Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданы, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарын


конкурстарын ұйымдастыру және өткізу



бет5/8
Дата24.10.2022
өлшемі42,85 Kb.
#45112
түріКонкурс
1   2   3   4   5   6   7   8
конкурстарын ұйымдастыру және өткізу
ҚАҒИДАЛАРЫ

Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 08.08.2014 № 340 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

1. Осы Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидалары (бұдан әрі – Ғылыми конкурс) Ғылыми конкурстардың ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды.


2. Ғылым мен техника бойынша Халықаралық жарыстардың Ғылыми конкурсын (Intel International Science and Engineering Fair (бұдан әрі – Іntel ISEF)) жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) өткiзедi.


3. Ғылыми конкурстың мақсаттары мен мiндеттерi:


1) оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру;


2) ең талантты және дарынды жас зерттеушiлердi iрiктеу және оларға қолдау көрсету;


3) Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетiн қалыптастыруға ықпал ету.


4. Ғылыми конкурстың іріктеу кезеңі халықаралық қағидалардың (Intel ISEF) талаптарына сәйкес - Ғылыми Рецензиялау Комитетімен (бұдан әрі – ҒРК) өткізіледі. ҒРК – Ғылыми конкурстың әр кезеңіндегі заңдары, қаулылары және ережелері бар ғылыми жұмыстардың, сертификаттардың, ғылыми зерттеу жоспарларының, экспонаттарының бағалануына жауапты білікті мамандар тобы болып табылады.


Ғылыми конкурстың барлық деңгейлерінде ғылыми жалғандық және бұрмалауға, басқа конкурстарға бұрын-соңды ұсынылған жұмысты өз жұмысы ретінде пайдалану немесе ұсыну, жалған мәлеметтер беруге жол берілмейді.


Ғылыми конкурстың қорытынды кезеңінің қазылар алқасы Министрлікпен бекітеді.


5. ҒРК ұсынылған жұмыстарды қарайды, бағалау критерийлары бойынша қосындылап, Ғылыми конкурсты ұйымдастыру және өткізу жөніндегі республикалық ұйымдастыру комитетімен бекітілген әр жобаны рецензиялайды және қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша облыстық кезеңге, жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша республикалық кезеңге қатысушыларды анықтайды.


6. Ғылыми конкурстың қорытынды кезеңінің қазылар алқасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрімен бекітіледі.


7. Ғылыми конкурсқа:


1) аталған ғылым саласындағы фактiлер, оқиғалар, құбылыстар және бұрын танылмаған, ерекше жақтары көрсетілген;


2) мектеп тәжірибелерін жетiлдiруге, өндiрiстiк процесстердiң тиiмдiлiгiн арттыруға ықпал ететiн, практикалық міндеттерді шешуге жаңалықтар әкелетiн аппараттардың, модельдердің, құралдардың конструкциялары ұсынылған;


3) әлеуметтiк-экономикалық мәселелерді шешуге бағытталған экономикалық-заңдыққа негiзделген компьютерлiк модельдер және жобалар ұсынылады.


8. Ғылыми конкурсқа:


1) жарысқа кәмелетке толмағандар үшiн рұқсат етiлмейтiн аспаптармен жұмыстар, жануарларға қатігездік көрсетiлетiн эксперименттер, адам денсаулығы мен жануарлар үшiн зиян келтiретiн заттармен жүргізілетін жұмыстар (улы, радиоактивтiк, канцорегендік және мутагендік әсері бар зерттелмеген биологиялық белсендi қосылыстар, адам және жануарлар үшін патогенді немесе шартты патогенді заттар, микроағзалар, вирустар, iшiмдiк, никотин) жарысқа қатысуға жіберілмейді;


2) республикалық жарыстарда бұрын қаралған және қорғалған жұмыстар Ғылыми конкурсқа қатысуға жіберілмейді.


9. Зерттеу жұмыстарын рәсімдеуге қойылатын талаптар:


1) жұмыс мәтiнi компьютерде басылып мынадай құрылымнан тұруы тиіс:


титул парағы;


мазмұны;


абстракт (аннотация) қазақ немесе орыс тiлдерiнде (зерттеу жұмысының қай тiлде дайындалғанына байланысты), және ағылшын тiлiнде жазылады;


кiрiспе;


зерттеу бөлiмi;


қорытынды;


пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi;


2) титул парағында мыналар көрсетiледi:


жұмыс орындалған ұйымның толық атауы, қаласы, мектебi;


автордың (бiрiккен автордың) тегi, аты, сыныбы;


жұмыстың атауы;


жұмыстың дайындалған бағыты, секциясы;


жетекшiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты;


қаласы (жарыстың өтетiн жерi), жылы;


3) абстракт (аннотация) (250 сөзден артық емес) қамтылған жұмыстың қысқаша мазмұнын көрсетуі тиіс:


зерттеудің мақсаты;


гипотезасы;


кезеңдерi, зерттеудiң реті;


тәжірибенің әдiстемесi;


зерттеудiң жаңалығы және дербестiк дәрежесi;


жұмыстың нәтижесi және қорытындысы;


нәтижелерді практикада қолдану салалары;


4) кiрiспеде (2 беттен артық емес) мыналарар келтіріледі: таңдалған зерттеу тақырыбының өзектілігі, осы жұмыстың мақсаты (мiндетi); қойылған мiндеттердi шешу әдiсi қысқаша көрсетiледi;


5) жұмыстың зерттеу бөлiмi (20 беттен кем емес) жеке тараулардан (параграфтардан) тұрады және мыналарды қамтиды:


осы жұмысты жүргізудің қажеттiлiгiне көз жеткiзуге және оның мақсатын (мiндетiн) құрастыруға мүмкіндік беретін таңдалған тақырып бойынша белгілі нәтижелерге талдама шолу жасау;


қойылған мiндеттердi шешу әдiстерiн сипаттау;


жұмыстың нәтижелері және оларды талқылау;


суретті материалдар (сызбалар, кестелер, фотосуреттер, суреттер);


6) пайдаланылған әдебиеттерге сiлтеменi төртбұрышты жақшада беру керек. Мәтiнде кездесетiн сiлтемелердің шығуына қарай, нөмiрлеу реті болуы керек. Мәтінде кездесетін сілтемелердің шығуына қарай, нөмірлеу реті болады;


7) қорытынды (бір беттен артық емес) жұмыстың негiзгi нәтижелерi және олардың негiзiнде жасалған қорытындыларын, жұмыстың нәтижелерiн ғылыми және практикалық мақсаттарға пайдалану жөнiндегi ұсыныстарды қамтиды;


8) пайдаланылған әдебиеттер жұмыс соңында жалпы тiзiммен мынадай тәртiпте берiледi:


автордың тегi және қысқартылған аты-жөнi;


мақаланың және журналдың аты (журналдағы мақалалар үшiн);


журналдың, кiтаптың аты;


басып шығарылған орны және баспасы (кiтаптар үшiн);


басылған жылы, шығу нөмiрi, бетi;


9) әрбiр жұмыста таңдалған тақырыптың өзектілігі, автордың жұмысқа сiңiрген жеке еңбегi, жұмыстың кемшiлiктерi және нәтижелерiн әрi қарай пайдалану жөнiндегi ұсыныстары көрсетілген жетекшiнiң пiкiрi қоса берілуі керек;


10) төртiншi кезеңге (баяндамаға) 135х125 шаршы сантиметр көлемдегi стендке орналастыру үшін демонстрациялық материалдарды жасау ұсынылады.


10. Стендтi ресiмдеуге қойылатын талаптар:


стендтiң жоғарғы жағына көлденеңiнен абстрактыны, қатысушының атын, жасын, мектебiнiң, қаласының, облысының атын орналастыру қажет;


стенд материалдары жұмыстың мазмұнын сипаттайтын нөмірленген кестелер, фотосуреттер, суреттер, диаграммалар енгізіліп, қорытындылары көрсетіліп, талғаммен ресiмделеді;


мазмұнды дайындау кезiнде негiзгі назарды жоба авторының алған нәтижелерiн көрсетуге аударылады.


11. Уәкілдік мүшемен бекітілген ғылыми жетекші жұмыс нәтижелері диплом жұмыстарынан, магистрлік және кандидаттық диссертациялардан, ғылыми ұжымдардың есептерінен көшірілмеген, алынған нәтижелердің нақтылығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді. Оқушы жаңа білім мен өз бетінше зерттеу қызметінің дағдыларына ие болып, өз қолынан келетін жұмысты орындауы керек.

2. Ғылыми конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі

12. Зерттеу жұмыстарының тақырыптары "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығында (бұдан әрі – "Дарын" РҒПО) Intel ISEF-ке (Вашингтон, АҚШ қ.) тіркелінген жобаларды бекіту аффилендіру үшін тиісті жылдағы 20 қыркүйегінен кешiкпей тiркеледі.


13. Ғылыми конкурстар төрт кезеңде өткізіледі:


1) бірінші кезеңді (мектеп, аудандық) – білім бөлімдері;


2) екінші кезеңді (іріктеу алдындағы) – облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары, республикалық білім беру ұйымдары (бұдан әрі – РББҰ), "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы (бұдан әрі – "НЗМ" ДББҰ), "Республикалық физика-математика мектебі" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "РФМШ" КеАҚ) екі турда өткізеді:


бірінші тур – жобаларды қорғау;


екінші тур – осы Қағидаларға қосымшада көрсетілген жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурстары өткізілетін пәндер тізбесіне сәйкес оқыту тіліне, сыныбына сай бейіндік пәнді тереңдетіп оқыту бағдарламасы бойынша тестілеу.


Әдістемелік кеңес құрастырған тесттілер 60 сұрақтан тұрады (120 балл), оларды орындауға 2 астрономиялық сағат беріледі.


Үшінші кезеңге тестілеу балдарының жалпы санынан кемінде 50% балл жинаған іріктеу алдындағы кезеңнің екінші турына қатысушылар жіберіледі. Командалық жұмысты үшінші кезеңге жіберу үшін өту баллы жұмыс авторларының жинаған балдарының орташа арифметикалық саны болып табылады;


3) үшінші кезеңді (іріктеу) – жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша "Дарын" РҒПО және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша облыстық білім беру ұйымдары (алдын ала сараптама) өткізеді.


Ғылыми конкурстың төртінші кезеңіне ең көп балл жинаған үшінші кезеңнің жүлдегерлері жіберіледі;


4) төртінші кезең (республикалық) - Республикалық ұйымдастыру комитеті (жобаларды қорғау).


Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 15.03.2019 № 114 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


14. Ғылыми конкурстың бірінші және екінші кезеңдерін өткізу мерзімдері облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары, РББҰ, "НЗМ" ДББҰ және "РФММ" КеАҚ басшыларының бұйрығымен анықталады. Ғылыми конкурстың үшінші және төртінші кезеңдері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен айқындалған мерзімдерде өткізіледі. Ғылыми конкурс осы Қағидаларда қосымшаға сәйкес жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурстары өткізілетін пәндер тізбесі бойынша өткізіледі.

Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 15.03.2019 № 114 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


15. Ғылыми жетекшінің немесе оқушылардың ғылыми қоғамының ұсынуымен, ғылыми конкурстың бірінші кезеңіне 9-11 сынып оқушылары қатысады. Зерттеу жұмыстарын екі оқушыдан кем емес орындайды.

16. Екiншi кезеңге бiрiншi кезең жүлдегерлері қатысады, олар ғылыми жетекшiнiң пiкiрiн және ілеспе құжаттарды (өтiнiм, мектептiң есебi, зерттеу журналы) ұсынады.


17. Ғылыми конкурстың қорытынды кезеңіне қатысуға үміткер үшінші кезеңінің қорытындысы бойынша неғұрлым көп балл жинаған, Астана, Алматы қалаларының, РБҰ-ның, "НЗМ" ДББҰ (әр секция бойынша екі жобадан кем емес) жүлдегерлері.


18. Алып тасталды – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 15.03.2019 № 114 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

19. Алып тасталды – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 15.03.2019 № 114 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


20. Төртінші кезең – зерттеу жұмысын қорғау және осы Қағидалардың 8-тармағының талаптарына сәйкес рәсімделген стенд материалын ұсыну. Жұмысты қорғау кезінде авторға (біріккен авторларға) баяндама үшін 10-15 минут беріледі.
3. Конкурста жеңімпаздарды марапаттау

21. Ғылыми конкурстың облыстық кезеңінің жеңімпаздары I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталады.


22. Республикалық кезең жеңiмпаздарының саны әр секция және әр жоба бойынша Ғылыми конкурстың республикалық кезеңіне қатысушылардың жалпы санының 45 %-ын құрайды.


Ғылыми конкурстың республикалық кезеңінің жеңімпаздары І, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталады. І, II және III дәрежелі дипломдар саны мынадай үйлесімдікпен анықталады: III дәрежелі дипломдармен жеңімпаздардың 50%-ы, II дәрежелі дипломдармен 30%-ы, І дәрежелі дипломдармен 20%-ы марапатталады.


23. Егер бірнеше қатысушы жүлделі орындарды анықтау үшін қажетті төмен деңгейге сәйкес бірдей балл жинаған жағдайда, республикалық кезең жеңімпаздарының саны қазылар алқасының шешімімен көбейеді.



Жалпы білім беретін пәндер
бойынша республикалық ғылыми
жоба конкурстарын ұйымдастыру
және өткiзу қағидасына
қосымша

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет