Жазба жұмыстары және оның түрлері


«5» деген баға қатесі жоқ немесе орфографиялық жеңіл бір қатеге немесе тыныс белгісінен жеңіл бір қатесі болса қойылады. «4»



бет18/35
Дата28.02.2023
өлшемі347 Kb.
#70506
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   35
«5» деген баға қатесі жоқ немесе орфографиялық жеңіл бір қатеге немесе тыныс белгісінен жеңіл бір қатесі болса қойылады.
«4» деген баға үш тыныс белгіден, үш емледен, немесе екі тыныс белгіден, екі емледен болса қойылады.
«3» деген баға алты тыныс белгіден, алты емледен, немесе сегіз тыныс белгіден, үш емледен болса қойылады.
«2» деген баға бес тыныс белгіден, тоғыз емледен, немесе тоғыз тыныс белгіден, сегіз емледен болса қойылады [6, 98].
Сондай-ақ диктанттармен қосымша өткізілетін бақылау тапсырмаларына екі баға қойылады, бірі – диктантқа, екіншісі грамматикалық тапсырмаларға қойылады. Фонетикалық, грамматикалық, лексикалық, орфографиялық, орфоэпиялық және пунктуациялық қосымша тапсырмаларды бағалауға мынадай өлшемдер басшылыққа алынуы қажет:
«5» деген баға толық дұрыс орындалған тапсырмаға қойылады.
«4» деген баға тапсырманың 75% -ті орындалса,
«3» деген баға тапсырманың 50%-ті орындалса,
«2» деген баға тапсырманың 50%-ке жетпесе қойылады.
Диктант жазғанда кейбір оқушылар ілесіп жаза алмай, қайталап сұрай береді, уақытты алады. Сондықтан ондай оқушыларға 7-8 сөйлемнен құралған шағын диктанттар тиімді болып саналады.
«Есте сақтау» диктанттарда мұғалім сөйлемді бір-ақ рет (ұзақ сөйлем болса екі рет) оқиды. Дереу оқи сала «жазыңдар» дейді. Ондағы мақсаты – оқушыларды сақтыққа, естігенді есте сақтауға, айтқанды ұғып тыңдауға және жылдамдыққа баулу. Егер сынып жаза алмаса, есіне сақтап қалған оқушыға қайталаттырады. Сөйтіп, үйренеді.
Диктант тексерудің де түрлі жолдары бар. Сыныпта жазу сауаттылығына қарай топтайды.

  1. «Сенімділер тобы» үнемі «4» пен «5»-ке жазатындар.

  2. «Әрқалай» «4», кейде «3»-ке жазатындар.

  3. «Қателер».

  4. «Шимайлар» тобы. Шимайлап, түзеп, бұзып, былғап жазатындар кіреді.

Әр топтың аты-жөндері, жіберетін қателері жазылатын арнайы дәптер жүргізеді. Мынадай сызба пайда болады:



Ң,н

И,й

Ы,і

Ұ,ү

Қос дауыссыз.

Тасымал

Тыныс белгісі.

Жазуы нашар.

























Тұстарына оқушының аты-жөні жазылады. Диктантты жазу үстінде оқушы қателерін мұғалім ескертіп отырады.


Мектеп оқушыларының білімін бағалау үшін оқу жылының басы мен соңында және әрбір тоқсанда өткізілетін диктанттардың сөз саны шамамен мынадай нормаларда белгіленуі тиіс:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет