Жеке физиология Студенттерге арналған әдістемелік оқу құралы Алматы, 2013 ж


-жұмыс. Адамның есте сақтау қабілетін (зердесін) зерттеу



бет98/102
Дата26.09.2022
өлшемі9,25 Mb.
#40326
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   102
Байланысты:
2. Жеке физиология

4-жұмыс. Адамның есте сақтау қабілетін (зердесін) зерттеу

а) мағынасы жағынан байланысы жоқ мәліметтерді есте сақтау




Жұмысты орындау: Зерттелуші адамға белгілі бір рет санымен 20 сөзді есіне сақтап қалу ұсынылады. Сол сөздерді жаттап алуға 40 секунд уақыт беріледі. Содан кейін сыналушы адам сол сөздерді есіне түсіріп, реттік номерлерімен бірге қағазға жазып қояды. Есте сақтау қабілеті мына формула бойынша есептеп шығарылады:
Дұрыс айтылған сөздердің саны × 100%
20

б) ретімен орналасқан сандарды есте сақтау




Жұмысты орындау: Сыналатын адамға реттік нөмірлері бойынша 20 санды 40 секунд ішінде есте сақтау ұсынылады да жауаптары жазылады. Сандар\ды есте сақтау қабілеті мына формула бойынша есептеледі:
Дұрыс айтылған сандардың саны × 100%
20

в) адамның бет әлпетін, тегін, есімін есте сақтау




Жұмысты орындау: Зерттелуші адамға астына аты-жөні жазылған 10 кісінің суреті 30 секунд бойы көрсетіледі. Содаң соң олардың аты-жөнін өшіріп тастап, орындарын ауыстырып сол суреттерді тағы да көрсетеді. Жауап берілгеннен кейін жазылмаған есімдер аталады. Суретті көрісімен аты-жөні (тегі, есімі) дұрыс айтылса, жауап дұрыс деп саналады. Есте сақтау тиімділігі мына формула бйынша есептеледі:


Дұрыс айтылған есімдердің саны× 100%
10


5-жұмыс. Мағыналы және механикалық ұғымдарды есте сақтау қабілетін зерттеу

Тәжірибе жасау үшін екі қатар жұп сөздер керек. Бірінші қатардағы сөздердің маңызы жағынан өзара байланысы бар, ал екінші қатардағы сөздерде ондай байланыс жоқ..


Мысалы:
1 қатар: 2 қатар:

  1. қуыршақ – ойын 1. қоңыз - кресло

  2. тауық – жұмыртқа 2. компас - желім

  3. қайшы – кесу 3. комбайн – тақия

т.б. т.б.


Жұмысты орындау: Зерттеуші адам зерттелуші адамға бірінші қатардан 15 жұп сөз оқып береді (бір жұптағы екі сөздің арасында 5 секунд үзіліс жасалады). 10 с. өтісімен қатардың сол жағындағы сөздер ғана оқылады (сөздердің арасында 10 секунд). Зерттелуші адам бір жұп сөздің екінші сөзін есіне түсіріп, оң жақтағы сөздерді айтады да, қағазға жазып қояды.
Екінші қатардағы маңызы жағынан байланысы жоқ сөздермен де осындай тәжірибе жасалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет