Жазба жұмыстары және оның түрлері


ІV сынып үшін – 80 -100 сөз



бет19/35
Дата28.02.2023
өлшемі347 Kb.
#70506
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   35
ІV сынып үшін – 80 -100 сөз.
V сынып үшін -100 –110 сөз.
VІ сынып үшін – 110 -120 сөз.
VІІ сынып үшін – 120 –140 сөз.
VІІІ сынып үшін – 140 -160 сөз.
ІХ сынып үшін – 170 -180 сөз.
Х сынып үшін - 190 - 200 сөз.
ХІ сынып үшін – 200– 210 сөз.

Осы диктант мәтінінде әрбір өтілген ережеге байланысты кем дегенде екі-үш орфографиялық және тыныс белгілерінің объектілері болуға тиіс. Сондықтан бір диктант құрамында ұшырасатын орфографиялық және тыныс белгілерінің объектілері төмендегідей нормалардан аспауға тиіс:


ІV сынып үшін әр түрлі орфограмма саны 12, тыныс белгісі 2-3-тен аспау керек.
V сынып үшін әр түрлі орфограмма саны 12, тыныс белгісі 3-4-тен аспау керек.
VІ сынып үшін әр түрлі орфограмма саны 20, тыныс белгісі 4-5-тен аспау керек.
VІІ сынып үшін әр түрлі орфограмма саны 24, тыныс белгісі 5-7-тен аспау керек.
VІІІ сынып үшін әр түрлі орфограмма саны 25, тыныс белгісі 7-10-нан аспау керек.
Қазақ тілі бойынша жазба жұмысына бөлінетін сағаттар бағдарламалық тақырыптардан да, тіл дамытудан да, қайталанудан да алынады. Оқу жылы басында өткенді қайталау есебімен сынып оқушыларының сауаттылық дәрежесін анықтау үшін бір сағат және әр тоқсан соңында бір сағат бақылау жұмыстары алынады. Ал бұдан басқа уақыттағы алған жазба жұмыстар үйрету мақсатын көздейді. Жазба жұмыстарын талдауға арнайы сағаттар бөлінеді. Әр сыныптағы жазба, жаттығу, үйрету және бақылау жұмыстарының саны төмендегі мөлшерде белгіленеді:
ІV сынып – сегіз диктант, төрт мазмұндама, екі сынып және екі үй шығармалары.
V сынып – сегіз диктант, төрт мазмұндама, үш сынып және бір үй шығармалары.
VІ сынып – алты диктант, үш мазмұндама, екі сынып және екі үй шығармалары.
VІІ сынып – бес диктант, екі мазмұндама, екі сынып және үш үй шығармалары.
VІІІ сынып – бес диктант, үш сынып және үш үй шығармалары.
ІХ сынып – төрт диктант, төрт сынып және үш үй шығармалары.
Х сынып – үш диктант, төрт сынып және үш үй шығармалары.
ХІ сынып – екі диктант, үш сынып және екі үй шығармалары [7, 111].


Диктант және тіл ұстарту
Кейбір ғалымдарымыз диктант жаздыруды тіл ұстарту жұмыстарымен ұштастырып жүр. Тіл ұстарту жұмыстарымен диктант жаздыруды қалай байланыстыруға болады? Тіл сабағында бұл екеуінің де өзіндік орны, ерекшелігі бар екендігі белгілі.
Диктант жаздырғанда біз белгілі бір тақырыпты аламыз, ол «Диктанттар жинағынан» алынады. Сөз санының шектеліп берілуіне байланысты мәтін түсініксіздеу болуы да мүмкін, әйтсе де, бала белгілі бір нәрседен қысқаша мағлұмат алады. Қазақ тіліндегі грамматикалық ереже, морфология, лексика, фонетика бөлімдерінің де өз талаптары бар. Жалпы қазақ тілі курсы бойынша жазылатын диктант жұмыстарының мұғалім алдына қоятын өз шарты бар. Одан ауытқымаған жөн деп жүрміз.
Диктант жаздыру оқушылардың сауаттылығын арттырып қана қоймай, олардың білім дәрежесін сынау екені де белгілі. Дегенмен де, біз бір жақты жұмыс істеп жүрміз бе деген ой да туындайды. Диктант жазғызу жұмысын біз неге тіл ұстарту жұмысымен байланыстырмаймыз? Мысалы, Абай өмірінен мәлімет бере отырып, ортаңғы сыныптарда Абайдың табиғат лирикасын өттік дейік, Абай шығармашылығын өткенде оның әлеуметтік жағдайы, халқына деген ыстық ықласымен қоса анасы Ұлжан, әкесі Құнанбай, әжесі Зере және бауырлар мен балалары туралы да айта кетсек артық болмайды. Ал, қазақ тілі мен тіл ұстарту сабақтарында осы ойды жалғастыра отырып, бірнеше тақырыпта диктанттар жаздыртса, жүйелі жұмыс, байланыс бола ма деп ойлаймыз. Мысалы: «Абайдың мінез-машықтары», «Құнанбай Өскенбаев», «Абайдың сүйікті ұлы - Әбіш». Тағы бір мысал, Мұхтар Мағауиннің «Доңыз жылғы балалық» жинағынан «Тассудан өткен қашқындар» атты әңгімесінен «Тассу бұлағы», «Қашқындар» атты мәтін, «Қант пен ірімшік» әңгімесінен «Ақ ірімшік» атты бір мәтін алған болатынбыз. Грамматикалық талап өз алдына, осы екі әңгімедегі қазақ халқының басынан өткен қиыншылық, кеңес өкіметінің орнаған кезіндегі халқымыздың нәубеттік өмірі туралы терең ой бала санасына, түсінігіне өте жеңіл, ұғынықты оқылады. Осы мәтіндерді диктант негізінде жазғыздық. Ол сонымен ғана қалуға тиіс пе? Мұғалім диктант жаздырғаннан кейін осы әңгімелермен оқушыларды кең көлемде таныстырса дұрыс болар еді.
Әр сыныпта тіл ұстартуға берілген сағат саны жетерлік. Тіл ұстарту сабақтарында не істейміз деп жүрген мұғалімдер де жоқ емес. Міне, тыңдағанда құлағыңның құрышын қандыратын, ал бала үшін оқуға жеңіл болып қана қоймай, халқымыздың өткен тарихының нағыз шындығын айтатын, ой тастайтын әңгімелерді оқуға жетелеу жолы осы емес пе? Әңгімені тіл ұстарту сабақтарында оқыту, оның идеясын ашу, мазмұнын ашу – еліміздің өткен тарихындағы «тар жол, тайғақ кешуін» ұғындыру, әңгіменің мазмұнын айтқыза отырып тілдік қорын табу болып табылады. Баланың ойын селт еткізер нәрсемен оның санасын халқының ұлылығы туралы ұғымды сіңіру, санасын ұштау, ұлтына деген сүйіспеншілік сезімін ояту деген сөз бұл. Сондықтан да «Тассудан өткен қашқындар» әңгімесін оқушы бар ынтасымен оқып, жақсы мен жамандықты айыруды, халқының дархандығын осындай сабақтарда ұғындыру қажет. Тіл ұстарту мен диктант жаздыру сабақтарының байланысы, бір жүйелілігі қазіргі уақытта «ақты – ақ, қараны – қара» деп жазып жүрген ақын-жазушыларымыздың шығармашылығына терең бойлай алуына бастайтыны сөзсіз.
Мұхтар Мағауиннің шығармашылығын өткен кезде осы жұмыстардың әсері мол екені анық. Міне, пәндердің өзара байланысы, үндестігі, тіл ұстарту жұмыстарының жүйелігі де осында. Диктант жаздыруды осылайша тіл дамыту жұмыстарымен ұштастырған орынды. Әңгімені оқуды диктант жаздырумен сабақтастырудың тиімді жолдарының бірі – осы.
Барлық сыныптарда, барлық кезеңдерде диктант жаздыруда осы бір ізден ауытқымаған жөн деген пікір бар. Әрине, әр мұғалім тіл дамыту жұмысын өз білім дәрежесіне, іздемпаздығына қарай бағдарламаға сүйене отырып жүргізеді. Бірақ тіл дамыту мен диктант сабақтарын байланыстыру өз нәтижесін берері анық. Мысалы: Ана туралы диктант жазылған соң оқушыларға өз бетімен орындауға мынадай жұмыстар тапсыруға болады:

  • ана туралы әңгімелерді оқу;

  • өлеңдер жаттау, мақал–мәтел, нақыл сөздер жинау, оны оқу;

  • ана туралы айтылған ұлы адамдардың сөздерін дәптерлеріне жаздыру;

  • тіл ұстарту сабақтарында осы тақырыпқа әңгіме құру;

  • қысқа шығарма жазғызу.

Қазақ балаларының ауызекі сөйлеуі жатық емес, қанағаттандырмайды. Оқушының әдеби тілмен айшықтап, мақалдап сөйлеуі, теңеулер келтіріп, өз ойын анық, өз дәрежесінде жеткізуі жоқтың қасы. Баланың тілдік қоры нашар дамыған. Ойы мен сөзінің арасында алшақтық басым. Сөзінің іркілушілігі, тоқыраушылығы, мүкістенушілігі, біріншіден, логикалық ұлттық ұстанымның қалыптаспауынан болса, екіншіден, тіл қорының қордаланбауынан деп білу қажет. Оқушыға суырылып сөйлеу тұрмақ, қара дүрсін әңгімелеудің өзі бір алынбас қамалдай. Көңіліндегі небір жақсы ойды айтуға келгенде берекесі қашып, сәні болмай, еңсесі түсіп, білгенін айта алмау қазақ баласына тән қасиет болып барады. Оның ұлттық психологиялық астарларын да, қазіргі замана тауқыметімен біртұтас қарастырған жөн. Сондықтан да, баланың тілдік қорын дамытуда жан-жақты еңбектену қажет.
Қорыта айтқанда, диктант өз алдына басы бірікпейтін нәрсе сияқты көрінеді. Бір жүйеге түсірсек, оқыту да, тіл дамыту да, әдебиет пен қазақ тіліне деген құрмет пен қызығушылық та арта түспесе кемімейді. Ұрпақ тілі – біздің болашағымыз екенін ұмытпайық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет