№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
29
Болжам:
«Қазақ математикасы есептерін»
күнделікті сабақтарда көп қолданса,
мектеп математикасының маңызы кеңейе түсер еді.
Зерттеудің кезеңдері:
зерттеу материалдарын жинақтау; есептердің
шешімдерін табу; зерттеудің нəтижелерін қорытындылау.
Зерттеудің материалдарын жинақтау барысында математикадан түрлі есеп
жинақтары, мерзімді баспасөздерде жарияланып тұратын ежелгі есептер сараланды.
Зерттеулердің екінші кезеңінде жинақталған математикалық есептердің ішінен
зерттеуге қажетті мəліметтер сұрыпталды. Сұрыпталған есептердің шешімдері
табылды. Зерттеу нəтижелері қағаз бетіне түсірілді.
Зерттеудің барысында жинақтау,
салыстыру, талдау жəне синтез тəрізді зерттеу əдістері пайдаланылады.
Зерттеудің
жаңалығы:
зерттеу
жұмысында
бұрын-соңды
ғылыми
əдебиеттерде кездеспеген
қызықты логикалық есептер, қазақтың есептері талдау,
жасау арқылы сұрыпталып алынған.
Негізгі бөлім.
Қазақ халқының математикалық білімінің қолданыс жағы
басымдау. Ол осынысымен құнды. Осылай десек те, қазақтың білімінің тамыры
терең. Олар қазіргі тілмен алғанда санаудың əртүрлі жүйесін, мəселен, үштік, ондық,
тоғыздық пайдаланған. Тоғыздық жүйе ешбір халықта кездеспейді. Есептері бір, екі,
үш, көп белгісізді теңдеулер мен олардың жүйелеріне, арифметикалық жəне
геометриялық
прогрессияларға, Бернулли санына, Диофант теңдеуіне, графтар
əдісіне, теңсіздіктер шешуге, жабулар теориясына, орналастыруларға т.т. келтіріледі.
Жəне де бұл есептерді қазіргі есептеу құралдарымен де шешуге болады. Қазақтың
мұра бөлу есебі Симплекс əдісіне келсе, абжад есебі тек шығыс халқына тəн
ерекшелік.
Қазақ педагогикасының математикалық астарлары да түрліше.
Олар біресе
жұмбақ, біресе өлең, біресе қара сөз, біресе ілмек, біресе дұзақ,
біресе ұйқас табу,
біресе мақалдап сөйлеу, біресе ұсақ заттармен өнер көрсету, біресе сиқырлы ой айту,
біресе тұрмыс заттарын жасау түрінде кездеседі. Осыдан да қазақ халқының
математикалық білім бастауы – жасаған ер-тұрман əбзелдерінде, құрылыс
сəулеттерінде, тартқан домбырасында, асыраған малында,
еккен егінінде, зергерлік
бұйымдарында, тоқыған алашасы мен кілемінде, қысқартып айтқанда күн көрісінде.
Қазақтың өзі бірде елгезек, ақ көңіл, ойындағысын айтып қоятын, аузында сөз
тұрмайтын, сөзін қысқа, ойын нұсқа айтатын халық. Кең даласын шашау шығармай
қорғай білген жауынгер, көлденең көк аттыны күтіп алатын дархан болғанымен,
оның тұрмыс тіршілігін, салты мен дінін, тəрбие-тəлімін білмейтіндерге, есептерінің
бəрі құшағын айқара ашып, қарсы ала бермейді. Халық есебінің бір ерекшелігі осы.
Адамгершілік тəлімі тəлкекке түсіп, көмескіленіп, тəрбие мəселесі
енді-енді ғана
қолға алына бастағанына көп уақыт болған жоқ. Ата-бабамыздың ғасырлық
тəжірибесін еске түсіру, оны басшылыққа алу, ретін келтіріп, орайына қарай
пайдалану бізге мəртебе.
Тəрбие – сан қырлы.
Ата-тегіңнің табысын айту, халқыңның дəстүрін сақтау,
оны өз заманыңның қағидаларымен шендестіру тəрбиенің бір көзі болып табылады.
Есеп аттары мен түйіндеулеріне зер салсақ, мұны айқын байқауға болады. «Ескісіз
жаңа болмайды» есебінде «есепсіз дана болмайды» түйіндеуі айтылса, «Үнді шайы»
есебінде: «Бұта түбі кеуегі, Кеуегінде көжегі», - деп есепті шешуге болатындығына,
əрі ол өзіңе таныс нəрседен басталады дегенге тіреледі.
Есептердің
біразы
ертегі
ретінде
кездеседі.
Халық
ертегілерінің
жамандықтардан жиіркендіріп, жақсылықтың кісіні рухтандырудағы сиқырлы күшін
күшін, тайға таңба басқандай сусыз ен даладағы сара, бірақ ирелең жол екендігін
бала шағынан біледі. Осыдан да болар, қазақ тəрбиені бесігінен бастайды.
Бесігі
№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
30
түзелмей, есігі түзелмейтінін түсінген халық «Баланы – жастан»,- деп мəтелдейді.
Ауыздан-ауызға тараған есептердің енді бір бөлігі – қулықтар. «Бүк пе, ішік пе?»,
«Тазша дұзағы», «Секірмелі сақина» тəрізді қулық əрекеттерін қолма-қол табылатын
заттармен орындауға болады. Қулық сыры біз ойлағандай аса күрделі емес. Ол ойда
қалдыруға оңай. Оның жауабын естігенде немесе көргенде «Əттеген-ай» деп
қаласың. Қулық көзі – қарапайымдылық пен ілім. Ілімін білсең – ін қазасың.
Ертедегі қара танымайтын адамның малын, астығын, дүние-мүлкін санау,
өлшеу жөніндегі қилы-қилы қиын есептері халқымыздың ғасырлар бойғы тұрмыс-
тіршілігімен үндес, өмір танымымен өзектес келеді. Əр дəуірдің зерек ойлы, зерделі
адамдары табиғат пен өмір құбылыстарын бақылай отырып, сан алуан сауалды
ойлардың түйінін бейнелі де орамды тілмен жеткізген жəне
олардың арасындағы
қатаң логикалық байланысқа сүйеніп, небір күрделі есептердің күрмеуін шеше
білген.
Достарыңызбен бөлісу: