Жаратылыстану мен дүниетану пәндерін оқыту әдістемесі



бет32/81
Дата25.06.2022
өлшемі460,97 Kb.
#37289
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   81
Тапсырмалар:

  1. Алғашқы табиғат ұғымдарына мысалдар келтіру.

  2. Жай және күрделі табиғат ұғымдарына мысалдар келтіріп, олардың келтірілген топтардың мысалы екендігін дәлелдеу.

  3. Биологиялық және географиялық ұғымдарға мысал келтіру (кластар бойынша).

  4. ''Өсімдіктер мен жануарлардың табиғи мекен жайлары'' (4 класс) тақырыбы бойынша жаңа және бұрын оқылған ұғымдарды бөліп көрсету.

  5. Ұғымдарды қалыптастыру жолдарына мысалдар келтіру.



Дүниетану ұғымдары мен түсініктерін қалыптастыру. Тест тапсырмалары

  1. Түсінік балалардың санасында туады:

А. жаттап алған анықтама түрінде
В. көрнекі бейнелер түрінде, нақты сипатта.
С. абстрактылы бейне түрінде
Д. Нақты сипаты болмайды, күңгірт елестету түрінде
Е.Көмескі бейне түрінде, біраз уақыттан кейін өшіп қалады

  1. Түсініктер қалыптасады:

А. оқулықтағы материалды оқу арқылы
В. бақылау, тәжірибе, салыстыру, көнекіліктер арқылы
С. мұғалімнің әңгімесі арқылы Д. жолдастарымен пікірлесуде
Е .көрнекіліктер, тәжірибе, бақылау және мұғалімнің баяндауы .

  1. Жалпы географиялық ұғым қайсысы:

а) Ертіс, Зайсан, қала, тау ә) қала, тау, мұхит, өзен.
б) Мұхит, өзен, Семей, Алтай тауы
в) Қалба жоталары,төбелер ,көл, қала
4.Қайсысы жеке географиялық ұғымдар?
А. Оңтүстік Америка, қала,Үнді мұхиты В. Азия, Өскемен, Марқакөл.
С. Солтүстік мұзды мұхиты, теңіз Д. Теңіз, көл,өзен, тау, төбе, шың
5.Биологиялық туыс ұғымы:
А. қоян, шырша, жолжелкен, шегіртке
В. сүтқоректі, балық, құс С. қасқыр, қосмекенді, жорғалаушы
Д. жапырақты ағаш, гүлді өсімдік, қайың
Е. Жолбарыс, мысық, мәлін, қарақал.
6. Биологиялық түр ұғымдары:
А. қылқан жапырақты ағаш, шегіртке
В.Балқарағай, майқарағай, сағызқарағай.
С. балық, сона, итмұрын, жорғалаушы
Д. инелік, жолжелкен, үй жануарлары
Е. Балық, қосмекенді, жорғалаушы, сүтқоректі
7. Ұғымның мазмұнын дәл алуды атайды:
А. сөздік В. анықтама. С. шартты белгі Д. Балама сөз Е. баяндау


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет