Жазба жұмыстары және оның түрлері


Қазақ тілінен бақылау жұмысының үлгілері



бет20/35
Дата28.02.2023
өлшемі347 Kb.
#70506
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35
Қазақ тілінен бақылау жұмысының үлгілері

Бақылау жұмысы №1


Тақырыбы: Ұлпан ауылы
Бақылау жұмысының мақсаты:
1. Мәтіннің мазмұнын дұрыс түсініп, орфографиялық, пунктуациялық ережелерге сәйкес сауатты жазу машықтарын байқау.
2. Деңгейлік тапсырмаларды орындау барысында лингвистикалық материалды жүйелі меңгеру және қолдана білу дәрежесін анықтау.
3. Шығармашылық тапсырма арқылы тіл мен әдебиеттен алған білімдерін байланыстырып, қорытынды жасай білу машықтарын тексеру.


Ұлпан ауылы
Ертеңіне бүкіл Сыбан ауылдары Ұлпанның көшіне ілесе, жайлауға тұтас көшті. Бұлары Ұлпанға көрсеткен қошемет еді.
Балалар бейберекет жарысып, қай көштің тұсында, қай бала озып келе жатса, сол көштен «бәйге» сұрайды. Жүкті арбаның үстінде келе жатқан әйел бір уыс құрт, бауырсақ шашып қалады. Балалар аттан түсе қалып, шашылған бауырсақпен құртты таласып-тармасып ауыздарына тығып жібереді де, тағы да бейберекет шаба жөнеледі. Бұл басы да, аяғы да жоқ бәйге жұрт жайлауға жетіп жүгін түсіргенше сөзыла береді.
(70 сөз) Ғ. Мүсірепов «Ұлпан».


Тапсырма
І нұсқа.
1. Бірінші сөйлемді мүшелеріне қарай талдап, мағыналық, құрамдық түрін көрсет.
2. «Ұлпанға көрсеткен қошемет» тіркесіне морфологиялық талдау жаса.
3. Мәтіннен синоним, антоним, омоним сөздерді теріп ал.


ІІ нұсқа
1. Екінші сөйлемді сөйлем мүшелеріне қарай талдап, мағыналық, құрамдық түрін көрсет.
2. «Жүкті арбаның үстінде» тіркесіне морфологиялық талдау жаса.
3. «Бәйге» сөзінің мағынасын түсіндір.


ІІІ нұсқа
«Ұлттық дәстүріміздің бірі- шешендік өнер» тақырыбында ой толға.


Бақылау жұмысы №2
Тақырыбы: Күз (диктант-жатжазу).
Бақылау жұмысының мақсаты: Негізгі курс бойынша қазақ тілінен оқушылардың міндетті деңгейдегі білім-білік деңгейлерін зерттеу.


І нұсқа
1. Топтың алдыңғы қатарында Абай, Көкбай, Шұбар- үшеуі өзгелерден озыңқырап, оқшау әңгімелесіп барады.
1-тапсырма: Синтаксистік талдау


ІІ нұсқа
1. Қара жел қуған қаңбақ кең жазықта көп бұлыңдап, тынымсыз кезіп, жосып өтеді.
1-тапсырма. Синтаксистік талдау


2-тапсырма. Мәтіннің стилін анықта, дәлелде.


3-тапсырма. Жүрістің ертелік мазасыздығына қарамай, күн райының мұңды, сұрқай көңілсіздігіне қарамай, ортадағы жастар тобы үнемі дабырлап, сөйлесіп, әзілдесіп күліп келе жатыр. ( 151 сөз. М.Әуезов «Абай жолы»).

Қатысқандар:15 оқушы


1 - «5/5» (?????????????????????????)


2 - «5/4» (????????????????????????????)
1 - «4/5» ( ?????????????)
6- «4/4» (??????????????????????????????????????????????).
4 - «4/3» (??????????????????????????????????????????????)
1 - «3/4» (??????????????????).

Үлгірімі- 100 %.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет