Жас ғалымдар жаршысы Вестник молодых ученых



Pdf көрінісі
бет37/154
Дата06.10.2023
өлшемі1,79 Mb.
#113072
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   154
Байланысты:
Жас ғалымдар жаршысы Вестник молодых ученых Messenger of young scientist

 
Əдебиеттер 
1 Қожабаев К.Ғ. Математиканы оқыту əдістері. – Алматы: Санат, 1998.
 
2 Елубаев С.Е. Қазақтың байырғы қара есептері. – Алматы: Қазақстан, 1996. 
3 Калегин Ю.М., Оганесян В.А. Есеп шығаруды үйрен. – Алматы: Мектеп, 
1996. 
4 «Математика жəне физика» журналы. – 2005-2009. 
5 Қырық қазына. – Алматы: Мектеп, 1987. 
НҰРЖІГІТ Нұрдəулет, 
№86 мектептің 4 сынып оқушысы, Шалхия кенті, 
Жаңақорған ауданы, Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: ОМАРОВА Əлимаш, 
№86 мектептің бастауыш сынып мұғалімі, Шалхия кенті, 
Жаңақорған ауданы, Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы 
 
МЕН ЖƏНЕ ТАБИҒАТ 
 
Табиғат – айналамызды қоршап тұрған əлем. Табиғат адамзатқа қажетті бар 
байлықтың қайнар көзі. Біздің халқымыз ежелден өз жерінің табиғатын аялай 
қорғап, обал мен сауапты, адал мен арамды ажырата білген аталарымыз бен 
əжелеріміз жеміс ағаштарын кесіп сындырмаған, көк шөпті орынсыз таптамаған. 
Тұмсығы тесік құстардың, буаз аңдардың бəрін табиғат перзенті деп өніп-өсуіне 
қиянат жасамаған. 
Ел шетіне жау тиіп, үдере көшкенде, шаңырағына қарлығаш ұя салып, балапан 
басып шығарып жатқандықтан, Төле би бабамыз үйін жыға алмай жұртта қалыпты 
деген сөз бар. Табиғатқа адам əрекетінің əсері ерекше. Өзінің шаруашылық мақсаты 
үшін қолында қуатты техникасы бар адам өсімдіктер мен жануарлар əлеміне елеулі 
өзгерістер жасайды. Егін салу үшін ормандар мен тоғайларды өртейді, кеседі. 
Адам – табиғаттың ажырамас бір бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» 
деген егіз ұғым қалыптасқан. «Жер шоқтығы – Көкшетау», «Жер жаннаты – Жетісу» 
деп бабаларымыз туған жерге табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген. Адам 
мен табиғат – егіз ұғым. Адамсыз табиғат, табиғатсыз адам өмір сүруі мүмкін емес. 
«Таза болса табиғат, аман болар адамзат», - деп ақынымыз Ф. Оңғарсынова 


№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
 
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
34
айтқандай, қоршаған ортаның, табиғаттың неғұрлым таза болуы – адамзат 
денсаулығының мықты болуының кепілі. Яғни адамдардың амандығы, көтеріңкі 
көңіл-күй мен ерекше шабытта, күш-қуатта болуы табиғат тазалығымен тікелей 
байланысты. Табиғаттың ластануы адам денсаулығына, өсімдіктердің өсуіне, 
жануарлардың тіршілік етуіне зиянын тигізеді. Ал табиғатты сақтау, қорғау, 
болашақ жастарымыздың, яғни біздің қолымызда. 
Табиғат бізге өмір сыйлайды, одан қажетімізше қорек аламыз. Егер табиғаттың 
бір бөлігі бұзылса, онда табиғи тепе-теңдік бұзылады да, кері процесс жүреді. 
Қазақстанның табиғаты мейлінше алуан түрлі. Ел аумағының 10/1 бөлігін таулар 
алып жатыр. Қазақстанның батыс бөлігі мидай жазық болып келсе, шығыс жағы 
таулы қыратты болып келеді. Таулардың халыққа берер игілігі мол. Қазақстандағы 
өсімдіктердің жалпы түрлері 6 мыңнан астам. Өзен-көлдерде балықтардың 107 түрі 
өсіп-өніп жатса, далалар мен ормандағы жабайы аңдардың түрі 178-ге жетеді. 
Туған жер табиғаты – ұлттық мақтанышым. Сондықтан оны аялап, қорғауға, 
оның байлығын еселеп арттыруға, үлес қосу менің де азаматтық борышым. Біз 
айналадағы ортаны, ауаны, суды, топырақты ластанудан үнемі қорғап отыруымыз 
керек. Бір кездегі кемерінен асып жатқан көк теңіз – Арал қайда? Балықшылар мен 
бақташылардың шөлін басып, сол аймақтағы тіршілікті сақтап келген теңіз адам 
қолынан су алып кетті. Арал теңізінің құрғап қалған түбінің ауданы – 40 шаршы 
шақырымға дейін жетті. Тартылып қалған теңіз түбінен жыл сайын 50-ден 240 млн-
ға дейін тұз бен топырақ жел мен ауаға тарап жатады. Осының əсерінен облыс 
тұрғындарының арасында түрлі ісік аурулары көбейді. Сөйтіп, Арал теңізінің 
тағдыры, адам тағдырларына əсер етті. 
Ал бүгін аралдықтар тіршілігі жанданды. Елбасы Н.Ə. Назарбаевтың тікелей 
бастамасымен аймақта Бүкілдүниежүзілік банк қолдауымен Сырдария өзенінің 
арнасын реттеу жəне Солтүстік Арал теңізін сақтап қалу (САРАТС) жобасы 
басталды. Арал теңізіне су құйыла бастаған соң экологиялық ахуал айтарлықтай 
жақсарды. Тұрғындардың ата кəсібі балық шаруашылығы қайтадан өркен жайды. 
Сылдырап аққан көл де, толқыны күшті өзен де, адамның қажетіне жұмсалады. 
Астана мен Көкшетау қалаларының арасында атақты Бурабай көлі жатыр. Есіл, Іле, 
Балқаш, Ертіс, Зайсан, Жайық, Сырдария, Теңіз көлі, Алакөл көлдері мен 
өзендерінің əрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Іле өзенінің жағасында «Əнші 
құм» орын тепкен. Өзенде түрлі балықтар болады. Өзендер қалаларды, өндірісті 
кейбір егістік алқаптарды сумен қамтамасыз етеді. Жайық өзенінің ең үлкен 
байлығы – бекіре балығы улдырық шашады. 
Өсімдіктер – бізді қоршап тұрған жасыл əлем. Өсімдіктер барлық жерде 
кездеседі. Өсімдік жер бетінің ажарын аша түсетін, сəнін келтіретін жасыл əлем. 
Өсімдік – денсаулыққа қажетті дəрі-дəрмек қоймасы. Өсімдік – адам ағзасына нəр 
беретін дəруменнің көзі. 
Жаңақорғанның табиғаты сұлу, көз жауын алар, ауасы таза, шұрайлы елді 
мекені – Шалқия деуге болады. Себебі, Қаратаудың етегінде орналасқан ауылымның 
ауасы өте таза, жанға жайлы, қойнауында кен байлығы бар. Ауылымның кең жазира 
даласында емдік қасиеті бар: атқұлақ, итсигек, шашыратқы, жалбыз, адыраспан 
сияқты киелі шөптер өседі. 
Адыраспан, ол – улы өсімдік. Дəрілік шикізат ретінде шілде айында 
бұтақшаларын, жапырағы мен гүлін жинап алады. Халық емшілері адыраспанды 
адамның құяңын, сегізкөздің жүйке ауруын емдеуге пайдаланған. Мал-дəрігерлік 
тəжірибеде оның тұнбасымен малдың қышыма қотырын, түрлі тері ауруларын 
емдейді. 


№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
 
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
35
Жалбыз. Ерін гүлділер тұқымдасы, хош иісті, көп жылдық, кейде бір жылдық 
шөптесін өсімдік. Жалбыздың жапырағында ментол бар. Бұл өсімдіктен жасалатын 
дəрілер жүрек, өт жолдарын емдеуге шипалы. Ол жағымды иіс беретін əрі 
антисептикалық зат ретінде сұйық дəрілердің, тіс тазалығыш ұнтақтардың құрамына 
кіреді. 
Шашыратқы биіктігі 1,5 метрге жететін өсімдік. Гүлдері көгілдір түсті, 
жапырақтарының арасында екі-үштен орналасқан. Шілде, қыркүйек айларында 
гүлдейді. 
Көршілес Құттықожа елді мекенінде қасиетті бұлақ бар. Бұлақтың суы 
көптеген ауруларға шипа. Зерттеулерге сүйенсек, Шалқияның ауасы Көкшетаудың 
ауасымен бірдей. Өкпесі ауыратын адамдарға шипа болады. Қазіргі уақытта 
экологиялық мəселе жер бетінің əрбір тұрғынын қамтуға тиісті бүкілхалықтық 
мəселеге айналып отыр. 
Қоршаған ортаны қорғау мен оның байлығын тиімді пайдалану Қазақстан 
Республикасының Конституциясынан орын алды. Жас баланы тəрбиелеуде ата-
бабаларымыз: «Өркенің өссін!», - деп ризашылығын білдірген. Бұл сөздің үлкен 
тəрбиелік мəні бар. Өркен деген – бүршігі, жапырағы бар өсімдіктің сабағы. 
Өсімдіктердің тұқымынан өскен бұтағының бүршік жарып, үлкен өсімдікке 
айналатыны сияқты, «Бала-шағаң көбейіп, үрім-бұтағың өміріңді жалғастыра 
берсін!» - дегенге меңзейді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет