Жаратылыстану мен дүниетану пәндерін оқыту әдістемесі



бет24/81
Дата25.06.2022
өлшемі460,97 Kb.
#37289
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   81
Ойын ''Қорек торы''
Қорек торы ұғымын қалыптастыру үшін келесі ойынды ұсынуға болады. Ойынға қатысушыға өсімдік, не жануардың суреті бар карточка беріледі де, оқушылар шеңберге тұрады және әрбір ''өсімдік'' оқушы қолына жіп шумағын алады. Қалған қатысушылардың мақсаты осы ''ағзадан'' өзі қоректенетін шумақты алу, біреуінен ғана алу міндетті емес. Ойнаушыда неғұрлым көп жіп болса, соғұрлым жақсы. Жіп шумағы ''өсімдіктерден'', ''өсімдік қоректі жануарға'' одан ''жыртқышқа'' немесе ''барлығымен қоректенетінге'' көшеді. Бірнеше рет жіпті бергеннен шеңберде жіптердің торы түзіледі. ''Жануар'' оқушының қолында әртүрлі ''өсімдіктің'' және ''өсімдік қоректі жануардың'' жіптері болуы мүмкін. Оқушылар табиғаттағы ағзалар арасындағы көптеген байланыстардың болатындығы жөнінде қорытынды жасайды.
Мұғалім дұрыс қарым-қатынас жасалмаудан кейбір ағаштардың кесіліп тасталғандығын, басқа өсімдіктердің өліп қалғандығын хабарлайды. Осы өсімдіктердің рөлін ойнаушы балалар қолдарындағы жіптерді тастайды. Байланыстар бұзыла бастайды. Бұл рөлді ойнаушы оқушылар жіпті тартады, егер жіп ұшы қолында қалса ''жануардың'' өлгені, оқушы ойыннан шығады. Жануар әртүрлі өсімдіктермен қоректене алады, ''жануар'' - қатысушыда басқа жіптер болуы мүмкін. Ойын қашан жіп шумағы ''өсімдік'' қолында қалғанға дейін сақталады. Соңғы өсімдік ''өлгеннен'' кейін тізбек бұзылып, қатысушылар ойыннан шығады. Біртіндеп барлық ''жануарлар'' өледі. Ойын сонында оқушылар өсімдіктердің тірі ағзалар тіршілігіндегі маңызы жөнінде қорытынды жасап, қорек тізбегінің қорек торынан қандай айырмашылығы бар екендігін анықтайды.
Экологиялық лото ойыны. ''Өсімдіктер өсетін орта мен ондағы жағдайлардың алуан түрлілігі'' тақырыбында табиғатта өзін- өзі ұстай алу ережесін оқушылар қандай дәрежеде білетіндігін тексеру үшін, білмесе үйрету бағытында немесе білімдерін бекіту үшін лото ойынын ұсынуға болады. Оны бүкіл класпен ойнауға болады, немесе екі-екіден ойнатуға болады. Ойынау арқылы оқушылар ережелермен танысады, немесе оларды қайталайды ( см сызбасы)
3 класс, ''Өсімдіктер әлемі адамның қамқорлығына мұқтаж'' тақырыбында ''Қызыл кітап'', ''Дәрі- дәрмектік өсімдіктер'' лото ойынын ұсынуға болады. Мұнда оқушылар дәрі- дәрмектік және Қызыл кітапқа енген өсімдіктер суреттерін көріп, олардың атауларын қайталап, естерінде сақтайды. Бұл ойында атауларды екі тілде де келтіріп, пән аралық байланысты жүзеге асыруға болады. (үлгісі келтірілді )
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет