберуі қажет.

21. Олимпиаданың төртінші кезеңіне қатысатын облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, "НЗМ" ДББҰ, РББҰ және "РФММ" КеАҚ командаларын Олимпиада барысында жалпы білім беретін пәндерді оқыту проблемалары бойынша семинарларға, пікірталастарға қатысатын, олимпиадашыларды дайындау бойынша тәжірибе алмасатын мамандар, әдіскерлер, сондай-ақ мұғалімдер алып жүреді.


Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 15.03.2019 № 114 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


22. Команда жетекшiсі Олимпиадаға қатысушылардың Олимпиада өтетiн жерге әкелу және тұратын жерiне қайту жолындағы, Олимпиада барысындағы қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

23. Жұмыстарды бағалауда барынша әдiлдiктi қамтамасыз ету үшiн әрбір турдан соң Олимпиадаға қатысушылардың барлығымен тапсырмалар талқыланады. Тапсырмаларды талқылаудан кейiн қатысушылардың тiлегi бойынша жұмыстарды үйлестiру жүргiзiледi. Үйлестiрудiң мақсаты - жұмыстарды бағалауда Олимпиадаға қатысушылар мен қазылар алқасы мүшелерi арасында толық өзара түсiнiстiкке қол жеткiзу.


24. Үйлестiруді қазылар алқасының төрағасы және тапсырманы бағалаған қазылар алқасының мүшелері тiкелей Олимпиадаға қатысушымен өткiзедi.


25. Олимпиадаға қатысушы қазылар алқасының бағасымен келiспеген жағдайда, үйлестiруге бөлінген мерзiмде ұйымдастыру комитетiнiң төрағасына өтініш білдіреді, төраға осы мәселенi шешу жөнінде мамандар қатарынан тиiстi комиссия құрады.


26. Екінші және үшінші кезең жұмыстарын үйлестіру Олимпиаданың тиісті кезеңі, республикалық кезең аяқталғаннан кейін бір күн ішінде - Олимпиада нәтижелері жарияланғаннан кейін 5 сағат ішінде жүргізіледі.


Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 15.03.2019 № 114 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Қорытынды ереже



27. Мектепішілік, аудандық және облыстық (қалалық) олимпиадалардың жүлдегерлерi бiлiм беру саласындағы жергілікті өкілді және атқарушы органдардың дипломдарымен, грамоталарымен және жүлделерімен марапатталады.


28. Олимпиаданың төртінші кезеңінің жеңiмпаздар саны әр пән және сынып бойынша Олимпиаданың төртінші кезеңіне қатысушылар санының 45%-ын құрайды.


Олимпиаданың әр кезеңінің жеңімпаздары I, II және III дәрежелi дипломдармен марапатталады. Олимпиаданың республикалық кезеңінің I, II және III дәрежелi дипломдар саны мына үйлесімдікпен анықталады: III дәрежелi дипломдармен жеңімпаздардың 50 %-ы, II дәрежелi дипломдармен 30 %-ы, I дәрежелi дипломдармен 20 %-ы марапатталады.


29. Егер бірнеше қатысушы жүлделі орындарды анықтау үшін қажетті төмен деңгейге сәйкес бірдей балл санын жинаған жағдайда, жүлдегерлер саны қазылар алқасының шешімімен көбеюі мүмкін.



Қазақстан Республикасы
Бiлiм және ғылым министрiнің
2012 жылғы 13 наурыздағы
№ 99 бұйрығына 3-қосымша

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет