Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған бастауыш білім беру деңгейінің 2-4 сыныптары үшін


-тарау. «Орыс тілі»пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері



бет2/6
Дата06.01.2022
өлшемі80,2 Kb.
#16040
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
2-тарау. «Орыс тілі»пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері
13. Орыс тілін арнайы мектепте қазақ тілінде оқытудың үлкен білімдік

маңызы бар және Қазақстан Республикасындағы ұлтаралық қарым-қатынастың маңызды құралы болып табылады..

14. «Орыс тілі» пәнін оқыту ықпал етеді:

1) ауызша және жазбаша сөйлеу коммуникативтік дағдыларын дамытады;

2) байланыстырып сөйлеуін дамытады (диалог, монолог, әңгіме);

3) саналы, мәнерлеп оқуын дамыту;

4) жалпыадамзаттық құндылықтарын қалыптастырады.

15. «Орыс тілі» пәні бағдарламасы білім алушылардың коммуникативтік, дүниетанымдық дағдылар негізін қалыптастыруға, түрлі ақпараттық


қарым-қатынас саласында қолжетімді деңгейде пайдалануға мүмкіндік береді (әлеуметтік, көркем, ғылыми-көпшілік).

16. Бағдарлама мазмұны білім алушылардың салт-дәстүрмен танысуына көмектеседі, басқалармен толерантты қарым-қатынасын тәрбиелейді, жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсінігін қалыптастырады.

17. Орыс тілін білу арқылы білім алушылардың қоршаған ортада, әлеуметтік-тұрмыстық іс-әрекетте, оқудағы жағдаяттық-сөйлесім тәртібіне табысты бейімделуге көмектеседі

18. Орыс тілін білім алушыларға ұлттық арнайы мектепте оқытудың мақсаты - коммуникация құралы ретінде орыс тілінің қарапайым элементтерімен орыс тілінде тілдік қарым-қатынас жасауын қалыптастыру.

19. Орыс тілін оқу тиімді болу үшін барлық кешенді тапсырмаларды көрсету :

1) білім алушылардың жалпы дамуы мен тәрбиелік мақсаттары:

орыс тілі сабағында білім алушылардың интернационалдық сезімін тәрбиелеу ;

білім алушылардың ой-өрісін кеңейту, сабақта негізгі ұғымдармен және жаңа сөздерді үйрету құбылыстарымен таныстыру;

білім алушылардың танымдық, есте сақтау, зейінін, сөйлеу әсерін, тілдік құбылыстарға байқағыштық қабілеттерін дамыту;

тілдік сөйлеу белсенділігін, тілдік өзін-өзі бақылау дағдыларын дамыту;

қоршаған ортаның және педагогтің сөзін түсіну дағдысын дамыту;

орыс тілінде сөйлеу, жазу, оқу дағдыларын дамыту;

2) білім алушылардың орыс тілі фонетикасының негіздерін оқуда барлық дыбыстарды дұрыс айтуын қалыптастыру:

барлық дыбыстарды дұрыс айтуын қалыптастыру;

орыс тілінде жеке тұрғанда және сөз құрамының ішінде болғанда;

жіңішке-жуан, дауысты-дауыссыз дыбыстар ұғымын түсіну және айту барысында айыра білу;

ана тілінде жоқ барлық дыбыстарды дұрыс айтуын қалыптастыру;

3) білім алушылардың орыс тілі лексикасы негіздерін оқуда іске асырылатын міндеттер:

білім алушылардың сөздік минимумінде қарастырылған орыс лексикасы қорын құру;

мағынасы мен белгілеріне қарай топтастыра отырып, білім алушыларды жаңа сөздермен таныстыру, (тақырыпқа сәйкес);

көрнекі құралдарды барынша пайдалана отырып жаңа сөздердің мағынасын ашу;

барлық сөздерді дұрыс айтуына қол жеткізу;

4) білім алушылардың орыс тілі грамматики негіздері мен дұрыс жазуы іске асырылатын міндеттер:

білім алушыларды орыс тілінің грамматикалық құбылыстарымен таныстыру;

білім алушыларды көптеген пәндерді ажырата білуге, зат есімнің жалғауларын қолдану ережелерін үйрету;

зат есімнің грамматикалық түрлерін білуін қалыптастыру;

зат есімнің түрлерін анықтағанда жалғауларға сүйенуді үйрену;

білім алушыларды сын есімді зат есіммен септіктер, түрлері арқылы, байланыстыруды үйрету;

білім алушыларды етістіктің жалғауларын шақ пен жағына қарамастан өзгертуді үйрету;

септік формаларындағы жалғаулықтарды дұрыс қолдануды үйрету;

сөзжасамның және түрлі құрылымдағы сөйлем құраудың дағдыларын меңгеру;

5) байланыстырып сөйлеу міндеттерін қалыптастыру:

диалогтік, монологтік сөйлеуді дамыту;

білім алушылардың жағдаяттарды жазу үшін күрделілігі түрлі деңгейдегі фразаларды өз бетінше құрастыру (өтінім, сипаттау);

өз ойын байланыстырып жеткізе алуды үйрету;

білім алушыларды оқылған тілдік материалдарды шығармашылықпен пайдалануды үйрету .

20. Арнайы мектептің бастауыш сатысында аталған пәнді оқыту тұрмыстық жағдаятта қарым –қатынас жасаудың қарапайым дағдыларын меңгеруді үйрету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет