Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет208/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   248
МЕКТЕПТЕ АЙМАҚ ТАНУ
Жаңа мектептің əдісі де, мазмұны да жаңа. Жаңа мазмұн 
жаңа пырағырамды іске асыру мен болады. Жаңа пырағырам 
негізі – аймақ тануға құрылған. 
Аймақ тану ұйымдары бар. Мəселен, Қазақстанда «Қазақ-
станды зерттейтін ұйым» бар. Бұл ұйымдағы шекірттер емес, 
білім  иелсі  адамдар,  көбісі  бір  ғылымның  басын  ұстаған 
оқымыс, иə маман. Бұл ұйым мектеп емес. Ғылым ұйымы. 
Бұлар  аймақты  ғылым  қарауылынан  зерттейді.  Мұндай 
ұйымдар одақтың əр жерінде де бар.
Мектептегі балаларда аймақты зерттейді. Бірақ, мектеп-
тегі аймақ тану мен ғылым жағынан аймақ танудың айырма-
шылығы  бар.  Бізге  бұл  жерде  керегі  мектепте  аймақ  тану 
мəселесі. – Аймақ тану жайында əдебиет аз. Бəрінің бір жер-
ге  қойған  əлі  қорытуы  жоқ.  Мектепте  аймақ  тану  туралы 
əдебиет  онан  да  гөрі  аз.  Аймақ  тану  деген  не?  Нені  қалай 
үйретеді? Өз алдына  бір пəн бе? Болмаса педагогикенің бір 
тəрбие беретін əдісі ме? Бұл жайлы əлі бір қорыту жоқ. Бұл 
бізден мəдениеті көш ілгері елдер ішіндегі күй. Қазақстанда 
мектепте аймақ тану туралы еш кім қалам үшін түрткен жоқ 
десек болады. Біз білерде «Таң» жорналында ғана бұл мəселе 
жайында  жалғыз  ғана  қысқаша  мақала  болды.  Кезектегі 
мақсат – қалың мұғалімдерді аймақ танудың мақсаты мен, 
мазмұны  мен,  əдісі  мен  таныстыру.  Мəселе  əлі  бір  арнаға 
салынбаған  соң,  бұл  туралы  əр  кім  тəжірибасын,  білгенін, 
ойын майданға салуы керек. Бұл мəселе туралы түрлі пікірлер 
болуға  мүмкін.  Біз  бұл  мақалада  тек  өз  түсінуімізше,  мек-
тепте  аймақ  тану  деген  не  екенін  баяндамақпыз.  Мектепте 
аймақ  тану  деген  дəл  мынау  деп  бұл  кезде  еш  кім  де  айта 
алмайды. Бұл пəкір алысу мен шешілетін мəселе.
Тек анық нəрсе мынау – Густің комплекс прағырамы аймақ 
тану  негізіне  құрылған,  бір;  аймақ  тану  толқыны  Ресейдің 
қалың мектебін басып келеді, екі. Рас, аймақ тануды əр жерде 
əр түрлі түсінулерде бар, біреу олай, біреу бұлай жүргізуде 
бар. Бірақ аймақ тану қалайда болса Ресей мектебіне сіңіп 
барады. Қазақстанда аймақ танудың мектебіміз мықтаса тек 
атын  естиді,  болмаса  ол  да  жоқ.  Жаңа  мектеп  орнатамыз, 
жаңа пырағырам жүргіземіз десек, бұл мəселе мен жете та-
ныспай  тағы  болмайды.  Аймақ  тануды  дұрыс  жүргізбеген 
жерде, біздіңше, жаңа мектеп жоқ.
Алды мен «Аймақ тану» деген сөз не екенін қарастыралық. 
Біз аймақты орыстың «Кырай» деген сөзінің орнына алдық. 
Елінің тұрмысына, шаруашылығына, табиғатына қарай бүтін 
Ресейді аудан-ауданға бөлі деген мəселе бар. Орыс педагоктері 
«Кырай» ды осы госплан ауданына сəйкес деп қарайды, бұл 
туралы  да  көп  талас  бар.  Бірақ  бліз  осы  ойға  қосыламыз 
(кей  бір  жазушыларымыз  «Кырай»  ды  «Өлке»  деп  аудара-
ды. Кырайға өлке алына қалса, онда біз сөзге таласпаймыз, 
«Өлке тану» дей саламыз). Кей біреулер аймақ тануды – бол-
сын, үйезін, иə гүбірнасын, тануды дейді, қысқасы ел билеу 
шегіне байланыстырады. Бұл ойға біз қосылмаймыз. Үйткені 
аймақ тануды ел билеу шегіне сəйкес келеді десек. Бұрынғы 
«Отан тану», «Туған жерін тану» дегендерге оқсатқан бола-
мыз. Төңкерістен бұрынғы мектептерде де туған «Ауылын 
таныту», тұрған қаласының бөлімдері мен, айналасы мен та-
ныстырулар» бар еді. Мұндайды «Туған жерін тану» деуші 
еді. «Отан  тану»  деп  бүтін  тұрған  мемлекетінің,  көбінесе 
жағырапиясын  білгізуді  айтушы  еді.  Біз  түсінуімізше,  бұл 
күнгі мектептегі «Аймақ тану» отан тануға да, туған жерін 
тануға да ұқсамайды. Туған жерін тану, отан тану дегендер 
көбінесе көрнекі сабақ үшін ұсталатын шара еді. Кітаптағы 


570
571
нəрсені  түсіндіру  үшін,  көрнекі  қылу  үшін  ұсталатын  еді. 
Бұл күнгі аймақ тану мақсаты ол емес. Бұл күнгі аймақ тану 
ниеті – айналаны біліп, адам пайдасына жарату үшін өңдей, 
өзгерте білу.
Аймақ тануды мəдениет тану деп де қарамаймыз. Бұрын 
мынадай  ағым  бар  еді:  мəдениет  дамыған  сайын,  барлық 
жұртқа  ортақ  болып  барады;  қайда  көрсең  де  телегырам-
телегырам,  электрк-электрк,  шайтан  арба-шайтан  арба,  от 
арба-от  арб,  арасында  айырмашылық  жоқ;  олардың  құла-
ғында еш кімнің салған ені жоқ; мəдениетке қойылған шек 
жоқ; қолдан шек салуға келмейді; отан мəдениеті мен дүние 
мəдениетінің шегі жойылып барады; арасы байланысып ба-
рады;  сондықтан  балаға  мəдениет  байланысын,  бұған  əсер 
беретін табиғат заңдарын қарастыру керек, дейтін ағым бар 
еді. Мұны отан тауды мəдениет тануға айналдыру деуші еді. 
Бұл да бұл күнгі аймақ тануға жатпайды.
Отан тануды оқуды көрнекі қылу үшін ғана керек қылып 
жүргізу аймақ тануға үйлеспейтінін жоғарыда айттық.
Бұл  күнде  мектепте  аймақ  тану  жайлы  мықты  екі  ағым 
бар десек болады: бірі аймақ тануды өз алдына бір пəн деп 
қарайды; екінші ағым аймақ тану өз алдына бөлек пəн емес, 
тек педагогике əдісі деп қарайды. Бірақ, еш қайсысы да ай-
мақ тану керек емес демейді.
Аймақ  тануды  өз  алдына  пəн  сықылды  қарайтын  ағым-
ның бір басты адамы былай дейді: «Аймақ тану – жағыра-
пияның бір бөлімі; мұны мықты ұғыну керек; бұл ойымыз 
дұрыстығына  иманымыз  толық» (Буданып).  Бірақ,  бұлар 
бұл  күнгі  жағырапияны  бұлай  түсінеді: «Жағырапия  деп 
бір  жердегі  тіршіліктің  сүгіретін  бұлжытпай  түсіруді  ай-
тады;  бірақ,  жағырапия  тіршілікті,  тұрмысты,  құбылысты, 
істі  көрсетіп  қоймайды:  бұлардың  заңын,  араларындағы 
байланысын табады. «Қысқасы жағырапия» «Ландшап» ты 
зерттейді.  Жағырапияшылдар  тілінде  «Ландшап»  деп  бір 
біріне əсері бар, жана бір талай орнақы жер үстіндегі нəрселер 
мен  құбылыстарды  айтады,  сүйтіп,  бұл  ағым  түсінуінше, 
аймақ  тану – «Ландшап»  ты  зерттейтін  жағырапия.  Ланд-
шап – табиғат  ауданына  қарай  болады;  болыс  иə  үйез,  иə 
гүбірне шегіне үйлеспейді. Олай болса, аймақ тануда ел би-
леу шегіне сəйкес келмейді. Бұл ағым табиғат пен адам ара-
сына, адам кесібіне, адам еңбегіне өте-мөте зейін салатыны 
өз өзінен анық.
Екінші ағым – аймақ тану өз алдына ғылым емес, тек тəр-
бие əдісі дейді. Бұлар айтуынша, бір нəрсені адам білгенде, 
тек  білім  үшін  емес,  оны  пайдаға  жарату  үшін,  өңдеу 
үшін біледі. Аймақ тану - əр істі, əр құбылысты жергілікті 
табиғатқа,  кесіпке,  тұрмысқа,  тарихқа  салыстырып  біледі. 
Өзіне  қадала  қарағанда  тіршілікті  түсіруге  болады.  Тесіле 
қарағанда  жергілікті  шаруашылық  айқындалады.  Балалар 
білмегенін  біледі.  Балалар  зерттеуге,  байқауға,  бір  нəрсені 
табуға  үйренеді.  Сондықтан  аймақ  тану  өз  алдына  ғылым 
емес,  білу  əдісі,  зерттеу  əдісі  деседі. «Аймақ  тану – ойлау 
құралы, қоғамшыл тəрбие құралы. Бұл жағынан аймақ тану өз 
алдына пəн емес, тек əдіс» (Мұзышенко). Осылай қарағанда 
аймақ  тану  дегеніміз,  қазақша  айтсақ,  көген.  Бұл  көгенге 
жағырапияда,  тарихта,  табиғат  ғылымы  да,  шаруашылық 
ғылымы да, қоғам тануда, -бəрі де көгенделеді. Аймақ тану 
- өз алдына ғылым емес, көп ғылымның басын біріктіретін 
желім болып шығады. Бұл ағым да күшті кесіп жағына салу 
керек дейді. Бірақ, тұрмыс жүзінде бұл ағым бастықтары іс 
жүргізгенде, əзір салмақты қоғам тану жағына салыңқырап 
келеді. Бұлардың тəжірибасын оқып көрсек, бір қатары қоғам 
тануға  ғана  салынып  кеткенін  өздері  де  байқамай  қалады. 
Мысал  Ленинград  мектептері.  Ленинград  мектептерінің 
тəжірибасын, ісінің пыланын қарасақ кыл қоғам тану болып 
сала береді. Бұл, жаңа іс. Əрине олай бұрылу істің жаңалы-
ғынан да болар.
Біздің  соңғы  ағым  дұрыс  па  деп  ойлаймыз.  Аймақтың 
табиғатын, кесбін, қоғам тұрмысын білу керек. Мұның бəрі 
түрлі  ғылымның  басын  құрайды,  бірақ  бір  ғылым  болып 
шыға  алмайды.  Аймақ  тану – комплекс  жүргізудің  негізі. 
Үйренудің, білудің əдісі.
Енді аймақтың осы күнгі күйін танып қою керек пе, өткенін 
де  білу  керек  пе?  Деген  сұрау  туады.  Əңгіме  осы  күнгіні 
білуде.  Бірақ,  оны  білу  үшін  өткенді  де  қарастырмай  бол-


572
573
майды. «Кешегісіз бүгін жоқ» деп V жолдас айтқан кеб. Бұл 
туралы талас жоқ десек болады. Соны мен аймақ танығанда 
тарих сібір айдалып кетпейді. Тарих төрде отырып басы да 
жемейді. Тарих бүгінгі түсінуге қызметші болады. Өткенді 
біліп,  бүгінгіні  түсінгенде,  келешекті  де  топшылауға  бола-
ды. Сондықтан аймақ тану келешекке де көз салады.
Өткеннің де, бүгіннің де тарауы көп. Нені желі қыламыз, 
неге  салмақ  саламыз?  Бұл  күнде  аймақты  кесіп  жағынан 
қарастыру  керек  деген  ой  күшейіп  келеді.  Кесіпке  табиғат 
пен қоғам тұрмысының əсері күшті. Олай болса аймақ тану 
жүзінде табиғат ғылымы, қоғам ғылымдары төрден орын ала-
ды. «Мектептегі аймақ танудың жұлыны – ескінің белгілері 
де емес, үйдің сұлулығы да емес. Елдің ертегі, мақал-тақпағы 
сияқтыларда  емес.  Аймақ  танудың  жұлыны – адам  кесібі, 
кесіпті ұластыру жағы» дейді Густың мұғалімдерге жазған 
қатында.
Тағы бір сөз – қаладағы мектептеріміз пырағырамын ай-
мақ тану негізіне құрған болып жатыр. Аймақ деп біреулері 
бүтін Қазақстанды, айтады. Біреулері үйезін иə гүбірнесін ай-
тады. Біздіңше, қазақ мектебінде аймақ деп бүтін Қазақстан-
ды айту керек. Оның себебі мынау: Қазақстанның табиғаты 
Ресейдің басқа жерінен өзгеше. Ол табиғат əсерінен елінің 
кесібі,  тұрмысы  да  өзгеше.  Сондықтан  Қазақстан  өз  алды-
на  аудан,  аймақ.  Мұнан  əрине,  ауыл,  болыс,  үйез,  гүбірне 
зерттелмесін  деген  шықпайды,  Қазақстан  аймақ  болып  иə 
4-нші, 5-нші жылы өз алдына қарастырылсын деген шығады. 
Ленинграттың  көп  мектептері  «Аймақты»  өткен  жылдары 
5-нші жылы өтті. Бізгеде аймақты 5-нші жылы өткен дұрыс 
болар еді.
Өткен жылы білім ордасы Орынбордағы кей бір мектеп-
терге  аймақ  тану  ды  қосты.  Сонда  əлгі  мектептер  «Аймақ 
тану» деп пырағырамына Қазақстан табиғатынан 10-шақты 
ауыз сөз жазып қойды. Оны əрине білім ордасы түзеттірді. 
Айтайын  дегенім:  Мұнан  аймақ  тану  болып  жарымайды. 
Қазақстан табиғаты, кесібі, қоғам тұрмысы барлық пырағы-
рамды көктей өтсе, кез келген жерден Қазақстан иісі шығып 
тұрса ғана аймақ тану болады.
Келімсек мұғалім емес, жергілікті мұғалім ғана аймақ та-
нуды  жүргізе  алатыны  жоғарғы  мисалдан  көрінеді.  Жергі-
лікті мұғалім деп, тұрған жері туралы түк білмейтін адамды 
айтпаймыз;  тұрған  жерін  жақсы  білетін,  білуге  тырысатын 
мұғалімді айтамыз.
Аймақ тану соны нəрсе. Мұғалімге жат нəрсе. Сондықтан 
мектептер  істі  дұрыс  жүргізу  үшін  жергілікті  аймақ  тану 
ұйымдары мен ұдай араласып тұруы керек; олар тəжірибесі 
мен, білігі мен пайдаланып тұру керек. Мектеп ғылым мен, 
тұрмыс  пен  қоян  қолтық  араласқанда  ғана  «Аймақ  тану» 
жөнге түседі.
Мұны  мен  місе  тұтбай,  жақын  тұрған  мұғалімдар,  мек-
тептер  «Аймақ  тану»  ұйымдарын  ашып,  тұрған  жерлерін 
зерттеулері керек.
«Аймақ тану» жөнге қойылмай, жаңа мектеп күшейуі қиын.
Бұл ойымыз мұрсындей түзу, еш бір қисығы жоқ деген кө-
ңіл бізде жоқ. Жаңылысымыз көптігін мойынға аламыз. Бі-
рақ, пікір алысып, əңгіме шешілсін деп ойымызды жаздық.
Əдебиет:  аймақ  тану  туралы  əдебиет  аздығының  үстіне 
жорналдарға жазылып бытырап кеткен. Қазақ тілінде тіпті 
жоқ. Орыс тілінде бөлек жазылған, алуға оңайырақ, мəселені 
жалпы қарайтын мына кітаптарды көрсетеміз:
«Аймақты  қалай  зерттеу  керек», – Сабетов,  Кузнетсов 
деген пырапессұрлер басқарып шығарған жиынды. Нарқы 1 
сом 50 тиін. «Мектепте  аймақ  тану  мəселесі»,-  пырапесұр 
Буданов,  Симонов  дегендер  басқарып  шығарған  жиынды. 
Нарқы 1 сом 10 тиін. «Густың мұғалімдерге жазған хаты» – 
бұл  пырағырам  ішінде  бірге  шыққан.  Пеноменвтің  «Туған 
жерді зерттеу», «Ауыл тұрмысын мектепте қалай зерттейді», 
«Бұл  күнгі  ауыл»  деген  кітапшалары  Збакинсептің  «Мек-
тепте отан тану жəне жергілікті материял» деген кітапшасы. 
Кустың «Біздің болыс» деген əдіс қаты. Кілетноптың «Туған 
жерді зерттеу» деген кітабы. «Аймақ тану мəселесі» – деген 
бағданып басқарып шығарған кітап.
Қазақстанды  тану  үшін  орыс  тілінде  мына  кітаптарды 
көрсетеміз. «Қазақ  аймағы» («Ресей»  деген  кітаптардың 
18- нші томы). «Түркістан» сол кітаптардың 19 томы. Бұлар 


574
575
мұнан 22 жыл  бұрын  шыққан.  Сипырлары  іскірген.  Бірақ, 
аймақ тануға ең мықты құрал əлі де болса осылар. Пырапесұр 
Клинке  «Қазақстан  топырағы».  Пырапессұр  Крашенни-
ков  «Қазақстан  өсімдігі»,  Мекейіп  «Қазақстан  ауасы»  Гос-
план  «Қазақстанды  аудандау  материалдары»  Қазақстанды 
зерттеуші  қоғамның  шығарған  VІ  томды  кітабы. «Кеңесті 
Қазақстан»  жорналы.  Қазақстан  мен  бұрынғы  Түркістан 
есеп мекемелерінің шығарған кітаптары; «Азия картасының 
атласы» – бұрын Переселен мекемесінің бастырған атласы. 
Қазақстан үкіметінің сиездерде қылған баяндамалары.
Бұл  тізім  толық  емес,  жазушы  тек  қазақ  институтында 
сабақ бергенде қолданған кітаптарын көрсетеді.
Телжан


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет