1-тапсырма. Тұйық етістіктерді қатыстыра отырып , климаттық өзгерістерді мәтін құрылымын (кіріспе бөлім, жалпы мәлімет беру, детальді мәлімет беру) сақтай отырып, графиктік мәтін (шартты белгі, сурет, сызба) түрінде берілген процесті сипаттап жазыңдар.
Казгидромет орталығының ауа райы болжамы туралы.
Үлгі:
Диаграммада наурыз айының басында ҚР өңірлеріндегі ауа – райы көрсеткіштері берілген.
Қазақстанның оңтүстік өңірінде қарлы жаңбыр жауса, Жетісайда сіркіреген жаңбыр жауады. Жамбылда күн ашық.
Шығыс Өскемен де күн ашық болса, Семей де күн ала бұлтты. Солтүстік өңірлер Көкшетау, Петропавл да күн бұлтты болса Астанада күн ашық +2 градусты көрсетіп тұр.
атыс өңірлерде күн ашық және температура + 9, + 12 градусқа дейін көтеріледі.
Жалпы Қазақстанның барлық өңіріндегі ауа райлары жайлы, аң аулап, құсбегілікпен айналысуларыңызға саяхатқа шығып, таза ауада демалуға өте қолайлы.
1-топ.Мәтіннің кіріспе бөлімін жазыңдар.
2-топ. Ауа райы туралы жалпы мәлімет беріңдер. Негізгі бөлімін жазыңдар
3- топ. Детальді мәлімет беріңдер. Бір өлкеге кеңірек тоқтаңдар.