№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
33
қызығылушылығымды арттырып,
оқулықтарды пайдалана отырып, ізденуімнің
арқасында өзімнің білімімді толықтырдым. Тұрмыстағы математика есептері –
халық өмірінің, əдеп-ғұрыптарының, салт-дəстүрлерінің ежелгі көрінісі.
Қорыта
келгенде, менің жүргізілген зерттеулерім математика ғылымының
түпсіз терең, құпиясы мол əлем екенін дəлелдей түседі.
Дана халқымыз өзінің бай,
тағылымға толы мұрасы арқылы ұрпағына адамдыққа толы тəрбие бере білген. Оны
ежелден келе жатқан көне есептерден көріп отырмыз. Бұл тақырып əлі де толығырақ
зерттеулерді қажет етеді деп ойлаймын. Қазіргі заман математика ғылымының өте
кең, жан-жақты тараған кезеңі. Ал талапқа сай математикалық білімімді көтеру үшін
оқушылардың əрқайсысының үлкен ізденісте жүруі шарт,
яғни ғылыми жобамды
басқа оқушылар керегіне қолданады деп ойлаймын. Қазіргі таңдағы қоғамның
дамуының негізгі факторы – білім, ғылым жəне демографиялық, саяси тұрақтылық.
Олай болса, дəуір қанша құбылғанымен, біздің жас болашағымыздың жақсы болуы
білім-ілімсіз жүзеге асуы мүмкін емес.
Достарыңызбен бөлісу: